Шығындарды толық өтеу принципi құқықтың бұзылуына байланысты несие берушде туындаған нақты залалдың да, және жiберiп алынған пайданың да өтелуiн көздейдi. Нақты залал дегенiмiз өз құқығының бұзылуына байланысты несие берушi жұмсаған шығындардың жиынтығы (яғни бұзылған құқықты қалпына келтiру үшін есептелген шығындар), оған жоғалған не бүлiнген мүлiктердi қалпына келтiру шығындары да кiредi. Бұл ретте, нақты залалды өтегенде несие берушiнің жұмсаған шығындары да, ол жұмсауы тиiс шығындар да есептелiнедi.
Несие берушінің құқығы бұзылмағанда ол дағдылы айналым жағдайында алуы мүмкін табыстың келмеуі қолдан жіберіп алынған пайда деп түсініледі. Қолдан жіберіліп алынған пайданың мөлшерін анықтағанда несие берушінің оны алу үшін жүргізген шаралары да, сол табысты алу мақсатында жасалған дайындық жұмыстары да ескеріледі. АК-ның несие берушінің кінәсі туралы (364-бап) және несие берушінің мерзімді өткізіп алуы туралы (366-бап) нормалары ескеріліп, қолдан жіберіп алған пайданың мөлшерін анықтағанда несие берушінің шығынның ұлғаюына әсер еткен кінәсінің де, несие берушінің мерзімді еткізіп алуының да мән-жайы ескеріледі, олардың қолайсыз салдарлары, оның ішінде, шығындар да, несие берушіге жүктеледі. Бұл ретте қолдан жіберіліп алынған пайданың мөлшері объективтік критерийлер негізінде және нақты құқықбұзушылықтың барлық мән-жайлары ескеріліп анықталуға тиіс.
Жауапкершілік шарасының тағы бір таралған түрі — тұрақсыздың айыбы, оны құқықтық реттеу АК-ның 293-298-баптарында көзделген. Шығындар мен тұрақсыздық айыбын өндірудегі өзара қатынасты анықтау тәртібі 351-бапта көзделген. Жалпы ереже бойынша, егер міндеттемені орындамағандық үшін тұрақсыздық айыбы көзделсе, онда шығынның тұрақсыздық айыбы жаппаған бөлігі өтеледі. Сонымен қатар заңнамада немесе шартта мынадай жағдайлар көзделуі мүмкін: тек тұрақсыздық айыбы ғана өндіріледі (ерекше тұрақсыздық айыбының конструкциясы); шығын толық мөлшерде тұрақсыздық айыбына үстеме өндірілуі мүмкін (айыппұлдық тұрақсыздық айыбының конструкциясы); несие иесінің қалауы бойынша не тұрақсыздық айыбы, не шығындар өндірілуі мүмкін (баламалы тұрақсыздық айыбының конструкциясы). АК-ның 9-бабының 4-тармағына және 358-бабына, заң актілеріне немесе шартқа сәйкес шектеулі жауапкершілік белгіленген (мысалы, өндірілетін шығын мөлшерінің ең жоғаргы шегі белгіліенген, нақты шығындарды ғана енддру тәртібі белгіліенген және т.б.) жағдайда, шығынның тұрақсыздық айыбымен жабылмаған бөлігі, не үстеме, не оның орнына өндіруге жататын шығындар шектеумен белгіленген шектерге дейін өндірілуі мүмкін. Тиісінше, егер жауапкершілікті шектеу ерекше тұрақсыздық айыбын өндіру түрінде белгіліенген болса, шығындар өндіруге жатпайды.
АК-ның 354-бабының 1-тармағында, жалпы ереже бойынша, міндеттеме тиісінше орындалмаған жағдайда тұрақсыздық айыбын төлеу мен шығындарды өтеу міндеттемені заттай орындаудан борышкерді босатпайды. Заң актісімен немесе шартпен өзгедей тәртіп белгіленуі мүмкін. Атап айтқанда, тараптардың келісімімен міндеттемелерге жаңалау жүргізілуі немесе бас тарту төлемі жасалып міндеттеме тоқтауы мүмкін.
Керісінше, міндеттеме орындалмаған жағдайда тұрақсыздық айыбын төлеу және шығындарды өтеу, жалпы ереже бойынша, АК-ның 354-бабының 3-тармағына сәйкес борышкерді міндеттемені заттай орындаудан босатады. Шығындар құрамына бұл жағдайда несие берушінің міндеттемені борышкердің есебінен үшінші жақтың орындауына байланысты жасаған шығындары да кipyi мүмкін. (АК-ның 356-бабы)..