2 дәріс. Қазақ әдебиеттануының әдіснамалық мәселелері. Методологиялық ізденістер. Дәріс мақсаты


Ұлттық әдебиеттану ғылымындағы екінші ғылыми мектеп теория саласы бойынша А.Байтұрсынов болды. Әдебиет теориясы



бет3/4
Дата28.09.2022
өлшемі27,6 Kb.
#40665
1   2   3   4
Байланысты:
2-дәріс

Ұлттық әдебиеттану ғылымындағы екінші ғылыми мектеп теория саласы бойынша А.Байтұрсынов болды. Әдебиет теориясы — әдебиеттану ғылымының сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен методологиясын, әдеби процесс, рухани-эстетикалық құндылықтар заңдылықтарын зерттейтін саласы. Әдебиет теориясы көркем әдебиетті барлық қырынан жан-жақты ашып көрсетудің құралы болып табылады. Қазақ ғалымдарынан әдебиет теориясы жөнінде ең алғаш құнды пікірлер айтқан Ш. Уәлиханов болды. Ол қазақ халық поэзиясының жанрлық түрлерін (жыр, жоқтау өлеңі, қайым өлең, қара өлең, өлең т.б.) жүйелеп берді. “Әдебиет танытқыш” — қазақ ұлттық әдебиеттануының негізі. Қ. Жұмалиевтің “Әдебиет теориясы” атты еңбегі негізінен орта мектептер мен жоғары оқу орнына арналды. Сондай-ақ, Е. Ысмайыловтың “Әдебиет теориясының мәселелері” атты орта мектепке арналған оқулығы жазылды. 1970 ж. З. Қабдоловтың “Әдебиет теориясының негіздері” атты еңбегі жарық көрді. З.Ахметовтың “Қазақ өлеңінің құрылысы”, “Өлең сөздің теориясы” атты еңбектері — осы салада соны пайымдауларымен көрінген құнды зерттеулер.
Әдебиеттің тарихы мен теориясы туралы ұлттық әдебиеттану ғылымында ең алғаш жазылған еңбек - А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы» (1926) болды. Үлкен білімдарлықпен, ғылыми терең дәлдікпен жазылған бұл еңбек екі-үш жылдан соң авторы ұсталып кеткендіктен, көпшілік арасына кеңінен тарап үлгермеді де, ұлттық әдеби-теориялық ой-пікірдің өсу дәрежесін көрсететін ғылыми мәні тәуелсіздікке дейін дұрыс бағаланбай келді.
Ғалым Р. Нұрғали: «Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған» десе, тілші-ғалым Р.Сыздықова: «Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» атты көлемді еңбегі - әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы ...Мұнда автор көптеген жайттарды өзі шешіп, көптеген ұғымдарға терминдік атаулар ұсынады, – деп жазады.
«Әдебиет танытқыш» - жалпы көркем өнер, оның ішінде әдебиеттің барлық болмысы мен бітімін, көркем шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін анықтау жолында ұлттық әдеби-теориялық ой-пікірді ғылыми бір жүйеге түсірген және әдебиет теориясына ұлттық сипат дарытуда терминдердің қазақша мағынасын тапқан автордың жан-қиярлық еңбегінің жемісі.
Еңбектегі өнертану, әдебиеттану, фольклортану салалары бойынша терминдер жүйесінің жасалуынан А.Байтұрсыновтың кемеңгер ғалымдығы танылады. Мұнда әдебиеттануға қатысты 327 термин қолданылған болса, оның 60-ы (18%) осы күнге дейін пайдаланылып жүр. 267-сі (80%) қазір қолданылмайды. Сондықтан да жалпы әдебиет дегеннің болмысы мен бітімін толғаған сөз өнерінің - әліпбиі бола алған «А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы» - қазақ әдебиеттану ғылымының үлкен көрсеткіші болумен қатар, теориялық ой-жүйесіне мықтап түрен салған, қазақтың парасатты толғамын, ойшылдығын эстетикалық таным-білігінің молдығын танытқан кезеңдік туынды», - деп ғалым Т.Кәкішев өте дұрыс бағалайды
Жалпы өз пәнінің даму сапасына (көркемдік, эстетик., стильдік т.б.) қарай әдебиет теориясы үнемі өзгеріп отырады; көркем әдебиеттің жетістіктері негізінде жаңа бағыттар қалыптасады. 20 ғ-дың 30-жылдары қазақ ғалымдарының бұл салада жаңа туындылары жарық көрді. Қ. Жұмалиевтің “Әдебиет теориясы” (1938, 1964, 1969) атты еңбегі негізінен орта мектептер мен жоғары оқу орнына арналды. Сондай-ақ, Е. Ысмайыловтың “Әдебиет теориясының мәселелері” (1940) атты орта мектепке арналған оқулығы жазылды. 1970 ж. З. Қабдоловтың “Әдебиет теориясының негіздері” атты еңбегі жарық көрді. З.Ахметовтың“Қазақ өлеңінің құрылысы” (1970), “Өлең сөздің теориясы” (1973) атты еңбектері — осы салада соны пайымдауларымен көрінген құнды зерттеулер.Қ.Жұмалиев пен Е.Ысмайылов «Әдебиет танытқыштағы» ұлттық әдеби-теориялық ой-пікірге сүйене отырып, онда қарастырыла қоймаған теориялық ұғым-түсініктерді қамтып, дамытып әкетті. Сол арқылы қызыл империяның теориялық бағыттағы зерттеу еңбектерді пайдалануға тыйым салуынан туған іркілістің орнын толтырып, соны ізденістерге жол салды. Теориялық ой-пікірдің белгілі бір дәрежеде жалпылық сипаты мен ортақтығын есте ұстай отырып айтар болсақ, бұл еңбектер «Әдебиет танытқыштағы» теориялық мәндегі ұлттық ұғым-түсініктердің желісін үзбей бізге жетуіне, ғылыми қолданыстан шығып қалмауына, жаңа қадамдардың жалғаса беруіне алтын көпір болды. Ұлттық әдеби-теориялық ой-пікірде әдеби ағым мен көркемдік әдіс, стиль, тақырып, идея, әдебиеттің тегі мен түрі ұғым-түсініктерді бүкіл әлемдік теориялық ой-көзқараспен байланыстыра қарап, нақты мысалдармен дәлелдейді.
Шынын айтар болсақ, ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікір «Қазақ әдебиеті тарихының» көптомдығы (1961-67) шыққаннан кейін, дауы мен машақаты көп және әдебиеттің таптығы, халықтығы, партиялығы қағидаларына сай саясатқа апармай қоймайтын ұлт әдебиеті тарихы мәселелерін зерттеуден гөрі әдебиет теориясына қарай бой ұрғаны да жалған емес. «Сондықтан А.Байтұрсынов еңбегінде негізі қаланған қазақ өлеңінің құрылысы Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов еңбектерінде ғылыми жалғасын тауып тереңдете зерттелінді. Олар өлең сөздің теориясына тән жаңа атаулар енгізді және оны теориялық ой-пікірде орнықтырды. Ол кейін бұлардың еңбектерінің кеңестік дәуірдегі заңды жалғасы болып табылатын З.Қабдолов, М.Дүйсенов, З.Ахметов, М.Базарбаев т.б. өлең сөздің ғылыми теориясы саласындағы күрделі зерттеулеріне ұласты.
Бұл жерде ұлттық өлең сөз теориясының асқан білгірі Зәки Ахметовтің ғылыми зерттеулерінің ұлттық әдебиеттануда алар орны ерекше. Өзінің сонау 1950 жылдардың басында жазған «Абай және Лермонтов» атты мақаласынан бастап, бүкіл ғұмырын қазақ өлеңінің ғасырлар бойы қалыптасқан көркемдік ерекшелігі мен құрылысын зерттеуге арнады. Ол өзінің «Казахское стихосложение» (1964) аталатын еңбегінен бастап ұлттық өлеңнің поэтикалық проблемасымен кешенді мақсатта айналысты. «О языке казахской поэзии» (1970), «Өлең сөздің теориясы» (1973) сияқты монументальды еңбектері арқылы қазіргі ұлттық әдебиеттануда жеке ілім саласы болып отырған өлең сөз теориясының мерейін өсірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет