2 дәріс Жануарлар ауруларының оның ішінде жануарлар мен ададмдарға ортақ аурулардың алдын алу ережелері және жою шаралары


және соматикалық жасушаларына қойылатын талаптар



бет3/141
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133572
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141
және соматикалық жасушаларына қойылатын талаптар
3. Жыныс және соматикалық жасушалар жануарлардың жұқпалы аурулары таралмаған аумақтарда орналасқан субъектілердегі клиникалық сау жануарлардан алынады.
4. Жануарларға, жануарлардың соматикалық және жыныстық жасушаларына қойылатын талаптар "Еуразиялық экономикалық одақта ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы" Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарда (бұдан әрі – Бірыңғай ветеринариялық талаптар) белгіленген.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Жануарлардан алынатын өнімдер мен


шикізатқа қойылатын талаптар
5. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа қойылатын талаптар Заңның 8-бабының 22) тармақшасына сәйкес бекітілетін ветеринария саласындағы техникалық регламенттермен, Евразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 67 шешімімен бекітілген "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентімен, Евразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 68 шешімімен бекітілген "Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентімен, Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентімен және Бірыңғай ветеринариялық талаптармен белгіленеді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-параграф. Ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен


жемшөп қоспаларына қойылатын талаптар
6. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тiркеу сынақтарын жүргiзу үшiн қажеттi көлемде өндiру, әкелу (импорттау) жағдайларын қоспағанда, оларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзгеннен кейiн ғана өндiруге, әкелуге (импорттауға), өткiзу мен қолдануға (пайдалануға) рұқсат етiледi.
Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiрудi, әкелудi (импорттауды), тасымалдауды (орнын ауыстыруды), өткiзудi, қолдануды (пайдалануды) қоса алғанда, олардың айналысы мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
7. Ветеринариялық препараттардың, сондай-ақ химиялық және микробиологиялық синтезделген жемшөп қоспаларының сапасы мен қауіпсіздігін растайтын, шығарушы кәсіпорын беретін ілеспе құжат бар болса, оларды әкелу, тасымалдау Бірыңғай ветеринариялық талаптарға сәйкес ветеринариялық сертификатсыз жүзеге асырылады.
4-параграф. Диагностика және ветеринариялық-санитариялық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет