2-КУРС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРҒА АРНАЛҒАН ОҚУ ПРАКТИКАСЫН ӨТКІЗУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Мақсаты: білім беру мекемесіндегі оқу процесінің психологиялық тұрғыда қамтамасыз етілуін бекіту, теориялық оқыту нәтижесінде меңгерген білім, білік, дағдыларды студенттердің тәжірибе барысында қолдану қабілетін қалыптастыру.
Міндеттері: 1. Студенттерде педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық бейнесін қалыптастыру;
2. Студенттерге білім беру процесінде жетістікке жету барысында қажетті психологиялық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
3. Сабақты психологиялық талдау қабілетін қалыптастыру және дамыту;
4. Білім беру процесінде оқушылар пен мұғалімдерге деген этикалық қарым-қатынасты және болашақ мұғалімнің кәсіби-маңызды сапаларын қалыптастыру.
ОҚУ ПРАКТИКАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
2-курс педагогикалық мамандықтарға арналған оқу практикасы (психологиялық қамтамасыз ету) университеттегі оқу процесімен қатар, үздіксіз түрде 15 апта көлемінде ұйымдастырылады.
Оқу практикасының негізгі мазмұны: Оқу практикасының мақсаты мен міндеттерімен танысу;
Оқу практикасының барысында 15 аптаға белгіленген тапсырмаларды орындау және әр аптаның соңында есеп беру;
Психолог-әдіскермен әр аптада кеңес беруге қатысу;
5. Психологиялық әдістемелерді қолдану арқылы сыныпқа және оқушыға психологиялық-педагогикалық мінездеме құрастыруды үйрену.
Оқу практикасының ұзақтығы – 15 апта. Өткізілу мерзімі – 23.01. 2023ж – 06.05.2023ж. Практиканың бірінші күнінен бастап студент өз жұмысының күнделігін жүргізуге міндетті, кейін оның материалдары есеп беру кезінде қолданылады.