Көміртегі көзін қолдану ретінде бактериялардың жіктелуі:
Аутотрофтылар – ауадағы көміртегіні барлық керек қосылыстардан алып сіңіреді.
Гетеротрофтылар – дайын түрде органикалық қосылыстарды сіңіреді
Гетеротрофтылардың ішінде
сапрофиттерді (метатрофтылар)
паразиттерді (паратрофтылар) ажыратады
Сапрофиттер өлі организмдердің органикалық қалдықтарын бөлшектеп өңдеуге қатысады да сыртқы ортада мекендейді. Паразиттер тек тірі организмнің ақуызын қажет етеді.
Гипотрофтылар - иесінің метоболиттері мен жасушалық құрылым қайта құрылуы арқылы өзінің тіршілігін қамтамасыз етеді.
Тыныс алу типі бойынша микроорганизмдердің бөлінуі:
Облигатты аэробтар – тек қана оттегінің қатысуымен өсіп - өнеді. Қышқылдық фосфорланудан энергия алу үшін оттегіні қолданады. Мына түрлерге бөлінеді:
а) қатал аэробтар – атмосфералық ауаның парциальдық қысымы кезінде өседі;
б) микроаэрофилдер – парциальдық қысымның төмендеуі кезінде өседі;
Облигатты анаэробтар –өсіп-өнуге оттегін пайдаланбайды. Субстратты фосфорлану арқылы энергия алады. Мына түрлерге бөлінеді:
а) қатал анаэробтар - молекулалық оттегі оларға улы:ол микроорганизмдерді өлтіреді немесе өсуіне кедергі болады;
б) аэротолеранттылар – оттегі атмосферасында өмір сүре алады,энергия алу үшін оны қолданбайды.
Факультативті анаэробтар – оттегі бар болса да, жоқ болса да, өсіп, көбейе береді. Метаболизмнің аралас типіне ие.
Бактерияның өсуі деп – жасушаның барлық компоненттері мен құрылымдарының бір мезгілде келісімді түрде ұлғаюынан, жасуша массасының үлкеюіне әкелуін айтады.
Жасушаның өсуі шексіз емес. Ең үлкен
өсу деңгейіне жеткен кезде жасуша бөлінеді (көбейеді) .
Бактериялардың көбеюі – көлденең (бинарлы) бөліну арқылы екі бірдей құрылым пайда болып,популяцияда жасуша санының көбеюіне әкеледі.