жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 1031. Қауiпсiздiк және санитариялық нормалардың талаптарына сәйкестігіне зертханалық зерттеулер кезiнде адамның және жануарлардың денсаулығына қауiптi тiрi метацеркарилер анықталған балықты және олардың өңделген өнiмдерiн сатуға рұқсат етілмейді.
1032. Құрамында адамның және жануарлардың денсаулығына қауiптi тiрi метацеркарилерi бар балықтар және олардың өңделген өнiмдерi "шартты түрде жарамды" немесе "жарамсыз" санатына ауыстырылады.
1033. "Шартты түрде жарамды" балық өнiмi тамақ өнімдеріне, қайта өңдеуге және сатылуға тек қана зарарсыздандырудан кейiн рұқсат етiледi.
1034. "Жарамсыз" санатына ауыстырылған балық және олардың өңделген өнiмдерi кәдеге жаратуға жiберiледi.
1035. "Шартты түрде жарамды" балықты тамақ мақсатында пайдалануға тұздау, тоңазыту, ыстау, қақтау, арнайы кулинариялық өңдеу немесе консервiлеу жолымен рұқсат берiледi.
1036. Шартты түрде жарамды балық өнiмiн тұздау:
1) балықты описторхид личинкаларын зарарсыздандыру балық етiнде тұздың салмақтық үлесін 14 %-ға жеткiзе отырып, аралас өткiр және орташа тұздауды (+1+2 С0 температурада тұздаудың бiрiншi күнiнен тұздықтың тығыздығы 1,20) қолданумен қамтамасыз етiледi. Бұл ретте тұздаудың ұзақтығы мынадан кем болмауы қажет:
теңге балықта, үкiшабақта, қабыршақ балықта - 10 тәулiк;
тортада, тарақ балықта, қызыл қанатта, щипа балықта, ұсақ (25 сантиметрге дейiн) аққайрандарда, табанда, онғақта - 21 тәулiк;
iрi (25 сантиметрден жоғары) аққайрандарда, табанда, онғақта - 40 тәулiк;
2) "Шартты түрде жарамды" балық үшін барынша әлсiз немесе ұзақ тұздау тек қана осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен алдын ала тоңазытудан кейiн рұқсат етiледi.
1037. Балықтың уылдырығын тұздау:
1) жылы күйiнде тұздау (15-16 С0 температурада), тұздың мөлшерiнде (уылдырық салмағына пайызбен) жүргiзiледi: 12 % - 30 минут, 10 % - 1 сағат, 8 % - 2 сағат, 6 % - 6 сағат жүргiзiледi;
2) салқындатып тұздау (5-6 С0 температурада) тұз бен уылдырықтың бірдей арақатынасында екi есе ұзақ жүргiзiледi;
3) шайлы лентец личинкаларын (дифиллоботриид) жұқтырған ақсақа және басқа балықтардың уылдырықтарының салқындатылған тұздауы, уылдырықтың салмағына 5 % тұздың мөлшерiнде 12 сағат бойы жүргiзiледi.
1038. Балықтарды тоңазыту:
тоңазытудың мынадай режимдерін сақтау кезінде балық описторхис личинкаларынан зарарсызданады:
минус 40 С0 (балық денесiндегi температура) - 7 сағат (зарарсыздандыруға қажеттi уақыт);
минус 35 С0 - 14 сағат;
минус 28 С0 - 32 сағат.
1039. Балық өнiмiн зарарсыздандырудың сенiмдi әдісі оны жоғары температурамен өңдеу болып табылады. Қолданыстағы технологиялық регламенттерге сәйкес жүзеге асырылатын ыстық және салқын ыстау, сүрлеу, кептiру, сондай-ақ консервiлердi жасау, аққайраңды қоспағанда, балықтарды описторхис личинкаларынан зарарсыздандырады. Салқындатылған аққайраң сүрленген және салқындатып ысталған балық өнiмдерiн өндіруге пайдаланылуы мүмкін емес, өйткенi бұл ретте оның описторхис личинкаларынан зарарсыздандыруы жүрмейді.
1040. Жануарлардың азығына тағайындалған балық өнiмдерi зарарсыздандырылады.
1041. "Шартты түрде жарамды" балық өнiмдерiн қайта өңдеу кезiнде алынатын қалдықтар, сондай-ақ, "жарамсыз" санатына ауыстырылған балық өнiмдерi, мал шаруашылығы мақсатына арналған балық ұнын шығаруға жiберiледi. Балық ұнын өндіретін қондырғылар болмаған жағдайда, қалдықтар қайнау сәтінен бастап 30 минут бойы қазандарда қайнатылады. Биотермиялық шұңқырларда көмуге рұқсат етiледi. Балық өнiмiн қайта өңдеуден алынған қалдықтарды алдын ала зарарсыздандырмай, су ағындарына және қоқыс орындарына тастауға, сондай-ақ олармен малдарды жемдеуге жол берілмейді.
98-тарау. Аралардың аурулары, ара ұясының зиянкестері бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі Ескерту. 98-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Аралардың ауруларын сауықтыру және ара ұясының