құс тұмауы бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
817. Диагноз анықталған кезде шаруашылық жүргізуші субъектiнiң аумағына карантин белгіленеді.
818. Ауру шыққан жер, оған енетiн аумақ ауру анықталған жерге (ауру ошағына) қатынасы бойынша ара қашықтығына және вирустың тасымалдану факторлығының болуына байланысты аймақтарға бөлiнедi:
1) саламатсыз пункт;
2) буферлік зона - ауру тiркелген пункттiң (iндет ошағы аймағынан) шекарасы маңайынан радиусы 25 (жиырма бес) шақырымнан кем емес аумақ (сыртқы);
3) байқау аймағы – қауiптi аймақтың шекарасы маңайынан радиусы 50 (елу) шақырымнан кем емес аумақ (сыртқы).
Ескерту. 818-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
819. Саламатсыз пунктте жоғары патогенді құс тұмауының қоздырғышын жою және оның одан әрі таралуының алдын алу бойынша шаралар жүргізіледі. Ол үшін саламатсыз пунктте барлық құстарды (өлекселерді, ауру құстарды, шартты түрде сау және сау құстарды) олардың түрі мен жасына қарамай өртеу арқылы жояды.
Вируспен ластанған және ластануы мүмкін орындарын (құс қоралары, аулалар, сою, тасымалдау, кәдеге жарату орындары) Қазақстан Республикасында және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялау құралдарымен дезинфекциялайды.
Саламатсыз пункттің аймағынан құсты және құс шаруашылығы өнімдерін шығаруды толығымен тоқтатады. Саламатсыз пункт аймағының шекарасында ветеринариялық-санитариялық (карантиндік) бекеттер ұйымдастырады. Қажет болған жағдайда, осы аймақтан жануарлардың барлық түрлерінің сыртқы аумаққа қозғалуын толығымен тоқтатады.
Ескерту. 819-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
820. Буферлік аймақта ауруды шектеу іс-шаралары және аталған аумақтағы құстарға қатаң ветеринариялық бақылау енгiзiледi. Құстар қатаң жабық типте ұстауға ауыстырылады. Жабайы құстардың түрлерiмен байланысына жол берілмейді.
821. Бақылау аймағында аталған аумақтағы құстарға қатаң ветеринариялық бақылау енгiзiледi. Құстар қатаң жабық типте ұстауға ауыстырылады. Жабайы құстардың түрлерiмен байланысына жол берілмейді.
822. Тұмаудан өлген ең ақыры өлексенi, құс тұмауына күдiктi немесе ауырған құстарды жойғаннан кейін және қорытынды дезинфекция жүргiзiлгеннен кейiн 21 күннен соң шаруашылық субъектiлерiнен карантин алынады.
78-тарау. Тауықтардың жұқпалы бронхиті бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 78-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы
Достарыңызбен бөлісу: |