2 дәріс Жануарлар ауруларының оның ішінде жануарлар мен ададмдарға ортақ аурулардың алдын алу ережелері және жою шаралары


жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі



бет92/141
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133572
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   141
Байланысты:
лекция вет сан правила (ЕТ танбалау бар)

жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
773. Шошқаларды жануарларды ет комбинатында сою қалдықтарымен, сондай-ақ аң шаруашылығындағы және аңшылықта ауланатын аңдардан алынған ет ұшасымен тіпті кәдімгі қайнатудан кейін де азықтандыруға рұқсат етiлмейдi. Шошқалардың фермалардың, елдi мекендердің аумағында, алаңқайлар мен жыраларда және орман алқабында кезiп жүруiне рұқсат етiлмейдi. Шошқа қораларын, жаю аулаларын, жазғы лагерьлерді қоса алғанда, шаруашылық жүргізуші субъектiлерде жүйелi түрде дезинфекциялау және дератизациялау жүргiзiледi.
774. Ветеринария қызметi ет өңдейтiн, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы және елдi мекендердегі барлық шошқа ұшасын, сондай-ақ базарға және арнайы дүкендерге келіп түсетiн осы ауруға сезiмтал басқа да жануарлардың ұшаларын трихинеллезге мiндеттi түрде тексеріп отырады. Ветеринария қызметi аң шаруашылықтарында жаппай сою кезінде аң ұшаларын ішінара тексередi.
775. Шошқа мен аңдар ұшаларының бұлшықет сынамаларында трихинелл личинкалары табылған жағдайда, аталған ұшалар ет-сүйек ұнына өңделеді немесе өртеледі, оларды жерге көмуге жол берілмейді. Жануарлар арасында трихинеллез қоздырғышының табылғаны туралы тиісті ақпарат халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне беріледі.
Ескерту. 775-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

776. Тұрғындар арасында трихинеллез ауруы тіркелген уақытта, ошақта бірлескен эпидемиологиялық-эпизоотологиялық іс-шаралар жүргізіледі.


777. Бұлшықет талшықтары бар қосалқы өнімдер де кәдеге жаратылады, шпиг 20 минут бойы 100 С0 қорытылады, iшкi май шектеусiз сатылады.
778. Аң фермаларында аң ұшаларын алдын-ала залалсыздандырмай азықтандыруға рұқсат етiлмейдi, өлген жануарлардың өлекселері өртеледi.
73-тарау. Құстың аспергиллезі бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 73-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет