2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері



бет18/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#102796
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

қайта құру (АК 45-б.), яғни заңды тұлға құқықтары мен мiндеттерiнiң құқық мирасқорлық тәртiбiнде басқа заңды тұлғаға (бұрын болған не жаңадан құрылған) ауысумен қызметiнiң тоқтатылуы (бөлiнiп шығаруды қоспағанда);

  • таратылуы (АК 49-б.), яғни заңды тұлға құқықтары мен мiндеттерiнiң өзгеге ауыспай қызметiнiң толығымен тоқтатылуы.

    Заңды тұлғаларды қайта құру түрлері: қосу - бiрнеше заңды тұлғалардың орнына бiр жаңа заңды тұлғаның пайда болуы; бiрiктiру- бiр заңды тұлғаның басқасына қосылуы; бөлу- бiр заңды тұлғаның орнына бiрнеше жаңа заңды тұлғаның пайда болуы; бөлiнiп шығару- қызметiн тоқтатпай, бір заңды тұлғадан жаңа заңды тұлғаның пайда болуы. Мұндайда бастапқы заңды тұлға қайта тiркеуден өтуге тиiс (мүлкi өзгеруiне байланысты), ал бөлiнген, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуге жатады; өзгерту- заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруi.
    Заңды тұлғаларды қосу, бiрiктiру, өзгерту кездерiнде құқықтар мен мiндеттер өткiзу актiсiне сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады. Бөлу және бөлiнiп шығу кезiнде құқықтар мен мiндеттердiң ауысуы бөлу балансына сәйкес рәсiмделедi.
    Банкроттық-борышкердің соттың шешімімен танылған оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі.
    Борышкердің жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ақшалай міндеттемелер бойынша несие берушілердің талаптарын толық көлемде қанағаттандыра алмауы еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен еңбегіне ақы төлеу жөнінде есеп айырыса алмауы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді қамтамасыз ете алмайтын қабілетсіздігі сот белгілеген оның дәрменсіздігі деп түсініледі.
    Заңды тұлғаны тарату дегенiмiз - бұл оны заңды тұлғалардың мемлекеттiк тізiмнен шығару жолымен заңды тұлғаны тоқтату.
    Заңды тұлғаны тарату ерiктi және ықтиярсыз болуы мүмкiн. Еpiктi тәртiппен тарату заңды тұлға мүлкiнiң меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның шешiмi бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттары уәкiлдiк берген заңды тұлға органының шешiмiмен кез келген негiздер бойынша жүргiзiледi.
    Заңды тұлғаларды ықтиярсыз тарату соттың шешiмiмен жүргiзiледi.
    АК-ның 49-б. 2-т. сәйкес, соттың шешiмi бойынша заңды тұлға: 1)банкрот болған; 2)заңды тұлғаны құру кезiнде заңдардың түзетуге келмейтiн сипатта бұзылуына жол берiлуiне байланысты оны тiркеу жарамсыз деп танылған; 3)заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетiн қызмет үнемi жүзеге асырылған; 4)тиiстi рұқсат алынбаған (лицензиясыз )қызметтi не заң құжаттарында тыйым салынған қызметтi жүзеге асырған не қызметiн заңдарды бiрнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргiзген жағдайларда; 4)заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкiн, яғни ықтиярсыз тарату негiздерiнiң тiзбесi толық емес.
    Заңды тұлғаны тарату тәртібі АК 51 бабында баяндалған.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   90




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет