2 – курс педагогикалық мамандықтарға арналғАН


-апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 13.02. – 18.02.2023ж



бет7/25
Дата03.05.2023
өлшемі127,38 Kb.
#89595
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
4-апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 13.02. – 18.02.2023ж.

  1. Психикалық процестер ұғымы, түрлері мен сипаттамасы.

Психикалық процестер сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері. Бұлардың түрлері көп. Аспанда жұлдыздар жымыңдап, бір өшіп, бір жанып тұр. Оқтын-оқтын самал желдің ақырын ғана толқып ескен лебі денеге тиеді, шөп сыбдыры баяу ғана құлаққа шалынады, жас жусанның исі мұрын жарып тұр, көлде әлсін-әлі құрбақа бақылдайды. Осындайларды адам түйсік, қабылдау деп аталатын процестері арқылы сезінеді.

3 түрі бар:



  • танымдық: зейін, түйсік, қабылдау, есте сақтау, ойлау, сөйлеу, қиял

  • эмоционалды: сезім, эмоция, аффект, стресс

  • еріктік: табандылық, жауапкершілік, сенім, жігерлік, батырлық

  1. Психикалық күйлер ұғымы, сипаттамасы және түрлері.

Психикалық күйлер – адамның психикалық процестері мен психикалық ерекшеліктерінен ерекшеленетін және бір мезгілде оларға әсер ететін, солармен анықталатын ерекше психологиялық категория.
Психикалық күйлердің түрлеріне қиял, зейін, ойлау және сөйлеу, сезім және эмоция жатады.

  1. Психикалық қасиеттер ұғымы, сипаттамасы және түрлері.

Психикалық қасиеттер – бұл адамдардың бір-бірінен айырмашылығын білдіретін жеке тұлғаның дара психологиялық ерекшеліктері. Психикалық қасиеттерге темперамент, мінез, қабілеттілік жатады.
Психолог В.М.Теплов қабілеттің 3 түрін ашып көрсетті.
Қабілет – бір адамды екіншісі адамнан айыратын жеке психологиялық ерекшеліктер. Қабілет деп – қандай да бір іс-әрекетті табысты орындау ерекшеліктері. Қабілет деген ұғым – адамда бұрыннан қалыптасқан деген.

Психологтар қабілеттің деңгейін 2 түрге бөлді.



  • Репродуктивті – өнімсіз, бұл айтылған әңгімені, ертегіні қабылдау, меңгеріп шығару деген сөз.

  • Шығармашылық – жаңа нәрсені өз ойынан шығару, ойлап табуға бағытталады. Осы деңгей бір- бірімен тығыз байланысты.

  1. Тест әдісі, оның түрлері мен сипаттамасы.

Тестілеу - бұл жекелеген тұлғалардың әр түрлі сипаттамаларын өлшеуге қолданатын стандартты әдіс. Ол объективті мәліметтер немесе субъективті шектер туралы деректер алуда көп еңбек етуді қажет ететін әдіс болып табылады.
Көптеген педагогикалық тесттер белгілі талаптарға сай лайықты құрастырылып, компьютердің көмегімен нәтижесі шығады. Үлгеріс тестісі, қарапайым біліктілік тестісі, оқу-тәрбие деңгейлерін диагностикалау тестерін қолданады.
Тестер төмендегідей түрге бөлінеді:

  • Жетістік тестер

  • Даму тестер

  • Парасат тестері

  • Психометриялық жеке тұлғалық тестер

  • Жеке тұлғалық құрлымдық тестер

  • Қызығушылық мақсатқа арналған тестер

  • Клиникалық тестер

Тестерді құру психологиялық зерттеу әдістемелердің теориялық негізіне сүйене отырып жасалады. Психодиагностикалық тексерудің барлық аспектілерінде дайын тестер қолданылмайды деп те айта алмаймыз.
Осындай тәуелсіз көрсеткіштер жинағын психолог практиктер, әдетте, бірнеше типтік ситуациямен тоғыстырады. Олай болса, психодиагностикалық әдістемелер мен тестердібейімдеу және құру өзара байланысты төмендегідей сатылардан тұрады:

  • Қолдану ситуациясы. Құрылған тест немесе әдістеменің (жас ерекшелік, жыныстық құрылымдар,кәсіби – мәдени белгілер стандартты әдістемелерді қолдануға сай емес, тиімсіз болып танылуы) шартты нормаларының болуы.

  • Бейімдеу ситуациясы. Құрылған әдістеме мен тесттердің сенімділік пен валидтілік көрсетшкіштері тексерілген, бірақ нормалық талаптары жоқ, олай болса бейімдеудің басты мақсаты әдістемелік, тестік нормаларды құру болып табылады.

  • Құрастыру ситуациясы. Психикалық қасиеттерді тексеру тұжырымдамасы болғанымен, сапалық талдау мүмкіндіктері және басқа да талаптарды қанағаттандыратын өлшем процедурасы болмауы. Өлшем процедурасын құру, оның сенңмдңлңгң мен валидтілігін тексеру және тесттік нормаларын құру қажеттілігінен пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет