2-3 жастағы баларды тәрбиелеу



бет1/4
Дата23.10.2022
өлшемі26,14 Kb.
#45057
  1   2   3   4

2-3 жастағы баларды тәрбиелеу


Ең негізгі және күрделі мәселелердің бірі ,ол дені сау адамды өсіріп тәрбиелеу. Осы мәселенің көпжақтылығын түсіну үшін алдымен денсаулықтың не екенін білейік. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен берілген аңықтама «Денсаулық тек қана ағзаның аурулары ғана емес,ол адамның тұтастай физикалық,психикалық және әлеуметтік саулық күйі» деп берілген.Осы құрылымның бір саласының ақсауынан тұтастай адамның дамуына кері әсер етеді.
Қазіргі кезде артық салмақтық,қанқаның дұрыс қалыптаспауы,әртүрлі ауруларға тұрақтылығы қалыптаспандығынан балалардың денсаулықтары қауіп үстінде тұр.Бұл ақаулардың негізгі себептерінің бірі,ол балалардың қозғалысының аз болғандығынан туындап отыр.Көбінесе ата аналар үйде балаларын тыныш отырсын деп ,қозғалысты аз талап ететін ойындар,сурет салу,әрі кеткенде теледидардың алдында отыру әрекеттермен шектеледі.
Қозғалыс тума біткен қасиеттерінің бірі болып саналады.Ол адамның денсаулығына жағымды әсер етеді.Бала ағзасының барлық қызметінің жұмыс істеуіне,әлемді танып білуге,жан жақты дамуына МДМ гі балалардың жеке дара тұлға ретінде қалыптасуына педагогтардың жағдай жасау керектігінің маңызы зор. Сондықтан баланың қозғалу іс әрекетін толық қандыру қажет.
Екі,үш жастағы балалардың СӨС тегі тәрбиелеу жұмысының бағыты мынадай
1.Мәдени гигиеналық әдеттеріне баулу.
Тұрақты жағымды,жағымсыз әдеттерінің қалыптасуы бала кезінен басталатынын біз білеміз.Осы ерте кезден бастап ағзаға жағымды әсер беретін әдеттерге үйретудің манызы зор.Кіші жастағы балалардың мәдени гигиеналық навык қалыптасуын тәрбиелеу жұмысы актуальді мәселелерінің бірі болып саналады.
Мәдени гигиеналық қылықтарының қолайлы қалыптасуына екі бөлімнен тұратын жобалы жоспар құрастырылып отыр.Мұнда сабақтарда,күнделікті өмірде қолданатын әртүрлі ұйымдастыру іс әрекетінің формалары ,дидактикалық ойындар,ойын жаттығулары,әңгімелер,көркем әдебиеттерді оқу,сурет,бақылау,жаттау,сюжеттік рөльдік ойындар берілген.
Кіші жастағы балалардың мәдени гигиеналық қылықтарын қалыптастыру бойынша жобалы жоспар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет