2 дәріс Жануарлар ауруларының оның ішінде жануарлар мен ададмдарға ортақ аурулардың алдын алу ережелері және жою шаралары


-параграф. Тамақ өнiмдерiнің айналымы процесiнде (сатысында)



бет138/141
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133572
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   141
Байланысты:
лекция вет сан правила (ЕТ танбалау бар)

3-параграф. Тамақ өнiмдерiнің айналымы процесiнде (сатысында)
ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу
тәртiбi
1387. Айналым процесiне (сатысына) ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткен тамақ өнiмдері жiберiледi.
1388. Тамақ өнiмдерiнің айналымы процесіндегі (сатысында) олардың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы осы Қағидалардың 206-тармағында аталған жағдайлар туындаған кезде жүзеге асырылады.
1389. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) тамақ өнімдерін әкелу (импорттау) және әкету (экспорттау) кезінде тамақ өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптауды ветеринариялық зертханалар немесе ұлттық аккредиттеу жүйелерінде аккредиттелген және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне енгізілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зертханалары жүзеге асырады. Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру мерзімі ветеринариялық-санитариялық сараптау аяқталған соң 1 (бір) жұмыс күнінен аспайды. Тамақ өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу мерзімі зерттелетін өнімнің түріне, физиологиялық жай-күйіне және жүргізілетін зерттеу әдісіне байланысты.
Сараптама актісі (сынақ хаттамасы) өндіріс объектісінің атауы, өнім түрі, сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) жарамдылық кезеңінде сынамаларды алуды жүргізу мерзімі, сынамаларды алу көлемі, зертхананың атауы көрсетілетін, өндіріс объектісі бекіткен және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринария саласындағы уәкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) келіскен Өнімді мониторингтік зерттеу жоспары (бұдан әрі – Мониторинг жоспары) бар болған жағдайда, жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектісінен (бұдан әрі – өндіріс объектісі) салқындатылған етті, салқындатылған тағамдық балық өнімдерді, тағамдық жұмыртқаларды (бұдан әрі – өнім) әкету (экспорт) үшін берілген сәттен бастап оны 1 (бір) ай ішінде пайдалануға жол беріледі. Сараптама актісі (сынақ хаттамасы) берілген сәттен бастап 1 (бір) ай ішінде оны пайдаланған кезде өндіріс объектісінің өніміне Мониторинг жоспарына сәйкес зертханалық зерттеу жүргізіледі.
Мониторинг жоспары шеңберінде жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижесінде өнімнің зерттелетін қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша сәйкессіздігі анықталған жағдайда, одан әрі сараптама актісі (сынақ хаттамасы) берілген сәттен бастап оны 1 (бір) ай ішінде пайдалануға жол берілмейді. Мұндай жағдайда, аумақтық бөлімшелер "Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11618 болып тіркелген) бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларына сәйкес сынамаларды алуды ұйымдастырады.
Ескерту. 1389-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2022 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1390. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өткізуді жүзеге асыратын сауда объектілерінде (бұдан әрі – сауда объектілері) тамақ өнімдерінің ветеринариялық-санитариялық сараптамасын ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары (бұдан әрі – зертханалар) жүзеге асырады.


Зертханада жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сауда объектілеріндегі зертханалар жүргізетін міндетті және қосымша диагностикалық зерттеулер тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 1390-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1391. Жануарлардан алынатын өнім мен шикiзатты ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өткiзу, жануарларды сояр алдында ветеринариялық тексеру және сойылғаннан кейiнгi ұшалар мен мүшелерді ветеринариялық-санитариялық сараптау және олардың ветеринариялық-санитариялық бағалау осы Қағидалардың 4-бөлімінде белгіленген тәртіпке және стандартты тестерге сәйкес жүзеге асырылады.


Сапасыздығының айқын белгілері бар, қауіпсіздігін, шыққан жері мен сапасын растайтын құжаттары жоқ тамақ өнімі, сондай-ақ қасиеттері мен белгіленуі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмегенде, жарамдылық мерзімі белгіленбегенде, аккредиттелген (аттестатталған) ветеринариялық зертханада ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу үшін алынады.
1392. Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн айқындау үшiн оның қайта ветеринариялық-санитариялық сараптамасы мынадай жағдайда жүргiзiледi:
1) сапасыздығының айқын белгiлерi болса (бүлiнген, бұзылған, ластанған);
2) ветеринариялық құжаттардың қолданылу мерзiмі өтiп кетсе;
3) тамақ өнiмдерiнiң сақтау, тасымалдау және/немесе өткiзу шарттары бұзылса;
4) тамақ өнiмдерiн әзiрлеуді, дайындауды, айналымды және кәдеге жаратуды жүзеге асыратын объектiлер орналасқан аумақта (аймақта) жануарлардың аса қауiптi аурулары пайда болса.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет