6– апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 27.02. – 04.03.2023ж. 1.Қабылдауды диагностикалауға арналған әдістемелер. Әдістеме «Мына суретте не жетіспейді?» Балаға тәр түрлі сериялардан құралған суреттер беріледі.Әр суреттің бір бөлігі жетіспейді.Диагностика жүргізуші баланың тапсырманы орындауға қанша уақыт жұмсағанын білу үшін секундамер қосып қояды.Диагностика көрсеткіші баланың қабылдау деңгейінің қаншалықты дәрежеде екенін білу үшін баллдық шкаламен бағаланады.
Қорытынды нәтежесі 10 балл — бала берілген тапсырманы орындауға 25 сек-қа дейін орындаған жағдайда қойылады. Суретте жетіспейтін заттың бөліктерін табу керек. Олардың саны жетеу.
9-7 балл— 26 -30 сек. аралығы дейін орындаған жағдайда қойылады. Суретте жетіспейтін заттың бөліктерін табу керек.Осы әдістеменің көмегі арқылы психодиагностикалық зерттеу кезінде балаға ақ қағазда суреттің кескіні беріледі. «А» фрагментінде суреттің көп бөлігі жасырынған,тек кейбір аз ғана детальдары сақталған.Бала 10 сек. Ішінде оның не екенін таппаса ,оған «б» фрагментіндегі сурет ұсынылды.Ол суретке қарап оның не екенін таппаған жағдайда оның не екенін таппайынша әдіс ары қарай жалғаса береді.Тапсырманы орындауға жұмсалған уақыт, нақты жауап беру үшін қараған сурет кескіндері де есепке алынады.
2. Қабылдаудың көлемін анықтауға арналған әдістемелер.
Қабылдау анықтау әдістемесі Нұсқау: Алты шаршының ішінде ақ және қара дөңгелекшелер көрсетілген. Сізге бір минут уақыт беріледі, осы уақыт ішінде әр шаршыдағы дөңгелекшелерді есте сақтау қажет. Енді суретті жауып, квадрат ішіндегі әр шаршыдағы дөңгелекшелерді есте сақтау қажет. Енді суретті жауып, квадрат ішіндегі дөңгелекшелерді салыңыз.
Нәтижесі: Әрбір шаршыдағы дөңгелекшелер үшін 1 ұпай аласыз.Егер 35 ұпай жинасаңыз, сіз өте байқағышсыз.
Кеңiстiктi қабылдау адамның ортамен өзара әрекеттесуiнде үлкен рөл атқарады және адамның онда бағдарлауының қажеттi шарты болып табылады. Кеңiстiктi қабылдау кеңiстiктiң объективтi көрiнiсiнiң бейнеленуi болып табылады және объекттердiң формасын, көлемiн және өзара орналасуын, олардың рельефiн, қашықтығын және олардың бағытын қабылдаудан тұрады.