5. Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды иелену және тоқтатылуы Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды иелену және тоқтатылу негіздері АК-тің 13 және 14 тарауларымен реттелген.
Меншік құқығына ие болу әдістері – бұл тұлғада меншік құқығының пайда болуын туындататын заңды фактілер. Меншік құқығына ие болудың жалпы азаматтық және арнайы әдістері бар. Жалпы азаматтық әдістер азаматтық құқықтың кез келген субъектілерімен пайдалануы мүмкін (мыс., мәміле), ал арнайы әдістер тек нақты субъектілерде меншік құқығының пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін (мыс., тәркілеу, реквезиция).
Меншік құқығына ие болу әдістері бастапқы және туынды болып бөлінеді. Бастапқы әдістер (негіздер) кезінде затқа меншік құқығы бірінші рет немесе алғашқы меншік иесінің еркіне байланыссыз туындайды. Туынды әдістер кезінде меншік құқығы алдыңғы меншік иесінің келісімі бойынша және затты иеленушінің еркімен туындайды. Бұл ретте жаңа меншік иесінің құқықтарының көлемі бұрынғы меншік иесіне тиесілі болған құқықтардың көлеміне байланысты. Тиісінше, жаңа меншік иесіне меншік құқығының барлық ауыртпалықтары ауысады (сервитуттар, кепіл құқығы және т.б.).
Меншік құқығына ие болудың бастапқы әдістері:
Жаңа жасалған затқа меншік құқығын иемдену (АК 235-б. 1-т.), жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығының пайда болуы (АК 236-б.);
Мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған жемістерге, өнімге, табысқа меншік құқығын осы мүлікті заңды негіздерде пайдаланушы тұлғаның алуы (АК 235-б. 1-т. 2 абз.);
Затты өңдеу нәтижесінде меншік құқығын алу (АК 237-б.) егер шартта өзгеше көзделмесе, жаңа қозғалатын меншік құқығын материалдардаң меншік иесі алады, егер өңдеу құны материалдардың құнынан едәуір асып кетсе, жаңа затқа меншік құқығын, егер ол адал жұмыс істеп, өңдеуді өзі үшін жүзеге асырса өңдеуші тұлға алады;
Жинауға не аулауға арналған көпшілік қолды заттарды меншікке айналдыру (АК 241-б.);
Иелену мерзімі нәтижесінде меншік құқығын алу (АК 240-б. 1-т.): мүліктің меншік иесі болып табылмайтын, бірақ өзінің жеке қозғалмайтын мүлкіндей 15 жыл бойы, не өзге мүлікті кем кем дегенде 5 жыл адал, ашық және ұдайы иеленеген тұлға ол мүлікке меншік құқығын алады;
өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын алу (АК 244-б. 3-т.): өзіне тиесілі емес жер учаскесіне құрылысты жүзеге асырған адамға бұл учаске салынған құрылысты орналастыру үшін осы адамға белгіленген тәртіп бойынша берілген жағдайда ғана өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығы сотпен танылуы мүмкін;
иесіз эаттарға меншік құқығын алу (меншік иесі бас тартқан заттар, олжа, қараусыз жануарлар, көмбе – АК 243, 245, 246, 247 баптары);