бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 679. Отарлар мен табындардағы иттердiң саны ең төменгі қажеттi шекке дейiн қысқартылады (1-2 итке дейiн) және кезбе иттердi жою жүйелi түрде жүргізіледі.
680. Азаматтардың жеке пайдалануындағы иттердi мал қораларға, жемшөп сақтау қоймаларына, жаю алаңдарына, жайылымдарға және суару көздерiне жiберуге жол берілмейді.
681. Малды қорғауға және бағуға есепке алынған қызметтiк иттер ғана жiберіледi.
682. Иттерге жануарлардың кез келген, әсiресе цестод личинкаларымен зақымдалған органдарының етін шикі түрінде беруге үзілді-кесілді жол берілмейді.
683. Отарлар мен табындардағы иттер мынадай мерзiмдерде дегельминтизацияланады: желтоқсаннан бастап сәуiрге дейiн - күнтізбелік 45 күн сайын, мамырдан бастап қарашаға дейiн - күнтізбелік 30 күн сайын.
684. Ауылдық жерлерде тұрғындарға тиесілі иттер тоқсанына бір рет дегельминтизацияланады.
685. Иттердi дегельминтизациялау желден қорғалған жерде орналасқан арнайы бөлінген, қоршаумен қоршалған немесе ор қазылған алаңда жүргiзіледi. Алаңға бөгде адамдар, оның ішінде балалар жiберілмейдi. Иттер дегельминтизациялағаннан кейiн бiр тәулiк бойы байлауда ұсталады.
686. Иттердi дегельминтизациялау үшiн Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген антгельминтиктер қолданылады.
687. Иттер мен жабайы ет қоректiлердiң ауру жұқтыруының алдын алу үшiн мыналар жүзеге асырылады:
1) жануарларды союға тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының рұқсатымен және оның бақылауымен арнайы қасапханаларда немесе сою пункттерiнде ғана рұқсат етiледi. Отарлар мен табындарда жануарлар мәжбүрлі сойылған жағдайда малдың ұшасы мен iшкi органдары арнайы, қаңылтырмен қапталған жабылатын жәшiкте, ұшаны және органдарды тексеру қажет ветеринария саласындағы маман келгенге дейiн сақталады;
2) ет комбинаттары, қасапханалар мен сою пункттерi аумағына, ет пен сүт және азық-түлiктiк бақылау станциялары маңына және ауру малдар шоғырланған жерлерге иттер (қызметтiк иттерден басқа) жiберілмейдi;
3) жануарлардың өлекселерi өлексе жағатын пештерде жағылады немесе биотермиялық шұңқырға тасталады. Әрбір отар кейіннен оларды кәдеге жарату үшін шығара отырып, өлiм себебiн ветеринария саласындағы маман анықтағанға дейiн қойдың өлекселерiн сақтауға арналған қаңылтырмен қапталған және құлыппен жабылатын арнайы жәшiкпен жабдықталады.
688. Ценуроздың айқын көрінісі байқалған жануарлар уақтылы оқшауланады және дәрi-дәрмекпен емделедi. Антгельминтиктер болмаған кезде қойлар мен қозылар сою үшін ет комбинаттарына, қасапханаларға немесе сою пункттерiне шығарылады.
689. Өнiмдiлігі жоғары және элиталық жануарлар хирургиялық жолмен емделедi.
62-тарау. Цистицеркоз бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі Ескерту. 62-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ауыл шаруашылығы жануарларының ауру