2 дәріс. Қазақ әдебиеттануының әдіснамалық мәселелері. Методологиялық ізденістер. Дәріс мақсаты


Ғылыми ұстанымын кезеңдік саяси көзқарас аясында емес, тарихи шындық тұрғысынан айқындауға тырысқан. Ол алғаш рет қазақ әдебиеті тарихын былайша жүйеледі



бет2/4
Дата28.09.2022
өлшемі27,6 Kb.
#40665
1   2   3   4
Байланысты:
2-дәріс

Ғылыми ұстанымын кезеңдік саяси көзқарас аясында емес, тарихи шындық тұрғысынан айқындауға тырысқан. Ол алғаш рет қазақ әдебиеті тарихын былайша жүйеледі:
“І. Бұрынғы әдебиет (Ү-ХҮ ғасырлар арасы). Қазақ ру-тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дәуірлеріндегі әдебиеті. Көбінше сол замандардағы түрік ру-тайпаларымен бірге жасаған ортақ әдебиет.
ІІ. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХІХ ғасыр арасы). Қазақтың өзіндік әдебиеті.
ІІІ. Қазақтың ХІХ ғасырдағы жаңа, сыншыл, реалистік әдебиет.
ІҮ. Қазақтың ХХ ғасыр басындағы (1900-1920 жылдардағы) әдебиеті.
Ү. Қазақ халқының Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейінгі советтік әдебиеті” Қазақ әдебиеті тарихын осы жүйелеу бойынша зерттеуді ұсынған ғалым тек тамыры бір түркі халықтарының әдебиеті де ортақ екендігіне қисынды байламдар жасайды.
Б.Кенжебаевтың бастамашыл боп көтерген қазақ әдебиетін дәуірлеу, оның тарихын түркі халықтарының бәріне ортақ ойма жазудан бастау туралы мәселелер ғылыми ортада мойындалып, ғалымның көзі тірі кезінде-ақ орнықты. Ұстаз-ғалымның өз мақсатына жету жолындағы қайтпас қайсарлығы, шәкірттерінің талмай ізденуі, мол қажыры, мұқалмас жігерінің нәтижесінде «қазақ әдебиеті 18-ғасырдан басталады» деген қасаң қағида бұзылып, қазақ әдебиетінің тарихы мың жарым жылға жуық уақытқа ары жылжыды. Қазақ әдебиетінің тарихы, әдебиеттану ғылымы үшін зор тарихи мәні бар бұл істің басы-қасында Кенжебаев шәкірттері тұр, ғасырларға бөлініп жеке-жеке зерттелген әрбір кезеңнің ғылыми дәлелденуінде Кенжебаев идеясы, оның шәкірттерінің қажырлы еңбектерінің көрінісі, зор үлестері, өзіндік қолтаңбалары жатыр. Б.Кенжебаевтың басшылығымен жұпыны ортада, шағын ғана кафедра аясында тындырылған іс өміршеңдігін көрсетті, шеңберін кеңейтті. Сөйтіп қазақ әдебиеттану ғылымында Б.Кенжебаев мектебі қалыптасты. Ұзақ ғұмырында ол әдебиеттанудың түрлі бағытында қалам тартып, көп ретте бастаушы болып, ғылым үшін, ұлт мәдениеті мен әдебиеті үшін ең өзекті мәселелерді көтере білді және оның өмірге еніп, іске асуына қажымай, талмай еңбек сіңірді. Әдебиет тарихы, ертедегі әдебиет, фольклор, XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, әдеби сын, әдебиет жанрлары және оның теориясы жайлы көкейкесті ойларын ортаға сап, қисынды жүйеге құрылған өз тұжырымдарын негіздеп отырды. Абайтануға, қазақ өлеңдерінің құрылысына қатысты, «Кодекс куманикус», «Дивани лұғат ат-түрік», «Құдатығу білік», «Оғуз-наме», «Қиссасул-Әнбия», «Мұхаббатнама», «Жүм жұма», «Саяхатнама» т.б. көне ескерткіштер туралы пайымдаулар жасады.
Бүгіндері әдебиеттанудың жеке-жеке салаларына айналған ғалымның негізгі ой-тұжырымдары оның З.Ахметов, Р.Бердібай, Р.Нұрғали, Т.Кәкішев, Х.Сүйіншалиев, М.Жолдасбеков, Н.Келімбетов, Т.Қожакеев, М.Мағауин, А.Еспембетов, А.Қыраубаева, У.Қалижанов, Т.Жұртбай, Қ.Ергөбек, С.Дәуітов, З.Бейсенғали т.б. тәрізді идеялас іні, шәкірттерінің зерттеулерінде жалғастық тауып, дамытылды, жаңа көзқарас, тың фактілермен толыға түсті. Ол кездері есімдерін атауға болмайтын, саясат бұғауында жатқан Шәкәрім, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев тәрізді Алаш ұранды әдебиет қайраткерлерін қоспағанда, әуелі С.Торайғыров шығармашылығы бойынша кандидаттық, одан соң сол кезеңдегі қазақ әдебиеті өкілдерін кең көлемде қамти отырып докторлық диссертация қорғаған ғалым қазақ әдебиетінің тұтас бір дәуірін түбегейлі зерттеп, 20-ғасыр басындағы әдебиеттің түрлі салалары мен әрқилы көзқарастағы ақын-жазушылар творчествосы, олардың шығармаларындағы басты тенденцияларды ғылыми терең пайыммен айқындап берді.Ұлт әдебиетінің тарихын ежелгі дәуірдегі жазба ескерткіштерден бастау керек деген Б.Кенжебаевтың білгір жобасы қабылданбай он сегізінші ғасырдан Бұқар жыраудан бастау керек деген Қ.Жұмалиев концепциясы негізге алынып кетті. Бұл концепцияда он тоғызыншы ғасыр әдебиетінен Шортанбай, Дулат, Мұрат ақындардың шығармашылығы сын тұрғысынан қарау керек делініп, Ә.Кердері, Н.Наушабаев, М.Қалтаев, Ш.Құдайбердиев, М.Ж.Көпеев т.б. шығармашылықтары да әдебиет тарихындағы қайшылықтарды жан жақты ашып көрсету үшін ғана аталынып, шығармаларындағы идеялық мазмұн мен бағытты әлі де болса айқындау керек деген бағытта болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет