№2 (02) 1 қазан, 2015 жыл бейсенбі



жүктеу 300.04 Kb.

бет1/3
Дата03.03.2017
өлшемі300.04 Kb.
  1   2   3

№ 2 (02)

1 қазан, 2015 жыл

бейсенбі

НYРЛЫ


НYРЛЫ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫК ИНСТИТУТЫ

ЖОЛ


ЖОЛ

ҰЛЫ  ДАЛА  ЕЛІНДЕГІ  ҰЛЫ  ТОЙ!



АЙШЫҚТЫ ДАТА

ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ - ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ

БАС ГАЗЕТ 

БАСШЫСЫНЫҢ  

ИНСТИТУТҚА 

САПАРЫ


ҰЛАҒАТТЫ 

ҺӘМ ҰЛЫ 


МАМАНДЫҚ

ВСТРЕЧА 


С МИРОМ 

АБАЯ


2-бет

3-бет

6-стр

• 

ЕСТЕ ҰСТАР 

ЕСТІ СӨЗ

«Түркістан тұтас бол,

Түркі тілдес түгел бол».

Тұрар Рысқұлов

1 кырк


Y

йегiнен


1

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына 

республикалық «Егемен Қазақстан» акционерлік 

қоғамының  президенті  Сауытбек  Абдрахманов 

келді.  Елдегі  бас  басылымның  басшысы  оқу 

орнының  қызметкерлері  және  профессор-

оқытушылар құрамымен кездесу өткізді.

Батыр ҚҰРМАНБЕК

«Нұрлы Жол»

Жиынды  ТарМПИ  ректоры  Дария  Қожамжарова 

ашып, жүргізіп отырды. «1919 жылы «Ұшқын» болып 

жарық  көрген  95  жылға  жуық  тарихы  бар  «Егемен 

Қазақстан»  қазақ  басылымдарының  «визиткасы» 

десек  артық  айтпаймыз.  Сол  жылдардан  бері  билік 

пен  халықтың  арасын  жалғап,  бүгіндері  отандық 

баспасөздің  атасына  айналып  отырған  «Егеменнің» 

талқыламаған  тақырыбы,  көтермеген  мәселесі 

қалмаған  шығар  дейсің...  Талай  тарихи  тұлғаның 

тағылымын көрген басылым бүгін де бабында екені 

талассыз.  Бірақ,  заман  өзгеріп,  талап  күшейетін 

шақта ақпараттың арыстандары да аңғармай қалатын 

жайттар жоқ емес. Міне, соның бір парасын бүгінгі 

кездесу  барысында  газет  басшысы  айтады»  деді  Д. 

Пернешқызы өз сөзінде.

«Алдымен,  баспасөз  құралдарының  теледидар, 

радиомен  салыстырғандағы  бір  ерекшелігі,  оның 

рейтингісінің  нақты  көрсеткіші  –  тираж,  таралым 

екенін  айтқым  келеді.  Осы  тұрғыдан  қарағанда, 

«Егемен  Қазақстан»  газетінің  таралымы  соңғы 

12  жылда  38  мыңнан  200  мыңға  жеткенін  біз 

ауыз  толтырып  айта  аламыз.  Осы  жылдар  ішінде 

бүкіл  әлемде,  негізінен  таралымдардың  қысқару 

тенденциясы  жүріп  жатты.  Бірақ,  «Егемен 

Қазақстанның» таралымы өсе түсті. Біздің халықтың 

санын  ескергенде,  халық  арасында  өзге  тілде  өмір 

сүретін  адамдардың,  өкінішке  орай,  үлес  салмағы 

өте көп екенін ескергенде, бұл мықты тираж болып 

саналады. Шамамен 11 млн. қазақтың 6-7 миллионы 

өзінің  ана  тілінде  еркін  сөйлейді  десек,  сол  6-7 

миллион қазаққа 200 мың тираж өте үлкен көрсеткіш. 

Әрине,  таралым  рейтингті  анықтаудың  жалғыз 

көрсеткіші  емес.  Оның  басқа  да  көптеген  белгілері 

бар.  Соның  бірі  –  оқылымдылық»  деді  Сауытбек 

Абдрахманұлы.  Кездесу  барысында  М.Х.Дулати 

атындағы  Тараз  мемлекеттік  университетінің 

ректоры  Махметғали  Сарыбеков,  әнші,  сазгер  Аман 

Малдыбаев, жазушылар Мақұлбек Рысдәулет, Көсемәлі 

Сәттібайұлы,  ақын  Қайырбек  Асанов,  ұстаздар 

Тұрсынай Рыстайқызы, Қуандық Байшымырұлы және 

басқа да оқырмандар еліміздің бас басылымы туралы өз 

ойларын ортаға салумен қатар, соңғы кездері қоғамды 

толғандырып  жүрген  мәселелерді  де  талқылады, 

көптеген сұраққа жауап алды.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында 

«Ұлы Жібек жолы бойындағы сұхбат» атты жиын 

өтті.  Іс-шараға  ҚР  ҰҒА  корреспондент-мүшесі, 

Ш.  Уәлиханов  атындағы  тарих  және  этнология 

институтының  директоры  Хангелді  Әбжанов, 

филология  ғылымдарының  докторы  Жанғара 

Дәдебаев  және  әл  Фараби  атындағы  ҚазҰУ-дың 

профессоры Берекет Кәрібаев қатысты. 

 

Дулат САҚ



«Нұрлы Жол»

Сұхбат-диалог  форматында  өткен  жиынды 

ТарМПИ  ректоры  Дария  Қожамжарова  ашып, 

көпшілікті Қазақ хандығының 550 жылдық тойымен 

құттықтады.  Д.  Пернешқызы  өз  сөзінде:  «Биыл 

еліміз үшін ерекше жыл. Ұлтымыз тарих сахнасына 

шығып,  тағдырын  қалыптастырып,  бағдарын 

бекемдегелі  де  бес  жарым  ғасыр  өтіпті.  Осы  уақыт 

аралығында қазақ ұлты мәңгілік тарих пен тағдырды 

бастан  кешті.  Ұлттың  болмысы  ұлы  хандарымен, 

көрнекті билерімен, шебер шешендерімен, адуынды 

ақындарымен,  баһадүр  батырларымен  дараланды. 

Бір  ғана  көне  Тараз  топырағын  басып  өткен  Ұлы 

Жібек жолы бүгінгі таңда тамырлы тарихқа айналды. 

Ұлы  мемлекеттігіміздің  торқалы  тойына  дайындық 

Жамбыл  жерінде  қызу  жүріп  жатыр.  Міне,  бүгінгі 

жиын соның бір айғағы іспеттес» деді.

«Қазақ  хандығы  әлемдік  тарих  толқынында» 

тақырыбында  баяндама  жасаған  Х.  Әбжанов  қазақ 

билеушілері  мен  олардың  мұрагерлері  орыс,  иран, 

түрік,  қытай  бағыттарындағы  көптеген  өзгерістерді 

жете бақылап отырғандығын тілге тиек етті. Хангелді 

Махмұтұлы хандықтың тамыр алар тереңіне бойлап, 

оның  бастауы  мейлінше  бай  екенін  қаперге  алды. 

Оның  сөзіне  сүйенсек,  Қазақ  хандығы  кем  дегенде 

20  мемлекеттің  және  екі  империяның  мұрагері 

болып  табылады.  «Сақтар  –  ежелгі  гректермен, 

парсылармен,  үйсін,  қаңлылар,  байырғы  түркілер  – 

Қытаймен  бәсекелескені,  қыпшақ  тілі  халықаралық 

қатынастарға  септескені,  Ұлы  Даланың  ұлттық 

мемлекет  ретінде  тарихтың  алтын  құрсағында 

тербетіле  дүниеге  келгенін  әйгілейді.  Дала 

демократиясы,  толеранттылығы,  шаруашылық-

мәдени  кешені  аспаннан  түсе  қалған  жоқ.  «Дешті-

Қыпшақ» деген сөздің Еуропада, Азияда, Африкада 

көрініс  тапқаны  Қазақ  хандығының  бастаулары 

мен  тарихына  ендігі  жерде  әлемдік  биіктен  қарау 

керектігін  байқатады»  деді  ол.  Сондай-ақ,  тарихшы 

көптің  көкейіндегі  басқа  да  түйіткілді  жайттарды 

өз  баяндамасына  арқау  етті.  Ал,  Жанғара  Дәдебаев 

«Қазақ  хандығы:  Сөз  өнері»  турасындағы  ойларын 

көпшілікпен бөлісті. 

«Қазақ  хандығының  құрылуы  –  Қазақстан 

аумағында  ежелден  бері  үздіксіз  жалғасып  келе 

жатқан этностық үрдісті жаңа белеске жеткізіп, қазақ 

халқының  ел  болып  қалыптасқандығын  көрсетті. 

Осылайша, Қазақ хандығының құрылуының тарихи 

маңызын  этностық  тұрғыдан  қарастыра  келе,  ол  – 

қазақ халқының қалыптасуы кезеңін аяқтауға тікелей 

әсер  етті,  этностық  процестен  халықтық  деңгейге 

көтерілген  этносқа  –  «қазақ»  атты  этнонимді 

бергізді», – деді тарихшы Б. Кәрібаев.

Кездесу  аясында  қонақтарға  оқытушылар 

мен  студенттер  тарапынан  сауалдар  қойылып, 

толыққанды жауаптар берілді. 

АҚПАРАТ

ТарМПИ Ғылыми Кеңесінің кеңейтілген мәжілісі  өтті

№ 2 (02)

1 қазан, 2015 жыл

бейсенбі

АЙТӨБЕЛ

КЕЗДЕСУ

ІС-САПАР

НYРЛЫ


НYРЛЫ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫК ИНСТИТУТЫ

ЖОЛ


ЖОЛ

МЕЖДУНАРОДНАЯ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ 

КОНФЕРЕНЦИЯ «МӘНГІЛІК ЕЛ»

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ 

САЛИҚАЛЫ СҰХБАТ

БАС ГАЗЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ИНСТИТУТҚА САПАРЫ



11  сентября  2015  года  в  столице  Республики 

Казахстан – Астане, в Назарбаев университете прошла 

Международная  научно-практическая  конференция 

«Мәңгілік Ел», посвященная 550-летию образования 

Казахского  ханства,  в  которой  примут  участие 

государственные  и  общественные  деятели,  главы 

дипломатических  миссий,  депутаты  Парламента 

Республики  Казахстан,  представители  судейского 

корпуса,  политических  партий,  общественных 

организаций  и  средств  массовой  информации

деятели  культуры  и  искусства,  а  также  ведущие 

ученые и специалисты из 22 стран мира.

Приветствие  Президента  Республики  Казахстан 

Н.Назарбаева  к  участникам  конференции  зачитала 

Государственный  секретарь  Республики  Казахстан  Г. 

Абдыкаликова, затем с докладами выступили ведущие 

казахстанские  и  зарубежные  ученые.  В  рамках 

конференции  были  проведены  заседания  4-х  секций: 

«Казахское ханство и идея Н.А.Назарбаева «Мәңгілік 

Ел», «От Казахского ханства до Республики Казахстан: 

неизвестные  источники,  новые  концепции»,  «Место 

права  казахов  и  суда  биев  в  мировой  цивилизации», 

«Место  Независимого  Казахстана  в  современном 

мире».  На  пленарном  и  секционных  заседаниях 

отечественные и зарубежные участники конференции 

обменялись  мнениями  о  роли  и  значении  более 

чем  четырех  вековой  истории  развития  Казахского 

ханства, обсудят вопросы изучения богатого историко-

культурного  наследия  веков  на  просторах  Великой 

Степи,  сохранения  для  будущих  поколений  высоких 

смыслов  национальных  ценностей  и  идеалов 

народа  Республики  Казахстан,  воплощенных  в 

общенациональной  идее  «Мәңгілік  Ел».  Проведение 

столь  масштабного  международного  научного 

форума  придало  дополнительный  импульс  изучению 

истории героического прошлого народа, чествованию 

каждым  казахстанцем  важнейшей  юбилейной 

даты. 

Тысячелетиями 



территория 

Казахстана 

была  перекрестком  цивилизаций,  здесь  пролегали 

маршруты  великого  переселения  народов,  предками 

были  освоены  огромные  пространства  евразийской 

степи, созданы самобытная материальная и духовная 

культура.  Созданное  550  лет  назад  Жанибеком  и 

Кереем Казахское ханство впервые закрепило в своем 

названии  этноним  народа.  В  многовековой  борьбе 

казахского  народа  за  независимость  были  великие 

победы  и  тяжелые  поражения.  Исторический  опыт 

этой  непрерывной  борьбы  подтверждает  важность 

стержневой  идеи  «Мәңгілік  Ел»  (Вечной  страны) 

–  необходимость  единства  народа.  Празднование 

исторической  даты  –  550-летия  образования 

Казахского  ханства  –  подчеркивает  преемственность 

между  прошлым,  настоящим  и  будущим  и  все 

возрастающую 

ответственность 

нынешнего 

поколения перед потомками в сохранении незыблемых 

основ  и  традиций  казахской  государственности, 

истоки  которой  отсчитываются  еще  задолго  до 

отмечаемой  ныне  юбилейной  даты.    Неоспоримы 

исторические  заслуги  в  создании  современной 

казахстанской государственности Первого Президента 

Независимого Казахстана, Лидера Нации Нурсултана 

Абишевича  Назарбаева.  Благодаря  его  сильной 

воле  и  стратегическому  видению  Казахстан  стал 

успешным,  стабильным,  авторитетным  государством 

с юридически оформленными границами. Необходимо 

отметить  особую  роль  Президента  Казахстана  Н.А. 

Назарбаева  в  формировании  национальной  идеи  и 

исторического  сознания  казахстанцев,  укреплении 

национальной  идентичности  и  единства  народа. 

Казахстан  стал  родиной  для  представителей  многих 

национальностей,  объединённых  идеей  «Мәңгілік 

Ел».  Казахстанцы  прошли  через  все  трудности  и 

заняли  достойное  место  в  сообществе  наций.  В 

резолюции  участники  конференции  обратились  ко 

всем гражданам Казахстана проникнуться глубинным 

смыслом 


общенациональной 

идеи 


«Мәңгілік 

Ел»,  ставшей  надежной  опорой  Независимости 

государства,  неиссякаемым  источником  энергии  его 

народа.  Призывая  всех  представителей  научного 

сообщества, государственных органов и общественных 

организаций,  средств  массовой  информации,  всех 

казахстанцев  проявлять  созидательную  активность 

во  благо  процветания  страны,  вносить  посильный 

вклад в формирование исторического сознания нации, 

укрепление  единства  и  сплоченности  казахстанского 

народа.

«Призываем  коллег  проводить  постоянную 



научно-исследовательскую, 

образовательную 

и 

просветительскую  работу,  использовать  средства 



массовой  информации,  книгоиздание,  научные 

конференции и форумы для популяризации символов 

и  образов  национальной  истории.  Обращаемся  к 

представителям международного нучного сообщества 

всеми возможными средствами развивать и укреплять 

дальнейшее культурно-гуманитарное сотрудничество, 

диалог цивилизаций» – говорится в резолюции.

Информация подготовлена на основании  

портала edu.gov.kz

Тараз мемлекеттік педагогикалық 

институты туралы республикалық, 

облыстық БАҚ

ДАЙДЖЕСТ: 

ҚЫРКҮЙЕК

ДАЙДЖЕСТ: 

ҚЫРКҮЙЕК



 «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы: 2 



телесюжет.

Ақпараттық-имидждік 

жұмыстар бөлімі



 «Хабар» телеарнасы: 1 телесюжет.



 «Қазақстан-Тараз» телеарнасы: 2 

телесюжет.



 «Егемен Қазақстан» республикалық 



газеті: 4 мақала.



 «Казахстанская правда» республикалық 



газеті: 1 мақала



 «Ана тілі» республикалық газеті: 2 



мақала.



 «Алматы ақшамы» газеті: 2 мақала.



 «Айқын» республикалық газеті: 1 мақала.



 «Ақжол» облыстық газеті: 5 мақала.



 «Знамя труда» облыстық газеті: 3 мақала.



 «Казинформ» агенттігі: 4 ақпараттық мақала. 



 «Baq.kz» порталы: 6 ақпараттық мақала.



 «El.kz» порталы: 3 ақпараттық мақала.



 «B News» сайты: 3 ақпараттық мақала.



 «Today.kz» сайты: 3 ақпараттық мақала.



«Көшпенділер»  –  Ілияс 

Есенберлиннің 

алты 

кітаптан  тұратын  тарихи 

эпопеясы.  Бұл  шығарма 

–  қазақ  сөз  өнерінің 

әлемдік 

нұсқасына 

қосылған 

тарихты 

көркемдік  пайымдаудың 

үздік  үлгілерінің  бірі, 

партиялық идеологияның 

қылышынан  қан  тамып 

тұрған  уақытта  дүниеге 

келген  шығарма.  Три-

логия    Алмас  қылыш, 

Жанталас,  Қаһар  деген 

бөлімдерден тұрады.

Жазушы  I.  Есенберлин  өзінің  тари-

хи  трилогиясында  қазақ  елінің  ХV-ХІХ 

ғ.ғ.  тәуелсіздік  үшін  табанды  күресін 

көркем суреттейді. Осы жолдағы қыруар 

қиындықты,  ішкі  қайшылықтарды,  ада-

ми  қатынастарды,  олардың  әрекеті  мен 

мінез-құлықтарын,  сырт  жаулармен 

шайқаста  шыныққан  бірлікті,  дәстүрді, 

салт-сананы  көрсетеді  Тарихи  жазба  де-

ректерге,  шежіре  мәліметтеріне,  аңыз 

әңгімелерге  сүйене  отырып,  қаламгер 

қазақ халқының тарихының аса маңызды 

тұстарын  ашып,  көптеген  тарихи 

қайраткерлердің  көркем  тұлғасын  жа-

сайды.  «Алмас  қылыш»  романы  –  XV 

ғ.  оқиғаларынан  аса  көп  мәліметтер 

бере  алады  және  ол  оқиғалардың 

жылнамалық реті сақталған. Сол себепті 

де  оны  роман-хроника  деп  атауға  бола-

ды.  Роман-хроника  болғандықтан,  онда 

көптеген тарихи оқиғалардың тізбегі ба-

сым келуі – жанрлық заңдылық. «Алмас 

қылыш»  романында  Дешті  Қыпшақтың 

(бұрынғы қазақ елінің бір атауы) қаһарлы 

ханы  Әбілхайырдың  кезінде  қазақ 

руларының  Қазақ  хандығы  қол  астына 

топтасуы, бір жағы – Әбілхайыр, екінші 

жағы  –  Жәнібек,  Керейлердің  тақ  пен 

тәж  үшін  таласы,  хан  ордасындағы  шы-

тырман  оқиғалар,  алдау  мен  зорлықтар 

тізбегі  баяндалған.  Кітаптың  бірінші 

бөлімі  –  Әбілхайыр  ұлысының  екіге 

бөліну  жағдайын  көрсетуге  арналса, 

екінші  бөлімі  Қазақ  хандығының  ішкі, 

сыртқы  жауларымен  кескілескен  күрес 

үстінде шынығып ширауы, бұл жолдағы 

қыруар  кедергілер  мен  қиындықтар 

көрсетілген.  Романның  басты  идеясы  –  

қазақ  руларының  бірлесу,  бір  хандықта 

ынтымақ  құру  мәселелері.  Шығармада 

басты  қаһарман  Әбілхайырдың,  сондай-

ақ  Жәнібек,  Мұхаммед  Шайбани, 

Бұрыңдықтардың,  тағы  басқа  тарих-

та  болған  қайраткерлердің  бейнелері 

жасалған.  Автор  олардың  күрделі 

тұлғаларын  бойындағы  қайшылықтарын 

ашып  көрсету  арқылы  береді.  Мәселен, 

Әбілхайыр,  бір  жағынан,  айлакер, 

ақылды,  айбарлы  ел  басшысы  болса, 

екінші  жағынан,  өз  мақсаты  жолында 

ешбір  арамдық,  азғындықтан  тайын-

байтын  мейірімсіз,  қандықол.  Оның 

жүздеген жылдарға созылып, әріден келе 

жатқан Шыңғыс ханның үрім-бұтағының 

озбырлық  саясатын  жалғастырушы 

екенін  де  автор  жасырмайды.  Хан  екен 

деп,  орынсыз  дәріптемейді.  Қалың 

әлеумет  адамдары  да  романның  басты 

идеясын  ашуда  елеулі  қызмет  атқарады. 

Мәселен,  Асан  Қайғының  Бердібек 

пен  Әбілхайырға  айтатын  қатал  сын 

сөздері,  Әбілхайырдың  Керей  мен 

Жәнібек елін шабам деген екпінінің қол 

астындағыларының  қолдамауынан  су 

сепкендей  басылуы  сияқты  көріністер 

бұған 

айғақ. 


Мұнда 

халықтың 

жақсы  қасиеттерін  бойына  дарытқан 

Қобыланды, Қазтуған, Саян, Орақ секілді 

кейіпкерлер  романның  идеялық  жүгін 

едәуір көтеріп тұр. Мәселен, Қазтуған мен 

Қотан ақындардың айтысы арқылы роман 

бүкіл қазақ даласының тарихи көрінісін, 

шежіресін береді, халықтың сан ғасырлық 

өмірін,  күрестерін,  олардың  сыры  мен 

сипатын  айтады.  Трилогияның  «Қаһар» 

атты кітабында I. Есенберлин XIX ғ. 30-

40  жылдарындағы  Кенесары  Қасымұлы 

бастаған  Ресей  отаршылдығына  қарсы 

қозғалыстың  жай-күйін  әңгімелейді. 

Мұнда жазушы жұртқа бұрыннан белгілі 

тарихи  оқиғаларды  тізе  отырып,  ондағы 

адамдардың  күйініш  -  сүйінішімен, 

арман 



өкінішімен, 



мұратымен, 

кейіпкерлер 

тағдырымен 

байытып 


көрсетеді.  «Қаһарда»  қазақ  даласында 

тәуелсіз  хандық  орнатуды  мақсат  еткен 

Кенесарының қол жиып күреске шығуы, 

тәуелсіздік  үшін  күресті  қолдамаған 

сұлтандарға  және  патша  бекіністеріне 

шабуылы,    Кенесарының  билікке 

қол  жеткізу  үшін  патша  өкілдерімен 

келіссөздер  жүргізуі,  талабы  өтпеген 

жерлерде  халық  қанының  төгілуімен 

есептеспей,  күш  қолданылатын  істерге 

баруы баян етіледі. Осы жолдағы ханның 

қаталдығы,  елдің  күйзеліске  ұшырауы, 

Кенесары  дұшпандарының  ұйымдасқан 

іс-әрекеттері,  сан  алуан  адам  мінездері 

көрсетіледі.  Бір  отаршылдан  екінші 

отаршылдың  артықтығы  жоқ  екені, 

бәрінің  көксеген  мүддесі  қазақ  елін 

бөлшектеп бөліп, әлсіретіп, қансыратып, 

талан-таражға  салу,  өз  билігін  жүргізу 

екенін 


жазушы 

ашып 


көрсетеді. 

Мәселен,  Қоқан,  Хиуа  хандықтарына 

ұзақ  уақыт  тәуелді  боп  тұрған  оңтүстік 

қазақтарының ауыр жағдайы, Ташкенттің 

құшбегі  Бегдербектің  жәрдем  сұрап 

барған  Есенкелді,  Саржанды  қасындағы 

нөкерлерімен 

бірге 


опасыздықпен 

өлтіріп  жіберетін  суреттер  тарихи 

шындықтарға  негізделген.  Романда  Ке-

несары  бейнесі  тарихи  толық  мазмұнда 

көркем  сомдалған.  Туындыда  Ресей 

патшалығының  өр  дәрежелі  өкілдері 

бейнелері  де  бар.  Солардың  ішінде, 

әсіресе,  Қараөткелдің  аға  сұлтаны 

Қоңырқұлжа  Құдаймендиннің  халыққа 

қаны  қас  мейірімсіздігі  мен  ман-

сап  үшін  арын  сататын  арамзалығы 

анық  таңбаланған.  Ол  Омбы  генерал-

губернаторының  сеніміне  ие  болып, 

билігі мен мансабынан айырылып қалмау 

үшін елдің бас көтерер адамдарын ұстап 

береді. Әйелі Зейнеп, баласы Шыңғыстың 

қылықтары  да  Қоңырқұлжаның  шексіз 

азғындық өмір сиқын жалаңаштай түседі.  

Жалпы алғанда, I. Есенберлиннің «Қаһар» 

романы  –  қазақ  халқының  азаттық 

жолындағы  күрес  шежіресіне  қосылған, 

оның Кенесары қозғалысы сияқты аса ірі 

кезеңінің ішкі сырларын көркем түсінуге 

көмектесетін елеулі тарихи шығарма.



SELF-REALIZATION

3

ТарМПИ-да «Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдері» атты облыстық ғылыми-

практикалық конференция өтті

5  ҚАЗАН – ҰСТАЗДАР КҮНІ

ТАРМПИ СТУДЕНТІ ОҚУЫ ТИІС 100 КІТАП

НYРЛЫ


НYРЛЫ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫК ИНСТИТУТЫ

ЖОЛ


ЖОЛ

«КӨШПЕНДІЛЕР» ТРИЛОГИЯСЫ



«Ұстаздардың ұстаханасы» атанған 

Тараз  мемлекеттік  педагогикалық 

институтында білім күні аталып өтті. 

Мерекелік  іс-шараға  оқу  орнының 

оқытушылары,  ардагер  ұстаздар 

сонымен  қатар,  студенттер  қатысты. 

50  жылдан  астам  тарихы  бар  білім 

және  ғылым  ордасы  талай  жастың 

талабын  шыңдады.  Бүгінде  «ұстаз» 

деген  ұлы  атты  абыроймен  алып 

жүрген  талай  мұғалімге  алғашқы 

баспалдақ болды. Міне, өңірдегі іргелі 

жоғарғы  оқу  орнының  бірі  болып 

саналатын  педагогикалық  институт 

болашақта  ұстаз  боламын  деген 

жастарға есігін тағы да айқара ашты. 

Дулат САҚ

«Нұрлы Жол»

Білім  күніндегі  мерекелік  іс-шарада 

ТарМПИ  ректоры  Дария  Қожамжарова 

сөз  алып,  барша  ұжымды  мерекемен 

құттықтады.  Д.  Пернешқызы:  «Ұлт 

ұстазы 


Ахмет 

Байтұрсыновтың: 

«Мектептің  жаны  –  мұғалім.  Мұғалім 

қандай болса, мектеп сондай болмақшы» 

деген  қанатты  сөзі  бар.  Шындығында 

да қазіргі таңда білім мен ғылымға қояр 

талап  артып,  оқу  жүйесі  күрделенген 

шақта  жаңа  қоғам  һәм  бүгінгі  заман 

мұғаліміне  жүктелер  жүк  еселене 

түсуде.  Ұстаз  қауымы  алдында  білім 

беру  ғана  емес,  сондай-ақ  өркениет 

көшіне жол бастайтын, әрі ұлттық рухта 

тәрбиеленген  білімді  де  білікті  азамат 

тәрбиелеп  шығару  міндеті  тұр.  Бұл 

тұрғыда мұғалімге артылар жүк, қойылар 

талап  жоғары  болатыны  рас.  Ұстаздық 

ұғымы  –  ұлы  болуы  тиіс.  Жаңашыл, 

инновациялық  жобаларды  үйлестіруші  

ұстаз  –  заман  талабы  екендігі  рас.  

Ұстаздың  мақсаты  –  ұлтжанды  азамат 

тәрбиелеу  болғаны  абзал.  Ұстаздықтың 

ұлы  жолында  талмай  еңбек  еткен  адам 

ғана  өзінің  биігін  бағындыра  алады» 

деді. 


Сонымен  қатар,  салтанатты  жиынға 

Тараз 


қаласының 

әкімі 


Нұржан 

Календеров,  Жамбыл  облысы  әкімдігі 

жастар  саясаты  мәселелері  жөніндегі 

басқарма басшысы Еркебұлан Құралбаев 

және  Тараз  қаласы  әкімдігі  ішкі  саясат 

бөлімінің  басшысы  Кенжебек  Олжабай 

қатысып, ұстаздар мен студенттерді жаңа 

оқу жылымен құттықтап,  ізгі ниеттерін 

білдірді. 

Айта  кетейік,  Тараз  мемлекеттік 

педагогикалық  институты  жақында 

ғана  ең  үздік  педагогикалық  жоғарғы 

оқу  орындарының  бірі  атанды.  Білім 

ошағының өткені сараланып, болашағын 

айқындай  түскен  мерекелік  іс-шарада 

өзге  де  қонақтар  сөз  алып,  алдағы  оқу 

жылына  сәттілік  тіледі.  Сондай-ақ,  енді 

ғана студент атанған жастарға студенттік 

билеттер  табысталды.  Ал,  арман 

асқақ,  мақсаты  биік  бойжеткендер  мен 

бозбалалар  ардагер  ұстаздарға  құрмет 

көрсетіп,  өз  өнерлерін  ортаға  салды. 

Білім  мен  ғылымның  қарашаңырағы 

атанған  бұл  оқу  орнында  бүгінде  алты 

мыңнан астам студент бар. Биыл олардың 

қатарын мың жарым білімгер толықтыра 

түсті. Олардың 230-ы түрлі мемлекеттік 

гранттардың  иегерлері.  Ендеше,  білім 

қуып келген жастарға сәттілік тілейміз!

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,

өйткені мұғалім – мектептің жүрегі».



  1   2   3


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал