2 – курс педагогикалық мамандықтарға арналғАН


-апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 17.04. – 22.04. 2023ж



бет27/33
Дата14.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#113909
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33
13-апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 17.04. – 22.04. 2023ж.



    1. Мінез ұғымы, анықтамасы.



Темперамент қасиеттеріндегі көптүрлілік даралық ерекшеліктер кешенін тұтастай сипаттай алмайды. Адамдар арасындағы айырмашылықтардың көптүрлілігі соншалық, олар өмірдің барлық қырларынан көрінеді. Адамдар тек сырт бейнесімен ғана емес, күллі психикалық құрылымымен, яғни басқа адамдар мен зеттаға қатысты әрекет-қылық мәнерімен, қарым-қатынасқа түсу тәсілдерімен ерешеленеді. Әр адамның психикасы мен тұлғасына қайталанбастық тән. Бұл адамның даралығын көрсетеді. Мінез – даралықтың негізгі құраушы бөлігі.


Мінез туралы алғашқы ғылыми түсініктер ерте заманнан келеді, ол әр адамның өзіндік адамгершілік қасиеттерінің мен ойларының боларын сипаттаған Аристотельдің есімімен байланысты. Оның шәкірті, ежелгі грек философы Теофраст (б.э.д. 372-287) адами ерекшеліктерді жүйелеп, оның 30 қасиетін көрсеткен, мысалы: сайқал, жасапмаз, сөзшең, т.б. Теофраст өзінің «Этические характеры» тракты арқылы ғылымға «мінез» (грек. Сharacter – қасиет, сапа) терминін енгізген. Кейіннен, француз жазушысы Ж. Лабрюйер (1645-1696) ұзақ уақыт бойында зиялы қауымның қылықтарын бақылай келе, мінездің мыңнан аса типтік қасиеттірін сипаттаған. Психологияның басты мақсаты тұлға мен мінезді зерттеу деп есептеген А.Ф. Лазурский (1874-1917) мінездің мәнін, құрылымын, типтерін және дамуын қарастыратын психология ғылымының бір саласы – мінезнаманы жасады.


Бүгінгі күні мінез тұлғаның тұтастай көрінісі ретінде, зерттеу пәні адамдар арасындағы даралық ерекшеліктер болыпп табылатын, дифференциалды психологияда қарастырылады. Мінез дегеніміз адамның белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі.

    1. Мінезді диагностикалауға арналған әдістемелер.



Психодиагностиканың әдістерінің жіктелуі


Психодиагностиканың әдістерінің жіктелуі практик психологқа өз жұмысын атқаруда белгілі бір әдістемелерді таңдауға көмектеседі. Сондықтан бұндай жіктелу әдістердің байланысын бейнелеуі керек.


Психодиагностикада әдістемелер жиынтығы – әдістер деп аталады. Әдістеме практикалық міндеттерді шешуге арналып, белгіленген қасиеттерді анықтауға бағытталса, әдіс технологиялық тәсілдер мен процедуралардың жүргізілуімен сипатталады.
Осы орайда, әдістердің өзін бірнеше критерилер бойынша сипаттауға болады:



  1. Әдіс – оқыту, зерттеу, үйрету жолы, тәсілі;




  1. Әдіс – табиғат заңдылықтары мен құбылыстарын , қоғамды жалпы танымды зерттеу;



  1. Әдіс – танымда және практикада белгілі нәтижеге жетудің тәсілі



Әдістемелердің операционалды жіктелуі


Әдістемелердің жіктелуі «обьективтілік-субьективтілік» деген өлшемдерге негізделеді. Обьективті әдістер жағдайында психолог-диагностың нәтижеге әсері шамалы болады. Ал, субьективті әдістер нәтижесінде керісінше психолог-диагностың тәжірибесінен және интуициясына байланысты. Обьективті және субьективті әдістерді жүргізу барысында орындаушыдан әр түрлі технологиялық операцияларды орындау талап етіледі. Сондықтан да бұл жіктелу «операциональды» деп аталады.


Обьективті және субьективті әдістемелер арасында айтарлықтай айырмашылықтар болмайды.Жаңашыл психологиядағы психодиагностикалық әдістер өздерінің сапасы бойынша екі үлкен топқа бөлінеді:


Психодиагностикалық әдістер:


Формализацияның жоғары деңгейлі әдістері


Аз формализденген әдістер



  1. Бақылау






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет