өткізілетін профилактика бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 622. Жануарларға фасциолезді жұқтыруының алдын алу мақсатында, мынадай iс-шаралар өткізіледі:
1) профилактикалық дегельминтизация жылына кемiнде 2 рет: жануарларды қораға қойғаннан кейiн бір айдан кейін, одан кейiн үш ай өткен соң (фасциолдар бұл кезде жыныстық жетілу кезеңіне жетеді, оған антгельминтиктер барынша белсенді әсер етеді), малды жайылымға шығарудан бiр ай бұрын дегельминтизация тоқтатылады;
2) жануарлардың фасциолезіне күдіктенумен аурудың барлық жағдайларында ветеринария қызметіне уақтылы хабарланады;
3) ветеринария мамандарының талап етуі бойынша сатып алынған жануарлар туралы қажетті мәліметтер ұсынылады және оларды тексеруді, зерттеуді және өңдеулерді жүргізу үшін жағдайлар жасалады;
4) жануарларды тасымалдау, ұстау және азықтандыру кезiнде, мал шаруашылығы объектілерінің құрылысы кезiнде санитариялық және ветеринариялық-санитариялық талаптар сақталады.
2-параграф. Жануарлардың фасциолезімен күресу бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 623. Жануарлардың фасциолезімен күресу – арнайы iс-шараларды пайдалана отырып, кешендi түрде жүргiзiледi. Кешендi профилактикалық iс-шаралар мыналарды қамтиды:
1) дефинитивтік иелерді дегельминтизациялау;
2) ұлулардың биотоптарын анықтау және оларды жою;
3) жайылымды ауыстыруды жүргізу, толыққанды азықтандыру және жануарларды санитариялық-гигиеналық ұстау.
624. Дегельминтизациялау үшін антгельментиктер препараттары қолданылады. Кейіннен паразиттердің тұрақты, резистентті нәсілдерінің пайда болуымен гельминттердің препараттарға бейімделуін болдырмау үшін дегелминтизациялау кезінде антгельминтиктердi ауыстыру қажет.
625. Фасциолездің профилактикасы үшін мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) өзендердің, аңғарлардың, батпақ атыраптарының және су қоймаларының аңғарларын (жағалаулар, өсімдіктер мен суландыру каналдарының әсіресе, жерге түскен жапырақтардың түбі), шалшықтарды, су қоймалары жағалауындағы жануарлар тұяқтарының іздерін тексеру жолымен жайылымдардағы ұлулардың биотоптарын анықтау;
2) биотоптары құрғауы кезінде немесе суық түскен кезде ұлулар топырақ сынамаларын шаю жолымен табылады;
3) алаңдар жануарлардың су ішуіне арналған қатты жабынмен жабдықталады;
4) жануарларды бағу мал жаюды 2-2,5 ай сайын ауыстыра отырып, қыратты құрғақ жерлерде жүргізіледі. Жануарларды ойпаң батпақты жерлерде жаюға және ұсақ ағынсыз су қоймаларынан суаруға жол берілмейді;
5) қиды биотермиялық өңдеу қамтамасыз етіледі;
6) сатып алынатын жануарлардың несебін гельминттiк копроскопиялық зерттеулер жүргізіледі.
54-тарау. Анаплазмоз бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі Ескерту. 54-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта