2 – курс педагогикалық мамандықтарға арналғАН


Студент-практиканттың құқықтары мен міндеттері



бет3/25
Дата03.05.2023
өлшемі127,38 Kb.
#89595
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Студент-практиканттың құқықтары мен міндеттері

Студенттер оқу практикасында (психологиялық қамтамасыз ету) келесі құқықтарға ие:



  • оқу практикасының барысында туындаған барлық мәселелер бойынша әдіскер-психологтан кеңес алуға;

  • оқу практикасының ұйымдастырылуын толық жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

  • бағыт беретін және қорытынды конференция жұмысына қатысуға.

  • психология пәндерінен ғылыми реферат, баяндама дайындау мақсатында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес тапсырмаларды орындауға;

  • оқу практикасының барысында жұмыстың барлық кезеңдерін көрсететін күнделіктің болуына;

  • оқу практикасы бойынша есеп беру құжаттарды психолог-әдіскерге уақытылы ұсынуға;

Белгілі себептермен оқу практикасының бағдарламасын орындамаған студенттер үшін институт Кеңесінің шешімі бойынша ұзартылуы немесе екінші рет практиканы өткізуіне мүмкіндік берілуі мүмкін. Студент бос уақытында екінші рет оқу практикасына жіберіледі.
Жоғары оқу орнынан жарғысында көзделген тәртіпке байланысты оқу практикасына себепсіз қатыспаған, тапсырманы дұрыс орындамаған студент немесе академиялық қарызы болған жағдайда оқу орнынан шығарылуы мүмкін.


ОҚУ ПРАКТИКАСЫНЫҢ ӨТУ ТӘРТІБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ


Психологиядан әдіскер бағыт беру конференциясын өткізеді. Оның негізгі мақсаты – оқу практикасы барысында жүргізілетін жұмысты өткізудің тәртібін, мазмұнын, міндеттерін анықтау.
Оқу практикасы бойынша бағыт беру конференциясы онлайн форматында жүргізіледі.
Оқу практикасының өту кестесі:
1-апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 23.01. – 28.01.2023ж.

  1. Оқу практикасының мақсаты, міндеттері, ережелері мен қойылатын талаптары туралы сипаттаңыз.

Мақсаты: білім беру мекемесіндегі оқу процесінің психологиялық тұрғыда қамтамасыз етілуін бекіту, теориялық оқыту нәтижесінде меңгерген білім, білік, дағдыларды студенттердің тәжірибе барысында қолдану қабілетін қалыптастыру.
Міндеттері:
- Студенттердің педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық бейнесін қалыптастыру;
- Студенттерге білім беру процесінде жетістікке жету барысында қажетті психологиялық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
- Сабақты психологиялық талдау қабілетін қалыптастыру және дамыту;
- Білім беру процесінде оқушылар пен мұғалімдерге деген этикалық қарым-қатынасты және болашақ мұғалімнің кәсіби-маңызды сапаларын қалыптастыру.
- Нақты міндеттерді шешуге педагогикалық, психологиялық, қоғамдық, саяси және арнайы білімдерін пацдалану тереңдету, нақтылау;
- Болашақ психологтардың дағдысы мен іскерлігін, кәсіптік біліктіліктерін қалыптастыру, дамыту;
- Студенттің болашық мамандығына қызығушылығы мен сүйіспеншілігін оятып, педагогикалық қызметке шығармашылық пен қарауға тәрбиелеу;
- Оқу – тәрбие vжұмысындағы бүгінгі заман талабына сай алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелермен танысу;
- Оқу тәрбие мекемелеріне бала тәрбиелеу міндеттерін шешуде жан – жақты көмек көрсету.
- Психологиялық қызмет процесінде студенттердің университеттен алған теориялық білімдерін қолдану арқылы іс – тәжірибеде тереңдетіп, бекіту және жан – жақты пайдаланы білу;
- Іс – тәжірибенің мазмұны мен ұйымдастырылуы қазіргі кездегі психологтарға қойылатын талапқа сай болуы керек;
Студент практикаға шықпас бұрын, практиканың өткізілуі бойынша, оқу – тәрбиелік практиканың мақсаты мен міндеттерін, өткізілу кезеңін, есеп беруге арналған жұмыстар түрлері мен есеп беру конференциясының өткізілетін күндерін білуге міндетті, сондықтан студенттерге арналған, практика жайында, конференция өткізіледі.



  1. Студент-практиканттың құқықтары мен міндеттері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет