№2 (02) 1 қазан, 2015 жыл бейсенбі



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата03.03.2017
өлшемі21,02 Mb.
#6124
1   2   3

Ыбырай Алтынсарин

«Қазақтың  тағдыры,  келешекте  ел  болуы  да  мектебінің  қандай  негізде 

құрылуына  барып  тіреледі.  Мектебімізді  таза,  берік  һәм  өз  жанымызға  (қазақ 

жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге 

болады»  деген  Мағжан  Жұмабаевтың  сөзін  негізге  алсақ,  ұстаз  –  жас  ұрпақтың 

рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар 

зерделі  де  зерек,  парасатты,  ұлттық  және  адамзаттық  құндылықтарды  бойына 

дарытқан тұлғаларды, жалпы адамзатты тәрбиелейді. Себебі, мейлі шахтер, ғалым, 

дәрігер, инженер, ғарышкер болсын барлығы да ұстаздан білім алады.

«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» деп француз ойшылы Жан 

Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел 

болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару – екінің бірінің қолынан келе де бермейді. 

Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына 

дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас 

ұрпақтың  жарқын  болашаққа  барар  жолын  айқындап  беру.  Орыс  ойшылы  Анатолий 

Луначарский айтпақшы, «ұстаз – бұл жас ұрпақтың бойына ғасырлар бойы жинақталған 

барлық  асылдарды  сіңіруші,  ал  оларды  соқыр  сезімдерден,  жамандықтардан  және 

жұқпалы  мерездерден  аулақтатушы  адам».  Ал  қазақтан  шыққан  қоғам  қайраткері, 

ағартушы-ғалым  Ахмет  Байтұрсынов  «мұғалім  –  мектептің  жаны»  деп  бағалаған. 

Осыдан-ақ,  ұстаз  деген  –  ұлы  есім  екенін  талассыз  аңғаруға  болады.  Себебі,  ұстазға 

деген  құрмет  бәрінен  биік  тұрады.  Қай  заманда  болсын,  ұстаздарға  құрмет  жоғары 

болған. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе 

жатқан жоқ, ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр. «Тамшысымен тас 

тесетін бейнебір су тәрізді» (әл-Фараби) жандарға ілтипат таныту – адамгершілігіңнің 

ілгері басуының бір қадамы. Өйткені, ұстазға құрмет көрсету – білімге құрмет көрсету. 

Білімді  құрметтемеген,  ұстазын  қадір  тұтпаған  шәкірттің  ғылымда  нәтижеге  қол 

жеткізе алмайтындығы, қол жеткізсе де, тиісінше кәдеге асыра алмайтындығы қасиетті 

Құранда  да  жазылған.  Тарихта  ақыл-парасаты  мол  тұлғалардың  көпшілігі  ұстазына 

ерекше  құрметпен  қарап,  әрдайым  бір  ізетпен  еске  алғаны  мәлім.  Айталық,  Ескендір 

Зұлқарнайын  –  Аристотельді,  Абылай  хан  –  Төле  биді,  Шәкәрім  –  Абайды,  Бердақ  – 

Күнқожаны, Жамбыл – Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан. Тәуелсіз ел атанып, 

төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде 

ұлттың, елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де жете көңіл бөлінуде. Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім 

оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін 

міндет ауыр» деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің 

қолынан  да  келе  бермейді.  Сондықтан,  шәкірт  тәрбиелеу  –  жүректің  батырлығы  деп 

бағалауға болады. 

Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы ұстаздар! Ұлттың келешегі үшін атқарып 

отырған игілікті істеріңізге табыс тілейміз!



АТАУЛЫ КҮН

ҰСТАЗДАР ҰСТАХАНАСЫНА ҚОШ 

КЕЛДІҢІЗДЕР, ЖАС ДОСТАР!

ҰЛАҒАТТЫ ҺӘМ 

ҰЛЫ МАМАНДЫҚ

№ 2 (02)

1 қазан, 2015 жыл

бейсенбі


РУХАНИЯТ

4

7 қазан күні ТарМПИ-да «Қазақ хандығы» энциклопедиясының тұсаукесері өтеді

НYРЛЫ


НYРЛЫ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫК ИНСТИТУТЫ

ЖОЛ


ЖОЛ

«БІЗДІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМЫЗ – ҰЛЫ ІСТЕРДІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ 

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ: 

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

«ҚАЗАҚ 


ХАНДЫҒЫ»

  

э



НЦИКЛОПЕДИЯСЫ

Қазақ хандығының құрылуына  1457 жылдан кейін Керей  

мен    Жәнібек  сұлтандардың  Әбілхайыр  хан  үстемдігіне 

қарсы  күрескен  қазақ  тайпаларын  бастап  шығыс  Дешті-

Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне  

қоныс аударуы мұрындық болды.

* * *

Ол  кезде  Жетісуді  билеген  Моғолстан  ханы  Есенбұға 



(1434-1464 жылдары билік еткен) қоныс аударған  қазақтарды 

Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. 

Осы  оқиға  жөнінде  тарихшы  Мұхаммед  Хайдар  Дулати 

«Тарих-и-Рашиди»  атты  еңбегінде  былай  дейді:  «Ол  кезде 

Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен 

шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан 

мен  Керей  Моғолстанға  көшіп  барды.  Есенбұға  хан  оларды 

құшақ  жая  қарсы  алып,  Моғолстанның  батыс  шегіндегі  Шу 

мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, 

Әбілхайыр  хан  дүние  салды  да,  өзбек  ұлысының  шаңырағы 

шайқалды.  Ірі-ірі  шиеленістер  басталды.  Оның  үлкен  бөлігі 

Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына 

жиналғандардың  саны  200  мыңға  жетті.  Оларды  өзбектер  – 

«қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары  (1465-

1466 жж.)  билей бастады...».

* * *


1470  жылы  қыста  Қазақ  ханы  Керей  қол  бастап 

Түркістанға  шабуыл  жасады.  Қазақ  ханы  Әз  Жәнібектің 

үлкен баласы Махмұд сұлтан Созақ қаласын бағындырды, 

екінші баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде 

қазақтардан  соққы  жеген  Мұхаммед  Шайбани  Бұхараға 

қашты. Сөйтіп, Сырдария жағасындағы  Созақ және  Сауран  

қалалары  Қазақ хандығының  құрамына  кірді.

* * *


1523-1533 жж. Қасымның немере інісі Тахир хан болды. 

Бірақ  оның  ел  билеуге  қабілеті  төмен,  әскери-саяси  және 

елшілік істерге олақ адам еді. Ол феодалдық қырқыстарды 

тия  алмады,  көрші  елдердің  көпшілігімен:  Шайбани 

әулетімен, Ноғай Ордасымен және Моғолстан хандарымен 

де  жауласты.  Бұл  соғыстарда  қазақтар  жеңіліп,  Қазақ 

хандығы  оңтүстіктегі  және  солтүстік-батыстағы  жерінің 

біраз  бөлігінен  айырылып,  оның  ықпалы  тек  Жетісуда 

ғана  сақталып  қалды.  Тахир  хан  Жетісуға  қашып  барып 

Моғолстан  ханына  қарсы  қырғыздармен  одақ  жасасты. 

1527 жылдан кейін ол көбінесе қырғыздарды биледі, ойрат-

жоңғарлардың Жетісуға жасаған шабуылына қарсы күресті. 

Мемлекеттік  билік  құлдырап,  мемлекеттің  шекара  аумағы 

қысқара түсті. 

* * *

Тахир  ханның  өлімінен  кейін  оның  інісі  Бұйдаш  (1533-



1534  жж.)  қазақ-қырғыз  бірлестігінің  басшысы  болды. 

Жетісу өңіріне билік еткен ол қазақтардың бір бөлігін ғана 

билеген.  Оның  тұсында  да  феодалдық  қырқысулар  мен 

соғыстар  тоқталған  жоқ.  ХҮІ  ғасырдың  30-жылдарында 

Бұйдаш  ханмен  қатар  өзге  де  қазақ  хандары,  мысалы, 

Қазақстанның  батыс  өңірінде  Ахмет  хан,  Жетісуда  Тоғым 

хан болған. Міне, бұл жағдай Қазақ хандығының феодалдық 

бытыраңқылыққа ұшырағандығын көрсетеді.

* * *

Қасым  ханның  баласы  Хақназар  хан  (1538-1580  жж.) 



тұсында  Қазақ  хандығы  қайта  бірігіп,  дами  түсті.  Ол 

хандық билікті нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат 

жұмсады. Өзінен бұрын бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ 

хандығын  қайта  біріктірді.  Хақназар  қазақ-қырғыз  одағын 

одан  әрі  нығайтты,  сол  заманның  тарихи  деректерінде 

оны  «қазақтар  мен  қырғыздардың  патшасы»  деп  атады. 

Ол  осы  қазақ-қырғыз  одағына  сүйене  отырып,  Моғолстан 

хандарының  Жетісу  мен  Ыстықкөл  алабын  жаулап  алу  

әрекетіне тойтарыс берді.

* * *


Хақназар  ханды  1580  жылы  Абдолла  ханның  қарсыласы 

Ташкент  билеушісі  Баба  сұлтан  астыртын  өзінің  адамын 

жіберіп  өлтіртті.  Қадырғали  Жалайырдың  айтуынша  «Оның 

да атағы мен абыройы туралы көп айтылады. Алайда Хақназар 

хан өз араларында болған қақтығыстарда қаза болған».

Жалғасы газеттің келесі нөмірінде)

ЖАҢА КІТАП

Тараз мемлекеттік педаго-гикалық 

институтында  «Қазақ  хандығы» 

энциклопедиясы 

жарық 

көрді. 

Ғылыми еңбек ТарМПИ жанындағы 

Жүсіп 

Баласағұн 

атындағы 

Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу 

орталығында дайындалған.

Энциклопедияда  Қазақ  хандығына 

қатысты 

ғылыми 


зерттеулердің 

нәтижелері 

барынша 

молынан 


енгізілген.  Қазақ  хандығының  тари-

хында  өзіндік  із  қалдырған  хандар, 

сұлтандар,  билер,  батырлар,  ақындар 

мен  жыраулар  және  өзге  тұлғалар 

мен  тарихи  оқиғаларды  жан-жақты 

қамтыған 360-қа жуық мақала, 300-ден 

астам суреттер мен карталар берілген. 

Сонымен  қатар,  Қазақ  хандығы  та-

рихын  зерттеуге  елеулі  үлес  қосқан 

ғалымдар  жайлы  мәліметтер  де  бар. 

Энциклопедиялық  басылымды  даяр-

лау туралы идеяның авторы – Жамбыл 

облысының  әкімі  Кәрім  Көкірекбаев, 

Бас  редакторы  –  ҚР  ҰҒА  корреспон-

дент  мүшесі,  тарих  ғылымдарының 

докторы, профессор, Тараз мемлекеттік 

педагогикалық институтының ректоры 

Дария Қожамжарова. 

Тәуелсіздік қазақ халқының өшкенін жандырып, өлгенін тірілтті. Алматы мен Астанада, облыс 

орталықтары мен ірі елді мекендерде Керей мен Жәнібек, Абылай мен Әбілқайыр сияқты әйгілі 

хандарымыздың, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың еңселі ескерткіштері бой көтеріп, 

олардың есімдері елді мекендерге, жоғары оқу орындары мен мектептерге берілді. Бабалардың 

ерлік  пен  күреске  толы  өнегелі  өмір  жолдары  жайлы  том-том  ғылыми  еңбектер  мен  әдеби 

шығармалар жазылды. Тәуелсіздікпен бірге оралып, ұрпағына ұланғайыр қоныс қалдырған батыр 

бабаларымыздың биік рухы қазақтардың, әсіресе, жаңа буынның арасында аса зор патриоттық 

өрлеу туғызып, ұлт тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатты.

Қазақ, Жұбан ақын айтқандай, «мың өліп, мың тірілген» халық. Бірлігі жарасқанда даңқы 

асып, билікке таласқанда берекесі қашқан. Баршаға белгілі, байырғы бабаларымыз бөрілі 

байрақ ұстап, Байкалдан Балқанға дейінгі алқапты еркін жайлаған. Көгімізде желбіреген 

алтын  күн  астында  қыраны  қалықтаған  туымыз  мемлекеттігіміздің  үзілмей  жалғасып 

жатқандығының айғағы.

Қазақ хандығы бұдан бес жарым ғасыр бұрын ғана шаңырақ көтерсе де, Еуразияның 

ұлы даласында орнаған арғы дәуірдегі сақ, ғұн, үйсін мемлекеттерінің, бергі замандағы 

Ұлы түрік қағандығы, Дешті Қыпшақ пен Алтын Орда мемлекеттерінің заңды мұрагері 

болды.  Арғы  дәуірлерге  бармай-ақ,  таза  түркілік  заманымызға  зер  салар  болсақ,  әйгілі 

Рим империясы құлап, Еуропадағы осы күнгі мемлекеттердің нобайы да әлі қалыптаса 

қоймаған, ал Қытайда үш патшалық пен алуан әулет өзара қырқысып жатқан 6 ғасырда 

– 552 жылы Алтайда Ұлы түрік қағанаты атты қуатты, күшті мемлекет дүниеге келді. Ол 

небәрі жарты ғасыр ішінде Алтай мен Кавказ арасындағы алып далада жеке дара билік 

жүргізді. Дәуірлеп тұрған кезінде Византия мен Ираннан, Қытайдың екі патшалығынан 

алым алған ер түріктің берекесі кетіп, өз ішінде билікке талас бастағанда, әуелі батыс және 

шығыс болып ажырап, кейін оғыз, қарлұқ, қыпшақ болып бөлініп, жауларына жем болды.

Сегізінші ғасырда тасқа қашалған Күлтегін жазуында: «Алдау мен арбауға арандаған түрік 

халқы бірлігінен айырылды. Табғаштарға қайсар ұлдары құл, көрікті қыздары күң болды», – 

деп жазылған. Қай заманда болмасын, барлық жеңістеріміздің бастауы береке-бірлік екенін жас 

ұрпақ ешқашан ұмытпай, өткеннен сабақ алуы үшін Күлтегін жазуының көшірмесін жасатып, 

Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің атриумына қойғыздым.

Бүгінгі  тәуелсіз  түркі  мемлекеттері  –  Түркия,  Қазақстан,  Өзбекстан,  Әзербайжан, 

Түрікменстан  мен  Қырғызстан  және  дүниенің  әр  түкпіріне  тарыдай  шашылған  жалпы 

саны 200 миллионнан асатын 30-дан астам түркітілдес ұлттар мен ұлыстардың ұлы бабасы 

ер түрік аталарымыз болатын. «Түрік» сөзінің бір мағынасын әйгілі түрколог, академик 

А.Н. Кононов «берік» яғни «бірігу», «бірлік» сөзінен шығарады. Ендеше, түркі халықтары 



АТА ТАРИХ АМАНАТЫ – ТҮРКІ ДҮНИЕСІНІҢ БІРЛІГІ

№ 2 (02)

1 қазан, 2015 жыл

бейсенбі

БОЛҒАН ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ!» 

РУХАНИЯТ

5

21-30 қыркүйек күндері Өнер және мәдениет факультетінде  «Тарихқа мың тағзым» атты 

тақырыпта декада өтті

НYРЛЫ


НYРЛЫ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫК ИНСТИТУТЫ

ЖОЛ


ЖОЛ

«БІЗДІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМЫЗ – ҰЛЫ ІСТЕРДІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

ҚАЗАҚ 


ХАНДАРЫНЫҢ 

КЕСТЕСІ


«ҰЛЫ ДАЛА 

ӨСИЕТІ»


1465-1473  жж.

  –  Керей  хан.  Керей  –  Болат 

сұлтанның баласы.

1473-1480  жж.

  –  Жәнібек  хан  –  Барақ  ханның 

баласы.

1480-1511  жж. 

–  Бұрындық  хан  қазақтарды 

басқарды. Керей ханның баласы.

1511-1518 жж.

 – Қасым хан билігі. Әз Жәнібектің 

ұлы.

1518-1523  жж.

  –  Қасымның  баласы  Мамаш  хан 

болды. 

1523-1532 жж. 

– Қасымның немере інісі Тақыр хан 

болды. 

1533-1534 жж. 

– Бұйдаш хан Тақырдың інісі хан 

болды.

1534-1535 жж.

 – Қожа Мақмұт хан болды.

1535-1537  жж.

  –  хан  атағы  болған  сұлтандар: 

Тоғым  хан,  Ахмет  хан,  Хақназар, 

Наурыз-Ахмет хан.

1538-1580  жж.

  –  Хақназар  Қазақ  хандығының 

ханы болды, Қасымның баласы.

1580-1582 жж. 

– Жәнібектің немере інісі 80 жастағы 

Шығай таққа отырды. 

1582-1598  жж. 

–  Шығай  қайтыс  болып,  орнына 

баласы Тәуекел отырды. 

1598-1628  жж. 

–  Есім  хан  билігі.  Шығайдың 

баласы, Тәуекел ханның інісі.

1613-1627 жж.

 – Тұрсын хан билігі.

 1628-1652 жж. 

– Жәңгір хан болды. Есім ханның 

баласы. 

1680-1715  жж.

  –  Әз-Тәуке  хан  билігі.  Салқам 

Жәңгірдің баласы. 

1718-1726 жж. 

– Батырдың билігі.

1726-1730  жж.

  –  Болат  хан  билігі.  Болат  –  Тәуке 

ханның баласы.

1720-1740  жж.

  –  Ұлы  жүзді  Жолбарыс  хан 

басқарды.

1718-1748 жж. 

– Әбілхайыр Кіші жүзге хан болды.

1748-1786 жж.

 – Нұралы Кіші жүзге хан болды.

1791-1794 жж. 

– Ералы Кіші жүзге хан болды.

1795-1797 жж. 

– Есім Кіші жүзге хан болды.

1797-1805 жж.

 – Айшуақ Кіші жүзге хан болды.

1805-1824  жж.

  –  Шерғазы  Кіші  жүзге  соңғы  хан 

болды.

1716-1719 жж. 

– Орта жүз ханы Қайып хан билігі.

1719-1734 жж. 

– Орта жүз ханы Сәмеке хан билігі.

1734-1771 жж.

 – Орта жүз ханы Әбілмәмбет билігі.

1771-1781 жж.

 – Үш жүздің ханы Абылай билігі.

1781-1819 жж.

 – Орта жүз соңғы ханы Уәли билігі.

1815-1817 жж.

 – Орта жүз соңғы ханы Бөкей билігі.

1841-1847 жж.

 – Кенесары қазақтың соңғы ханы. 

Кенесары  –  Абылай  ханның 

немересі, Қасым төренің баласы.

Қазақ  хандығының  550  жылдығы 

қарсаңында «Қазығұрт» баспасынан 

«Ұлы дала өсиеті» атты кітап жарық 

көрді.

«Ұлы  дала  өсиеті»  кітабының  бета-

шары  ретінде  тәуелсіздік  туын  тігіп, 

мемлекетіміздің  әлемдегі  дамыған 

отыз  елдердің  қатарынан  табылуы 

үшін  ерен  еңбек  атқарып  келе  жатқан 

Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш 

президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

ой-тұжырымдары  берілді.    Жинақ 

үш  бөлімнен  тұрады.  «Ой  түбінен 

шыққан  сөз...»  деп  аталатын  алғашқы 

тарауда  біздің  дәуірімізге  дейінгі 

мыңжылдықтарда  өмір  сүрген  Ан-

харсистен  бастап  (Анақарыс),  түркі 

дүниесіне  өлшеусіз  үлес  қосқан  – 

Тоныкөк, Білге қаған, Күлтегін сияқты, 

сондай-ақ  іргелі  мемлекет  құрған  ой-

шыл  да  қолбасшы  тұлғалардың  тасқа 

бәдізделіп, бізге жеткен ғажайып ойла-

ры сарапталып, бір ізге түсірілді. «Қара 

қылды қақ жарған» тарауынан қазақтың 

би-шешендері, 

ақын-жырауларының 

ел  болу  идеясы,  атамекен,  ерлік  пен 

имандылық  төңірегіндегі  құнды  ой-

пікірлерін  оқи  аласыздар.  «Құмнан 

алтын  сүзгендей»  деп  аталатын  соңғы 

бөлімде  елдің  егемендігін  аңсап,  жа-

нын пида еткен Алаш ардақтылары мен 

тәуелсіздік идеясын ұлтымыздың сана-

сына сыналап сіңірген сөз зергерлерінің 

ой-толғамдары көрініс тапты. 

жаратылысында  әрдайым  бірге,  береке-бірлікте  болу  үшін  жаратылған.  Бабаларымыз 

да  бізге  осыны  мирас  еткен.  Бірлік  –  біздің  барлық  жеңістеріміздің  алтын  қайнары,  ел 

қорғағанда күш-қуат берер асқақ айбары. Осыны әрдайым жадымызда ұстауымыз керек. 

Жаһандану заманында тағдыр талайымен бөлініп кеткен, тілі, ділі, діні мен тегі бір түрік 

халықтары  ХХІ  ғасырда  ынтымақ  жарастыруы  қажет.  Сөйтіп,  саясатта,  экономикада, 

ғылым мен технологияда өзара ықпалдастық пен байланыстарды күшейте беруіміз керек. 

Ата  тарихы  бізді  осыған  шақырады.  Бүгінгі  той  –  ең  алдымен,  Қазақ  хандығының  550 

жылдық  тойы.  Атақты  Мұхаммед  Хайдар  Дулатидің  деректері  бойынша,  1465  жылы 

Қозыбасы тауының етегінде тарихи оқиға болды. Бұл – біздің елдігіміздің тамыры тереңде 

жатқанын танытатын аса маңызды тарихи дерек. Керей мен Жәнібек хандар Әбілқайыр 

ұлысынан бөлініп, Шу мен Таластың арасында Қазақ хандығының шаңырағын көтерді. 

Алты  алаш  анттасып,  айырылмасқа  сөз  байласып,  Ұлытауға  таңбаларын  қашап  жазды. 

Осылайша, тарих сахнасына Қазақ деген халық шығып, ұлан-ғайыр өлке Қазақ жері деп 

атала  бастады.  Одан  соң  қасқа  жолды  Қасым  хан  хандықтың  іргесін  бекітіп,  керегесін 

керді.  Хақназар  хан  шекарасын  Еділдің  бойына  дейін  кеңейтсе,  Тәуекел  хан  Түркістан 

өлкесін түгелдей Қазақ хандығына қаратты. Еңсегей бойлы ер Есім елдің іргесін бекіту 

жолындағы  күресте  қолбасшылығымен  танымал  болды.  Салқам  Жәңгір  хан  Орбұлақ 

түбіндегі шайқаста жоңғарларға ойсырата соққы берсе, әз Тәуке «Жеті Жарғыны» енгізді.

Қазақ хандығы кезеңі – ат жалында күн кешкен алаш жұртының қаһармандық дәуірі. 

Ел билеген хандардың өмірі майдан шебінде өтті. Қазақтың алғашқы он төрт ханының 

жетеуі жорық жолында қаза тапты. Осынау ұлы бабалардың биік рухына барлық ұрпақ 

айрықша құрметпен бас иіп, ризашылығын білдіреді. Олардың ұлтқа сіңірген ұшан-теңіз 

еңбегі  әрдайым  ел  есінде  сақталады.  Қазақтардың  талай  буыны  қой  үстіне  бозторғай 

жұмыртқалаған  мамыражай  заман  орнатқан  хан  ретінде  қадірлейтін  әз  Тәуке  биліктен 

кеткен соң халқымыздың береке-бірлігі әлсіреп, жүзге және руға бөлінушілік белең алды.

Орталық  Азиядағы  аса  қуатты  әскери  мемлекет  саналатын  Қазақ  хандығының  осы 

осалдығын  оңтайлы  пайдаланған  жоңғарлар  тұтқиылдан  соғыс  ашып,  ел  тарихына 

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен енген трагедияға ұшыратты. Дәл осы 

тұста тарих сахнасына қол бастаған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Малайсары сияқты 

батырлар, сөз бастаған Төле, Қазыбек, Әйтекедей дуалы ауыз билер, ел бастаған Абылай, 

Әбілқайырдай хандар шықты. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, береке-бірлігі 

асқан  қазақ  қолы  1730  жылы  Аңырақай  түбінде  жоңғарларға  күйрете  соққы  беріп,  ата 

қонысын жаудан біржолата азат етті.

(Мемлекет  басшысы  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақ  хандығының  550  жылдығына 

арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінен үзінді)

АТА ТАРИХ АМАНАТЫ – ТҮРКІ ДҮНИЕСІНІҢ БІРЛІГІ

ЖАҢА КІТАП

№ 2 (02)

1 қазан, 2015 жыл

бейсенбі

БОЛҒАН ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ!» 


В августе этого года в Казахстане прошли 

празднования  170-летнего  юбилея  Абая. 

Основные  торжества  прошли  в  Семее  и  на 

родине  Абая  –  Жидебае.  Накануне  научной 

конференции  в  театре  имени  Абая  прошел 

благотворительный  музыкальный  вечер 

«Мир Абая» з.а. РК, лауреата Государственной 

премии РК Шахимардана Абилова, который 

состоял  из  трех  частей:  песни  Абая,  песни 

казахских  композиторов  на  стихи  Абая  и 

песни на стихи – переводы Абая. Подытожил 

концерт  со  словами  об  Абае  известный 

абаевед, доктор философских наук, академик 

Гарифолла Есим. 

6  августа  в  Семее,  в  Университете  имени 

Шакарима,  мне  довелось  быть  участником 

Международной 

научно-практической 

конференции «Абай и мировая цивилизация», 

посвященной  юбилею  Абая.  Состоялась 

презентация 

нового 

документально-



публицистического  фильма  «Абай»,  после 

показа  которого  состоялись  прения,  отзывы 

ученых и писателей, отметивших достоинства 

и  недостатки  экранного  произведения,  в 

частности, запомнилось детальное обсуждение 

писателя  Султана  Оразалина  и  абаеведа, 

профессора Мекемтаса Мырзахметова. После 

фильма  состоялось  пленарное  заседание,  на 

котором  с  докладами  выступили  зарубежные 

ученые Кабир Зафер из Турции, Миниегулов 

Хатин  Юсупович  из  России  (Казань), 

занимающиеся 

изучением 

творчества 

Абая  и  переводом  его  произведений,  они 

презентовали свои труды по Абаю оргкомитету 

конференции,  также  были  заслушаны 

известные абаеведы страны – д. филол. наук, 

профессор Мырзахметов Мекемтас, д. филол. 

наук,  профессор  Журтбай  Турсын,  ученые 

вузов ВКО и страны. Во второй половине дня 

встарейшем  в  Казахстане  драмтеатре  имени 

Абая  состоялся  торжественный  юбилейный 

вечер,  который  открыли  госсекретарь  РК 

Гульшара  Абдыкаликова,  аким  Восточно-

Казахстанской  области  Даниал  Ахметов, 

выступили 

абаевед 


Гарифолла 

Есим, 


зарубежные гости и др. Состоялся праздничный 

концерт,  на  который  были  приглашены 

известные  солисты  оперы  из  Алматы  и 

Астаны,  удивили  мастерством  оркестр 

народных  инструментов  Семея  и  местные 

певцы.  Далее  торжества  продолжились  на 

родине Абая, в Жидебае. По дороге из Семея 

в Жидебай остановились у памятника-могилы 

двух влюбленных Енлик и Кебек, трагически 

погибших в 18 веке, историю которых воспел 

Шакарим  в  своей  опубликованной  поэме 

«Енлик-Кебек»  (1912)  и  написал  первую 

пьесу  Мухтар  Ауэзов  (1917).  В  Жидебае 

я 

посетил 



архитектурно-мемориальный 

комплекс «Абай – Шакарим», где поклонился 

прахам Абая, Шакарима, матери Абая Улжан 

и  бабушки  Зере,  прошелся  по  историческим 

залам  Дома-музея    Абая.  В  Карауле  прошли 

различные  конные  состязания,  палуаны 

показывали  свою  силу  и  ловкость,  а  в  ДК 

прошел  республиканский  айтыс  с  Журсином 

Ерманом. По возвращении в Семей состоялся 

визит  в  Восточно-Казахстанский  областной 

музей  изобразительных  искусств  имени 

семьи  Невзоровых  на  площади  имени  Абая. 

Это  поистине  храм  искусства,  великолепное 

двухэтажное 

здание 

с 

огромными 



многочисленными 

залами, 


в 

котором 


представлены,  в  основном,  подлинные, 

малоизвестные  широкой  общественности 

картины европейского искусства 14-19 веков, 

русского  искусства  19-20  вв.,  казахстанского 

19-21вв.,  СНГ  –  20-21вв.  Специальный  зал 

был отведен «Передвижникам», где находятся 

интересные  картины  русских  художников 

19  века,  богато  представлены  пейзажная 

живопись  и  жанровые  картины  практически 

всех представителей этого направления.

Я  счастлив,  что  стал  свидетелем 

исторических событий, окунулся в мир Абая, в 

мир прекрасного, познакомился с интересными 

людьми.  К  юбилею  Абая  мной  написаны 

несколько  научных  и  методических  статей

опубликованных в республиканских журналах, 

а также две статьи – в «Казахстанской правде» 

(18 марта, 22 августа 2015). По итогам фото и 

видеосъемок составил видеоролик. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет