1.1 сурет – Қолданбалы бағдарламалар мен деректер
қорының тәуелсіздігін қамтамасыз
ету
Тағы да бір ұғымды анықтайық.
Деректер банкі – дерекетрдің интегралданған жиынын
қолдауының, тілдік, алгоритмдік, бағдарламалық, техникалық және
ұйымдастырушылық құралдары, сонымен қатар деректер қоры ретінде
ұсынылған, осы деректердің өзі.
Деректер қорын басқару жүйесінің негізгі функцияларын атап өтейік:
1) Құрылатын деректер қорының құрылымының анықтамасы,
оның инициализациясы және бастапқы жүктемені жүргізу.
Ережеге сәйкес, деректер қорының құрылымын құру сұхбат
режимінде жүреді. ДҚБЖ қолданеушыдан қажетті деректерді жүйелі
түрде сұрайды. Көпшілік заманауи ДҚБЖ деректер қоры кестелердің
жиынтығы түрінде беріледі. Қарастырылатын функция жадыда кестенің
құрылымын сипаттауға және құруға, кестеде деректердің бастапқы
жүктемесін жүргізуге мүмкіндік
береді. MS Access ДҚБЖ үшін мұндай әрекеттердің мысалы
2.2 сурете келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |