5. Кепіл Кепіл – бұл міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдісі , бұл кезде несие беруші (кепіл ұстаушы) борышқор кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемні орындамаған жағдайда өз талаптарын кепілге салынған мүлік құнынан , бұл мүлік тиесілі тұлғаның өзге несие берушілері алдында артықшылықпен қанағаттандыруға құқығы бар.
Кепіл (кепіл құқығы) деп несие берушінің міндеттеме бойынша өз талаптарын борышкердің немесе заттық кепіл болушыныц белгілі 6іp затының не өзге мүлкінің құндылығы есебінен қанағаттандырудағы айрықша құқығы танылады. Кепіл бойынша қатынастар негізінен ҚР АК-мен, Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы През. з.к.б.Жарлықпен және т.б. көптеген нормативті актілермен реттеледі.
Кепіл міндеттемесінің тараптары: -Кепілге беруші- мүлікті кепілге беруші тұлға (борышқордың өзі , сондай ақ үшінші тұлға болуы мүмкін); Кепіл ұстаушы-мүлікті кепілге алған тұлға (негізгі міндеттеме бойынша несие беруші болады).
Кепіл : 1) шарт негізінде; 2) заң құжаттарының негізінде пайда болуы мүмкін.
Кепіл туралы шарт жазбаша нысанда жасалады, жазбаша нысанды сақтамау шарттың жарамсыздығына соқтырады. Мемлекеттік тіркелуге тиісті мүлік кепілге салу осы мүліктің тіркелуін жүзеге асыратын органда тіркелуге тиіс.
Кепіл туралы шарттың мазмұны :
Кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттеменің мәні, мөлшері мен орындалу мерзімі ;
Кепілге салынған мүлік қай тарапта екендігі және оны пайдалануға болатындығы көрсетілуі тиіс.
Кепіл мәні ретінде кез келген мүлік бола алады, соның ішінде: - Заттар, соның ішінде жылжымайтындары (айналымнан алынып тасталған заттарды қоспағанда). Жер учаскесінің кепілі онда орналасқан жылжымайтын мүлікке таралмайды; керісінше, құрылыстарды немесе ғимараттарды кепілге салу олар орналасқан жер учаскесін бір уақытта кепілге салумен қатар жүргізіледі. Мүліктік құқықтар, бұған несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты құқықтар, және заң актілерімен өзге тұлғаларға беруге тыйым салынған өзге де құқықтар кірмейді.
Кепіл мәні болып табылатын ақша банкке орналастырылады. Заң кепілге салынып қойған мүлікті қайта кепілге салуға жол береді (АК 311-бап). Егер шартта өзгеше көзделмесе, кепіл беруші: - кепілге салынған мүлікті пайдалануға; - кепіл ұстаушының рұқсатымен кепіл мәнімен билік етуге құқылы.
Иелігінде кепіл мәні болатын тұлғаның (кепіл берушінің не кепіл ұстаушының) кепіл мәнінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша міндеттері:
- кепіл берушінің есебінен кепілге салынған мүлікті сақтандыру;
- кепілге салынған мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін, соның ішінде оны қол сұғушылықтардан және үшінші тұлғалардың тарапынан болатын талаптардан қорғау үшін қажетті шаралар қолдану;
- кепілге салынған мүліктің бүліну немесе жоғалу қаупінің туындағаны жөнінде басқа тарапты дереу хабардар ету.
Кепіл ұстаушының мұндай міндеттерді өрескел бұзуы кезінде, егер бұл кепіл мәнінің жойылу немесе бүліну қауіпін туындатса, кепіл беруші кепілдің мерзімінен бұрын тоқтатылуын талап етуге құқылы.
Кепіл ұстаушы және кепіл беруші кепілге салынған мүліктің жай-күйін тексеруге құқылы.
Кепілге салынған мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бүліну қаупін, егер кепіл шартында өзгеше көзделмесе кепілге беруші көтереді.
Кепіл ұстаушы кепіл мәнінің толық немесе ішінара жоғалу немесе бүлінуі үшін егер кінә болса (қасақаналық не абайсыздық), ал кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде – дүлей күш болмаған кезде жауап береді.
Кепіл мәнін ауыстыру, егер заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, кепіл ұстаушының келісімімен ғана жол беріледі.
Кепіл талапты, ол қанағаттандырылу сәтіндегі көлемде, соның ішінде пайыздарды айыппұлды қамтамасыз етеді.
Кепілдің келесі ерекше түрлері ажыратылады: