2-апта. 3-5 СӨЖ. Тақырыбы: Өзін-өзі бағалауға арналған әдістемелер. Өзіндік сана-сезімін анықтау әдістемесі



Дата25.11.2023
өлшемі16,35 Kb.
#128113

2-апта. 3-5 СӨЖ.
Тақырыбы: Өзін-өзі бағалауға арналған әдістемелер. Өзіндік сана-сезімін анықтау әдістемесі.
Қоғамдағы әлеуметтік- экономикалық ситуацияның өзгеруі қоғамдық тарихи процесстердің өрістеуі білім сферасында өзгерістер балалардың өзін — өзі бағалаумен кәсіби іс — әрекетінің байланысында жаңа ықпалды жасауға талап етеді. Өзін – өзі бағалау деңгейі тұлғаның қандай да бір деңгейінде әлеуметтік белсенділігін анықтайды. Өзін – өзі бағалау мәселесінің пайда болуы мен дамуы балалардың өзіндік қалыптасуының негізгі мәселесінің бірі, өзіндік сананың дамуының негізгі компоненті.
Балалардың әлеуметтік ортаға бейімделуі – бұл тек кәсіби іс – әрекетті таңдау ғана емес, сонымен бірге жалпы өмір жолын таңдау, қоғамда өз орнын табу. Әдебиет шолуында тұлғаның дамуы есею мәселесі және тәжірибелі бақылау белесінде көрінеді. Осы уақытта кіші мектеп жаста тәжірибе өзін – өзі қалыпты сезінуіне жеткіліксіз, ал ересектік тәжірибе әлі де саналы түрде игерілген жоқ. Осыған орай кіші мектеп жасындағы балалардың негізгі ерекшіліктері айырылады:
— басқа жастарға қарағанда эмоционалды қарым – қатынасының жоғарғы мағыналылығы;
— балалық шаққа тән ересек әлеуметке өзін интенсивті әлеуметтендіру [1].
Осының барлығы кіші мектеп жаста эмансипативті мінез- құлық, негативті реакцияларының күшеюіне әкеліп соқтырады. Осының нәтижесінде балалардың да, ата – аналардың да тұлғалық мәселелерінің тұтас комплексін басынан өткізеді және олардың қобалжу деңгейі жоғарлайды.
Кіші мектеп жаста қысқа уақыт ішінде ілгері дамудың міндеттер шешімін табуы мәжбүр. Басты мәселе көмек бере алатын түрлі әлеуметтік институттардың көптігіне қарамастан адам есею кезеңінде бұл міндеттерді өз бетінше шешуі керек.Сондықтан осы мәселелерді шешу барысында балалық тұлғаның «қозғалуы» үнемі қарама — қайшы, даулы, қиын.
Бұл қоғамдық мақсаттар мен құндылықтарға әлеуметтік — педагогикалық жағдайларға және тәрбиеге, мәдениетке және ұрпақтық негізге мемлекеттегі және аумақтағы жағдайларға байланысты.
Кіші балалық шақ құндылық бағдарының қалыптасуы ерекше сезімтал жас болғандықтан көзқарасының қалыптасуына және қоршаған шындыққа қатынасына әсер етеді. Кіші балалық шақтағы негізгі жаңалық бұл өмірлік және кәсіби өзін – өзі анықтау, болашақта өзінің орнын саналы сезіну болып табылады.
Тұлғаның дамуы табиғи және заттық өмір жағдайында тұлғааралық қарым- қатынас.Нақты айтсақ құрдастарымен қарым –қатынас.Балалық шаққа тән қасиеттер:
— ұнаған адамдармен танысу біліктілігі;
— ұжымда өзін ерікті ұстау, оған маңызды топтың нормалары мен қызығушылықтарын бөлу қасиеті;
— өз ойы мен сезімін көрсете білу біліктілігі;
— қоршаған адамдарға өз ересектігін көрсете білу біліктілігі[2].
Кіші жастағы мектеп оқушыларының өзін – өзі бағалауы, мұғалім қойған бағалардың ықпалымен қалыптасады. Балалар өздерінің интеллектуалдық мүмкіндіктеріне және өзгелердің оларды қалай бағалауына ерекше назар аударады. Оң бағаны өзгелердің мойындауы балалар үшін маңызды. Мектеп психологі әртүрлі әдістемелердің көмегімен оқушының өзін – өзі бағалау деңгейін жарты жыл сайын бақылап отыруы тиіс. Позитивті көрініс – балалық шақта жаңа құндылықтар, қажеттіліктер, басқа адамдармен, табиғатпен қарым – қатынасының түйсігі, жаңаша өнерді түсінуі оянады. Кіші жасқа тән қасиеттер:ішкі қарама – қайшылық, талаптану деңгейінің белгісіз болуы, жоғары ұялшақтық және сонымен бірге басқыншылдық, шеткі позиция мен көзқарасты қабылдау бейімделігі.
Балалардың түрлі қауіп – қатермен кездескен жағдайда қиыншылықтарды жеңе бастайды. Ол үш деңгейде өтеді: бастапқы (когнитивті және аффективті) жағдайды бағалау, екінші мәселені шешу альтернативті мүмкіндігін бағалау, үшінші жағдайды қайта қарау және жаңа мінез –құлық альтернативаны таңдау.
Кіші жаста өзіндік санасы жастың жаңашылдығы болып табылады, ол басқа адамдарды терең түсінуге көмектеседі. Тұлғаның пайда болуына әсер ететін әлеуметтік даму, өзіндік сана арқылы келесі дамуға тірек болады. Өзіндік сананың қалыптасуы уақыт туралы бейненің дамуымен тығыз байланысты. Кіші жаста өзіне деген қатынасының өзгеруі көрінеді. Кіші жаста және жасөспірім жаста өзіндік ерекшеліктер тән, осы жастағы өсу және физиологиялық даму. Жағымды өмірлік жағдайларда жігітте дене бөліктерінің диспропорциясы болмайды, жасөспірімге тән қозғалыстың ыңғайсыз болуы болмайды. Оның бұлшық еттері өсіп, ол физикалық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді. Бірте –бірте оны қуалаған мазасыздық және қиындықтар кетеді.
И. С. Кон өзінің зерттеулеріңде бірінші орынға ойлау қаблеті, білімі, біліктілігі және дағдылар шығады деп айтқан. Адам, өзінің келбетін косметика, шаш үлгісі, спортпен шұғылдану арқылы кемшіліктерді жасыруға болатынын түсінеді. Бала сыртқы келбетті ғана емес сонымен қатар ішкі мазмұнды бағалай бастайды. Оның құрдастары да өзінің зейінін сыртқы келбетке емес, адамның тұлғалық қасиеттеріне көңіл бөледі [2].
Өзіңдік сананың дамуы –оқушыға тән тұлғалық ерекшелік. Өзіндік сана кіші сынып оқушылардың қоршаған адамдарға және өзіне деген қоятын талаптардың деңгейін анықтайды. Олар сыншыл болып, сонымен бірге ересекті және құрдастардың моральдік бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Бұл кіші сынып оқушыларының моральды бағыттардың, сезімдердің құрылуына жол береді.
Өзін – өзі бағалау отбасылық талаптарды, адамның өзіне деген талаптарды анықтайтын, сыртқы бағалардың бірте-бірте ену (интероризация) жолымен дамиды. Өзін –өзі бағалаудың қалыптасу мен нығаю шамасына қарай өмірлік ұстанымдарды бекіту және мойындатуға қабілеттілігі арта түседі. Адам нәтижесінде белгілі әлеуметтік ортада және осы қоғамның нормаларына сәйкес әрекеттенуге әдеттеніп қалған үрдіс, өнеге үйретеді, оның көптеген тұстары бар және де бүкіл өмір бойы жалғаса береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет