№2 Чернорецк жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Ахмет Айымгүл



Дата14.10.2023
өлшемі3,3 Mb.
#113938
Байланысты:
тәуелсіздік Ахмет Айымгүл ЧСОШ№2

№2 Чернорецк жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Ахмет Айымгүл


“Тәуелсіздік жолындағы қазақ батырларының ерен еңбегі”

Мақсаты: Ұлы даланы болашаққа мұра етіп қалдырған, Тәуелсіздік жолында батырларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен “қазақ” деген халқымызды сақтап қалу кезіндегі ерен ерлігін жас ұрпаққа насихаттау

Кіріспе Менің елім –Қазақстан! Қандай мәртебелі, кеудеңде мақтаныш пен өрелік отын лаулатар қасиетті ұғым. Бүгінде Қазақ елі татулық пен берекенің, бейбітшіліктің ордасы ретінде әлемге танылды. 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алды. Бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн. Бірақ осы күнге дейін көптеген қиын жолдарды өткерді. Тарихтың түбі тереңде, тәуелсіздік таңы қалай атқанын түсіну үшін тарихтан бастамасақ болмайды.

Сақ, Ғұн замандарынан бастап Қазақ жерінде алтыннан сарай салған, хандары әлeмдi ayзынa қaрaтқaн, Ұлы Дала жерінде жиырмадан астам мемлекет өмір сүрген. Монғол, жоңғар шапқыншылығы жылдары басымыздан бақ тайған, қан жылаған зар заманымыз өткелі бес ғасыр өтсе, ал Ресей боданы болғанға үш ғасыр өтіпті.

Сақ, Ғұн замандарынан бастап Қазақ жерінде алтыннан сарай салған, хандары әлeмдi ayзынa қaрaтқaн, Ұлы Дала жерінде жиырмадан астам мемлекет өмір сүрген. Монғол, жоңғар шапқыншылығы жылдары басымыздан бақ тайған, қан жылаған зар заманымыз өткелі бес ғасыр өтсе, ал Ресей боданы болғанға үш ғасыр өтіпті.

“Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама ”


Қаракерей
Қабанбай
Қанжығалы
Бөгенбай
Шапырашты
Наурызбай
Бәсентиін
Малайсары
Қазақтың басына түскен қасіретті жылдар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», қазақ халқының есінде ұлы қасірет болып мәңгі тарихта сақталады. Жоңғарияның мақсаты –қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, ұлан-байтақ жерді өзіне қарату болды.

XVIIІ ғасырдағы аса көрнекті қазақ билеушілерінің бірі, елдің саяси-экономикалық дамуына түбегелі өзгерістер енгізген атақты мемлекет қайраткері- Абылай хан болды. Өте күрделi қиын-қыстау кезіндің өзінде, Қазақ хандығының тәуелсіздігі мен аумақтың тұтастығын сақтай білді.


« Қазақ даласына ұлы істер тындыру үшін жіберілген құдіретті билеуші болды»
Шоқан Уалиханов

Ұлт-азаттық көтерілістер


Сырым Датұлы
Махамбет
Өтемісұлы
Исатай
Тайманұлы
Кенесары
Қасымұлы
XVIIІ –ХХ ғасырларда қазақ даласында Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы бірнеше ірі ұлт-азаттық қозғалыстар болды. Бұл көтерілістердің негізгі мақсаты- жер мәселесі болды.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс


Әбдіжапар Жанбосынов
Амангелді Иманов

Жәмеңке Мәметов
Бекболат Әшекеев
Ұзақ Саурықов
Қозғалыстың басты қозғаушы күші тұтастай халық бұқарасы болды. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде үш мың қазақ құрбан болды.

Алаш қозғалысы


Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы- ХХ ғасырдағы Алаш қозғалысы болды. «Қазақ» атауына балама саналатын «Алаш» сөзі тәуелсіз қазақ мемлекетін құру туралы ел арманын білдірді. Бұл қозғалыстың бастауында оқыған қазақ зиялылары тұрды.
1937-1938 жылдары лаңгестік жаппай сипат алып, көптеген қоғам қайраткерлері жазаланды. Осы жылдары «халық жауы» деген айдармен 135 мың қазақ интелигенциясы саяси репрессия құрбаны болып атылды. 1937-1938 жылдары 1 миллион адам атылып, 2 миллион тұтқында қаза болған.

Желтоқсан оқиғасы


Қайрат Рысқұлбеков
Ляззат Асаинова
Ербол
Сыпатаев
Сабира
Мухамеджанова
Желтоқсан оқиғасы Алматыда болған қазақ жастарының әміршілік-әкімшілік жүйесіне қарсы болған наразылық- азаттыққа ұмтылған қазақ халқының тарихтағы елеулі оқиғалардың негізгісі. Желтоқсан оқиғасы кезінде 99 адам сотталды, оның екеуі өлім жазасына кесілді, 264 студент оқудан шығарылды. Оқиға қатысқан бірнеше адам мерт болды.
Бүгінгі күні Қазақстандағы игіліктер еліміздің экономикасы мен ғылыми- ағартушылық, мәдениет салаларының дамуы негізінде жасалынды. Ашық аспан астында тату-тәтті, бақытты және бейбіт өмір сүріп жатқанымыз – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасы. Елбасымыздың бастауымен еліміз талай қиындықтан сүрінбей өтті. Мәңгілік ел болу елбасымыздың алға қойған игі бастамаларының бірі. «Мәңгілік ел»- Қазақ елінің ұлттық идеясы.

Қорытынды


Бүгінгі таңда, ата заңымыз, ұлттық ақшамыз, өзіміздің ана тіліміз, дініміз, ұлттық мейрамдарымыз және ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан әдет-ғұрыптарымыз бен салт-дәстүріміз бар. Мұның бәрі тек тәуелсіз елге тән нәрсе. Тәуелсіздік- біздің еліміздің негізгі құндылығы. Біз тәуелсіздігімізді сақтап, құрметтеп, онымен мақтануымыз керек. Ата-бабаларымыздың ерен еңбегін бағалап, батырларымызды ұмытпауға тиіспіз. Мен бейбіт елдің бақытты ұрпағымын. «Отан оттан да ыстық» деп ата-бабаларымыз текке айтпаған. Туған жерімді, туған елімді мақтан тұтамын. Болашақта туған халқым үшін, Отаным үшін аянбай еңбек етемін.

Назарларыңызға рахмет !



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет