Сұрыптау дегеніміз—берілген жиынның элементтерін белгілі бір ережелерге сәйкес орналастыру. Оның негізгі көздеген мақсаты – сұрыпталған жиыннан керек элементтерді іздеуді жеңілдету. Сұрыптауды көбіне массивтерді және файлдарды сұрыптағанда көп қолданады. Бұл екеуін әдетте ішкі және сыртқы сұрыптаулар деп атайды. Массивтер “ішкі” (жедел) жадыда орналасатындықтан, ішкі сұрыптау болады. Бұл жадыға тез қатынаймыз, ал файлдар бұдан бәсеңдеу, бірақ сыйымдылығы үлкендеу “сыртқы” жадыда, яғни есте сақтау құрылғыларында (диск, лента т.б.) сақталатындықтан, оны сыртқы сұрыптау деп атаймыз.

Көбікті сұрыптау
Сұрыптаудың көбікті әдісі (ағылш. bubble sort) - сұрыптаудың жеңіл түрі, яғни реттелетін жиымның көрші элементтерін тізбектік орын ауыстырудан тұратын сұрыптау тәсілі. Оның аталуы сумен толтырылған резервуардағы көпіршіктердің қозғалу кезіндегі процесске ұқсас болғандықтан осылай аталды. Әрбір көпіршік өз жиегін табады.
Мысалы, мына сандармен массив алайық «5 8 4 9 3» және оларды өсуі бойынша сұрыптайық, әрине ол үшін көпіршік әдісін қолданамыз. Қарамен белгіленген элементтер, мына этапта салыстырылып отырылған элементтер.

• Біртекті массивтерді сұрыптаудың «Көбікті» әдісі екі көрші элементті салыстыруға негізделген: егер үлкен элемен кішісінің сол жағында болса, онда элементтердің орындары ауыстырылады. Массив элементінің ең үлкені массивтің ең соңына орналасады. Әрі қарай алгоритм бірінші элементтен соңғы элементке дейін қайталанады.

• Массивтің бөліктерін сұрыптауда (Сұрыптаудың шарттары бойынша массив бөліктерін таңдаймыз) сұрыпталатын индекстер ретінде А массивіндегі элементтерді және қосымша В массивіндегі элементтерді аламыз ( онда таңдалатын массивтің бастапқы элементтері сақталады).