жою бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 418. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда жүзеге асырылатын шошқаның инфекциялық атрофиялық ринитін профилактикалау іс-шараларына негізделген:
шошқаларды ұстау және азықтандыру бойынша жалпы ветеринариялық-санитариялық және зоогигиеналық талаптарды сақтау арқылы шаруашылық жүргізуші субъектісіне инфекцияның әкелінуін алдын алуға;
ветеринариялық құжаттармен және инфекциялық атрофиялық риниті бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден шошқалардың табынын жинақтауға;
жаңа әкелiнген шошқаларды карантиндеуде ұстауға;
олардың жасын ескере отырып, шошқалардың бөлек ұстауын сақтауға;
аналық шошқаларды торайлау кезiнде басқа жас топтарынан бөлек ұстауға;
шошқа фермасының аумағына және қора-жайларына көктем мен күзде, кейiннен қиды дезинфекциялап және биотермиялық зарарсыздандыра отырып, механикалық тазалауды жүргізуге;
шошқа қорасының кiреберісіне дезинфекциялық кедергі және дератизация жүйелі орнатуға;
қолайсыз инфекциялық атрофиялық ринитi бойынша жеке сектордың және шаруашылық жүргізуші субъектінің шошқаларымен қатынасқа жол бермеуге;
шошқа тұрған қора-жайларға бөгде адамдардың кiруiн болдырмау;
ветеринария саласындағы мамандар барлық шошқа басына клиникалық қараудан өткiзу;
жануарларды күтіп-бағуда пайдаланылатын заттарды (күрек, айыр, сыпыртқы) күнделiктi тазалауға және дезерiтiндiмен жууға;
әрбір шошқа қорасына сабыны мен сүлгісі бар қолжуғыш орнатуға және арнайы киiмдi шығаруға жол берілмейді;
ветеринариялық зертханаға келіп түскен шошқа өлексесiнiң танау қуысын мiндеттi түрде ашу және инфекциялық атрофиялық ринитке тән өзгерiстердiң болуын зерттеуге негізделген.
419. Ауруға диагнозды белгілеген кезде мынадай іс-шаралар өткiзiледi:
аурудың анық белгiлерi бар ауру шошқалар тобын ортақ шошқа қораларынан оқшаулайды және союға тапсырады немесе шошқа фермасынан тыс аумағына семiртуге қояды;
аурулары табылған шартты сау шошқаның тобын әрбір күнтізбелік 5-6 күннен кейін мұқият жеке клиникалық қараудан өткiзедi және барлық анықталған ауру шошқаларды оқшаулайды және союға тапсырады;
сау шошқаның тобына шошқа қорада қалған барлық шошқа бастарына клиникалық қарау кезінде ауру және ауру күдігі бар жануарлар анықталмаған және олардың жұқтырмаудан қорғау іс-шаралары қабылданған шошқа бастары жатады.
420. Шаруашылық жүргізуші субъектіні сауықтыру кезінде мыналар қарастырылады:
1) қолайлы шошқа қоралардан іріктелген үш және одан да көп торайлары бар клиникалық сау аналық шошқалар мен екi жастан асқан аталық шошқалардан топ құру және оларды шаруашылық сауықтырылғанша жеке оқшауланған, құрғақ, ауасы жақсы желдетілетін қора-жайларда орналастыру;
2) осы топтар тұратын шошқа қораларды және айналадағы ортаны тазалау, қажетті жөндеу жұмысын, дезинфекция және дератизация жүргізу;
3) оқшауланып ұсталатын клиникалық сау шошқа топтарын жазғы лагерге шығару және осы шошқа басын күту үшін жеке персоналды бекіту;
4) шошқаның қолайсыз бастарын шошқалардың қолайлы топтарда өсірілген сау аналық баспен ауыстыра отырып, союға тапсыру немесе шошқалардың инфекциялық атрофиялық ринит ауруынан қолайлы басқа шаруашылықтан сау бастарын әкелу.
421. Шошқаның инфекциялық атрофиялық ринит ауруы анықталған шаруашылық жүргізуші субъектіні осы ауру бойынша қолайсыз деп жариялайды және шектеу қояды.
422. Шектеу талаптары бойынша мыналарға:
1) шаруашылық жүргізуші субъектінің табынын көбейту үшін толық сауыққанша басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге шошқаларды шығаруға;
2) клиникалық ауру шошқаларды семiрту үшін басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге шығаруға рұқсат берiлмейдi.
423. Шаруашылық жүргізуші субъектіні бiр жыл iшiнде ауру болмаған кезде және шартты қолайлы топтардың негізгі аналық шошқалардан соңғы екi рет торайлану кезінде инфекциялық атрофикалық ринитке қолайлы сау торайлар алынған жағдайда, сондай-ақ қорытынды ветеринариялық іс-шаралар өткізгеннен кейін инфекциялық атрофиялық ринит бойынша қолайлы деп жариялайды.
40-тарау. Шошқаның африкалық обасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі Ескерту. 40-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Шошқаның африкалық обасын профилактикалау және