Артқы топтағы бұлшық еттер: иық – үшбасты бұлшықет, білезік бұлшық еті;
білек – тоғыз жазу бұлшықеті және супинатор.
Аяқ бұлшықеттері жамбас шиыршығы мен аяқтың еркін бөлігінің бұлшықеттеріне бөлінеді. Жамбас шиыршығының бұлшықеттеріне мықын – бел және үш бөксе бұлшықеттері жатады. Жамбастың алдыңғы бөлігінде тігінші бұлшықеті мен төртбасты бұлшықет орналасқан. Артқы бөлігінде – жамбастың екібасты бұлшықеті, жартылай сіңірлі, жартылай жарғақты бұлшықеттер. Ішкі бөлігінде – жіңішке қырлы, ұзын, қысқа және үлкен бұлшықеттер. Сирақтың алдыңғы жағында аяқ ұшы мен бақайларды жазатын, ал артқы бөлігінде оларды бүгетін бұлшықеттер орналасқан. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – балтыр бұлшық еттері.
1 – мимикалық бұлшықеттер;
2 – үлкен кеуделік бұлшықет;
3 – екібасты бұлшықет;
4 – іш пресінің бұлшықеттері;
5 – білек бұлшықеттері;
6 – қол ұшы бұлшықеттері;
7 – сан бұлшықеттері;
8 – балтыр бұлшықет
Өзін өзі тексеру сұрақтары