2 боөж ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары Орындаған



бет4/4
Дата29.09.2023
өлшемі80,18 Kb.
#111733
1   2   3   4
Байланысты:
2 тар МАРИНА

III.ҚОРЫТЫНДЫ.
Қорытындылай келе, Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Көшпеліліктің пайда болуы — белгілі бір климаттық жағдайлар, экологиялық ұяның (ниша) шектеулі мүмкіндіктері, табиғи ресурстардың сол өлкеде өмір сүруші этностың алдына қоятын табиғи талаптарына байланысты. Көшпелілер баспанасының алғашқы түрі арба үстіне орнатылған басқалқа, қос, күрке. Бара-бара көшпелілер көшіқонға ыңғайлы кереге, уық, шаңырақты киіз үйді ойлап тапты. Көшпелілердің ыдысы да көшуге ыңғайлы, сынбайтын, икемді материалдан — ағаш, теріден жасалды. Көшпелілікке өтуден бұрын мал шаруашылығы бірнеше өтпелі түрді: үй маңындағы малшылық, алысқа ұзамайтын бақташылық, жайлау бақташылығын басынан кешірді. Қола дәуірі – адамзат қоғамындағы тарихи - мәдени кезең. Ол қола металлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару - жарақ жасауға арналған негізгі материалға айналуымен сипатталады. Ежелгі металл өңдеу техникасы Қазақстан аумағында тау-кен ісі мен металлургия қола дәуірінен бастап дамыды. Осы кездегі кен орындарының көпшілігі ерте темір ғасырында да кен өндіруді тоқтатқан жоқ. Ежелгі металлургия орталықтары — Орталық және Шығыс Қазақстанда болды.


IV.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
1.  Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006.
2. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
3. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
4. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан. Алматы, 1995.
5. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы: «Қарасай», 2007. – 344 б.
6. Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна», 2006. – 768 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет