2 – курс педагогикалық мамандықтарға арналғАН


-апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 30.01. – 04.02.2023ж



бет5/25
Дата03.05.2023
өлшемі127,38 Kb.
#89595
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
2-апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 30.01. – 04.02.2023ж.
1.Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты мен міндеттері.
Психологиялық қызметтің басты мақсаты - даму мен оқу-тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.
Психологиялық қызметтің міндеттері:
1.Білім беру жүйесінің барлық субьектілеріне қажетті психологиялық көмек беру (мұғалімдер, атааналар, оқушылар);
2. Баланың жас ерекшелігіне байланысты, әрбір даму сатысында тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету;
3. Интеллектуалдық және тұлғалық дамудағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету;
4. Оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау;
5. Жұмыс барысында ҚР БжҒМ бекіткен нормативтік актілерге, құжаттарға, бұйрықтарға негізделуі керек;
6. Психология ғылымының кейінгі жетістіктерімен таныс болып, өз іс-әрекетінде тек ғылыми негізделген әдістерді қолдануы керек;
7. Психологтың этикалық кодексін білуі керек және жұмыс барысында негізге алуы керек;
8. Мектептегі құжаттарға психологиялық талдау жасауы керек (тәрбиелеу жоспарлары, оқыту бағдарламалары, педагогикалық кеңестің шешімдері және т.б.);
9. Әртүрлі деңгейдегі мектеп ұжымындағы тұлғааралық қатынастарға өз бақылауында ұстап, талдап, қажетті кезде түзету керек (мұғалім-әкімшілік, мұғалім-мұғалім, мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы);
10. Психологиялық құжаттарды ерікті формада жүйелі түрде жүргізіп сақтауы керек (диск, магнитофондық жазбалар және т.б.);
11. Диагностикалық жұмыстың негізінде алынған мәліметтерді ешкімге жарияламауы керек;
12. Мұғалімдермен немесе ата-аналармен бірлесіп әзірлеуге және жүзеге асыруға міндетті жеке ерекшеліктерді ескере отырып дамыту бағдарламалары мектеп оқушылары мен олардың әр жас кезеңіндегі даму міндеттері;
13. Оқушылардың, ата-аналардың педагогтардың психологиялық мәдениетін дамыту;
14. Оқушының физиологиялық-психологиялық ерекшелігін диагностика арқылы анықтау;
15. Қиын оқушылармен ақыл-кеңес, әңгімелесу, сырласу жұмыстарын жүргізу;
16. Оқушыларға жауапты жұмыстар тапсыру;
17. Балаға сыйластықпен қарап, оның жағымды жақтарын ашуға тырысу;
18. Психологиялық қиыншылықтар мен балалардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
19. Психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету.
2.Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері.
Мектеп психологының кұқықтары:
1. Оқу-тәрбиелеу процесіндегі барлық субьектілермен жұмыстың формасы мен әдісін және белгілі бір кезеңде маңызды деген бағыттарды таңдай алады.
2. Әкімшілікке психологиялық қызметтің ісәрекетінің нәтижелі, әрі өнімді іс-әрекетіне мүмкіндік беретін ұсыныстарды айта алады.
3. Оқыту - тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға байланысты мектеп құжаттарын қарастыра алады.
4. Оқыту-тәрбиелеу процесіне байланысты кеңестерге, жиналыстарға белсенді қатыса алады.
5. Мектепте психологиялық зерттеуді және әдістерді жүргізеді, түзетеді.

Мектеп психологының міндеттері:


1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативті актілерін, құжаттарын, бұйрықтарын, нұсқауларын басшылыққа алуға;
2. Өзінің іс-әрекетін өз кәсіби біліктілігінің және қызметтік міндеттемелерінің шеңберінде жүргізуге;
3. Психология мен педагогиканың әртүрлі салаларындағы ең жаңа жетістіктерді білуге және насихаттауға; диагностиканың, түзетудің, алдын алудың ғылыми негізделген әдістерін өз іс-әрекетінде қолдануға; өзінің кәсіби деңгейін жетілдіру үшін үнемі еңбектенуге;
4. Тәжірибелік психологтың этикалық кодексі нормаларын басшылыққа алуға;
5. Мектеп қабырғасындағы диагностикалық, психокоррекциялық, консультативтік іс-әрекетіне тиісті кәсіби әзірлігі жоқ біліксіз адамдарды жібермеуге;
6. Кез келген мектеп құжаттамасына (тәрбие беру жоспарларына, білім беру бағдарламаларына, педагогикалық кеңестің шешімдеріне, ағымдағы оқу-тәрбие поцесіне, т.б. ) психологиялық талдау жүргізуге;
7. Мектеп ұжымындағы әртүрлі деңгейдегі тұлғааралық қатынастарды (Оқытушы-администратор, оқытушыоқытушы, оқытушы-оқушы, оқушы-оқушы) бақылауда ұстауға, талдауға және түзетуге;
8. Әкімшілікпен, оқытушылармен, оқушылармен, ата-аналармен бірлесе отырып, білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің табысты бейімделуі мен тиімді іс-әрекетіне қолдау көрсететін ғылыми негізделген білім беру, тәрбиелеу, түзету,т.б. бағдарламаларды жасауға және енгізуге;
9. Еркін формадағы психологиялық құжаттаманы (дискеттер, үн таспаларды, перфокарталарды, т.б.) жүйелі түрде жүргізуге және сақтауға.
3.Мектеп психологының жұмыс бағыттары.
1. Психопрофилактикалық жұмыстар жүргізудің мақсаты мектеп мұғалімдеріне жүйелі түрде психологиялық кеңестер бере отырып, олардың психологиялық сауатын көтеру. Оқушыларда кездесетін психикалық ауытқушылықтың алдын алу шараларын жүргізу, бала психологиясындағы өзгерістер туралы ата-анаға дер кезінде психологиялық кеңестер беріп, олардың алдын-ала сақтандырып отыру. Мектеп психологының жұмыс бағыттары.
2. Психодиагностикалық жұмыстар - ол әрбір жас кезеңдеріндегі оқушылардың өзіндік психикалық үрдістерінің даму ерекшеліктерін түрлі зерттеу әдістері мен зерттеу әдіс темелерін қолдана отыра анықтайды.
3. Психокоррекциялық (түзету) жұмыстары. Оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына белсенді түрде психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы ықпал ету. Білім беру мен тәрбие жұмыстарын қатар жүргізе отырып, оқушылардың қабілеті мен бейімділігі, жалпы психикасындағы ауытқушылықтар мен кемшіліктерді түзету.
4. Кеңес беру жұмыстары – жүгінген ересектер мен балаларға өз қиындықтарының табиғатын түсінуіне, жеке ерекшеліктеріне, өмірінде туындаған оқиғаларға, отбасындағы, достарының ортасындағы, мектептегі өзара қарым-қатынасына байланысты психологиялық мәселелерді талдау мен шешуде нақты көмек көрсету, жаңа бағдарлар қалыптастыру мен жеке шешім қабылдауда,жеке және топтық кеңес беру формасында жүзеге асырылады.
4.Оқушы тұлғасын қалыптастырудағы мұғалімнің міндеттері.
Педагогтің тұлғалық сапасы “Педагог - оқушы ” қатынас жүйесінде оның әрекетінің психологиялық құрылымына әсер ететін шешуші бөліктердің біріне жатады. Педагогикада, негізінен, оқыту, тәрбиелеу және дамыту әдістеріне, сондай - оларда білік пен дағдыларды қалыптастыруға және олардың мәнділігіне көбірек көңіл бөлінеді.
Педагогтер өз әрекетінде бірдей әдістерді қолданғандығына қарамастан, бірдей нәтижелерге жете бермейтіндігі де белгілі.
Оқыту әдістері педагогтің тұлғалық сапаларымен тығыз байланыста өзара әсерлесіп отырады.
Оқушыны тұлға ретінде қабылдау, оның табысқа жететіндігіне сендіру және мүмкіндіктерін көре білу әрі оны нығайтып отыру; мәліметтерді қысқаша түрде беру арқылы оған әлсіз оқушының да, күшті оқушының да қол жеткізуіне мүмкіндік туғызу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет