2-дәріс. ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрес Сабақтың мақсаты


Қазақ депутаттарының Ресейдің І – ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы



бет2/4
Дата09.05.2022
өлшемі27,24 Kb.
#33641
түріСабақ
1   2   3   4
2. Қазақ депутаттарының Ресейдің І – ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы

1905 жылғы тамызда II Николай патша Ресейдегі революциялық күштердің қысымымен империяның заң шығарушы және өкілетті органы ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифеске қол қойды.Бірақ ол манифест бойынша Ресей империясының бірқатар халықтарының, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстан халықтарының да сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болып шықты. Жергілікті билік органдарына сайлау науқанының алғашқы күнінен бастап-ақ қазақтарды «көшпелі және қаңғыбас бұратана халық» ретінде сайлауға үзілді-кесілді қатыстырмауға айрықша нұсқау берілді. Мұның өзі қазақтардың арасында бұрқ ете қалған наразылық пен ашу-ыза тудырды. Жергілікті халық өздерінің өкілдерін Ресейдің Мемлекеттік Думасына қатыстыруды батыл талап етті. Өлкенің бүкіл аймағын түгел қамтып өткен қуатты наразылық толқыны патша үкіметін халықтың талабына құлақ асуға мәжбүр етті. Сонымен қазақтар сайлауға қатысатын болып шықты.1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға қазақтардан Торғай облысынан — Ахмет Бірімжанов, Уфа губерниясынан — Сәлімгерей Жантөре, Орал облысынан — Алпысбай Қалменұлы, Астрахан губерниясынан - Бақтыгерей Құлманов, Ақмола облысынан - Шәймерден Қосшығұлұлы, Семей облысынан — Әлихан Бөкейхановтар сайланды. Бұлардың барлығы да сауатты, халықтың сый-құрметі мен сеніміне бөленген зиялы азаматтар еді. Бірақ Ресейдің I Мемлекеттік Думасы небары 73-ақ күн жұмыс істеді. Депутаттардың көтерген бастамалары көңілінен шықпай, риза болмаған II Николай Думаны таратып жіберіп, қайтадан сайлау туралы жарлыққа қол қойды.Ресейдің 1907 жылғы II Мемлекеттік Думасының құрамына бұл жолы Қазақстаннан мына азаматтар сайланды: Ақмола облысынан — Шәймерден Қосшығұлұлы, Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан - Темірғали Нүрекенов, Сырдария облысынан - Тілеулі Алдабергенұлы, Жетісу облысынан — Мұхамеджан Тынышбаев, Орал облысынан — Бақытжан Қаратаев, Астрахан губерниясынан — Бақтыгерей Құлманов. Алайда бұл Думаның да қызметі ұзаққа созылмады, небары 104 күн ғана жұмыс істеді.II Мемлекеттік Думада қазақ депутаттары кадеттермен жақындасып, мұсылмандар фракциясының тобына кірді. Ресейдің ұлттық шет аймақтарындағы басқа да халықтардың өкілдерімен бірге, ішкі Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару үрдісін тоқтатуды талап етті. Б. Қаратаев II Мемлекеттік Думада Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару саясатының қазақтар үшін өте жағымсыз, ауыртпалықты болып отырғаны туралы арнайы баяндама жасады. Ол өзінің жалынды сөзінде былай деп атап көрсетті: «Сіздер мынадай сұмдық жағдайды түсінуге тиіссіздер: бүгінгі таңда қоныс аударушы орыс шаруаларына жер телімдерін беру үшін қазақтарды өздерінің ежелгі ата қоныс жерлерінен ғана емес, жеке меншік баспаналарынан да қуып шығарып жатыр».Қазақ депутаттар өз халқының заңды құқығын қорғап жоғары билік орындарына бірқатар үндеулер де жазды. Мәселен, Мемлекеттік Думаның депутаттары Б. Қаратаев, А. Бірімжанов, Т. Нүрекенов, Ш. Қосшығұлұлы 1907 жылғы наурызда өздерінің жасаған мәлімдемесінде былай деп жазды: «Көшпелілердің бірден-бір күнкөріс көзі — мал шаруашылығы, ал олардың Азияның шетсіз-шексіз кең даласында бір жерден екінші жерге үздіксіз көшіп-қонып жүруі әлдебір жанға жайлы, қызығы мол бос серуен құру емес, табиғаттың қиындықтарын жеңе отырып, өмір сүру болып табылады».Дума депутаттарының арасында көрнекті қоғам қайраткері Сәлімгерей Жантөренің есімі ерекше аталады. Ол Санкт-Петербург университетінің заң факультетін және Мәскеу мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін бітірген болатын. Алғашқыда судья болып қызмет етті, кейін бірнеше жыл бойы уездік және губерниялық земствоны басқарды. 1903 жылы Уфа губерниясынан Думаға мүше болып сайланды. Сәлімгерей Жантөре өзіндік ұлттық ерекшеліктері ескерілетін халық мектептерін ашу мәселесіне көп көңіл бөлді. Ол Мемлекеттік Думада кеңінен танылды. Башқұрт халқының атынан депутат болып сайланса да өзінің туған халқы қазақтардың проблемаларын да ешқашан есінен шығарған емес.
3. Бірінші дүниежүзілік соғыс және жалпыұлттық дағдарыстың пісіп-жетілуі.
1914 жылы 28 шілде-де басталған бірінші дүние жүзі соғысы ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғасыр басындағы әлемдік саясаттың нақтылы нәтижесі болып табылады.

38 мемлекетті қатыстырып, 10 млн. сарбаз өмірін қиып, 12 млн.-дай бейбіт халықты жойған аса ауқымды алапат қырғын халықтар трагедиясының драмасына айналды. Осы жылы ғасыр толған жиһан соғысы жайында қазіргі тарихнамада адам өмірі мәселесі туралы әлеуметтік сұрақтар басым назарға алынып, сондай-ақ соғыстың медицинаның дамуына, әскери техниканың сыналуына, милитаризмнің қарқындауына және ең соңында жаһандану үрдістеріне ықпалы деген мәселелерді қарастыра бастады. Бұған соғыс зардабына ұшыраған аз халықтардың қасіреті туралы сұрақтарды қосар едік. Өйткені, бұл соғыстың екпіні мен дүмпуін қазақ, қырғыз сияқты Ресей империясының барынша отарлық қанауға ұшыраған халықтары көрді, күйзелді.Дүние жүзілік соғыстың қазақ халқына және тұтастай алғанда Қазақстанға тигізген зардабы жайында кең мәліметтерді сол кезеңде ғұмыр кешкен Алаш зиялылары мұраларынан кездестіруге болады.Жаһан соғысының зардабы қазақ жерінде атақты 1916 жылғы көтеріліске әкелгенін терең талдап, алғашқы зерттеулерін жүргізген-де осы Алаш қайраткерлері болатын.Қазақ өлкесінің соғысқа қатысты алғашқы қобалжуы әскер қатарына шақыру мүмкіндігі жайындағы алыпқашпа, күмәнді хабарлардан басталғаны мәлім. Өйткені, халық Ресей империясына бодан болғаннан бері мұндай міндеткерлік жүктелмеген. Сол себепті әскери қызмет қазақтар үшін күтпеген жағдай болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет