2 дәріс Жануарлар ауруларының оның ішінде жануарлар мен ададмдарға ортақ аурулардың алдын алу ережелері және жою шаралары


-параграф. Етті және ет өнімдерін (субөнiмдердi) таңбалау тәртiбi



бет140/141
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133572
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   141
Байланысты:
лекция вет сан правила (ЕТ танбалау бар)

7-параграф. Етті және ет өнімдерін (субөнiмдердi) таңбалау тәртiбi
1409. Барлық жануарлардың еттерiне ветеринариялық таңбаның немесе мөртабандардың бедері мынадай тәртiппен қойылады:
1) ет ұшалары мен жартылай ұшаларға –әр жауырын және жамбас тұсына бір-бiрден;
2) әр төрттен бір бөлiкке, қыртыс майдың кесегіне – бір-бiр таңбадан;
3) басқа, жүрекке, тiлге, өкпеге, бауырға, бүйрекке –ветеринариялық таңба бедері бар бір жапсырманы желімдеу жолымен бір-бiр таңбадан (зертханалық ветеринариялық-санитариялық сараптау үшін мiндеттi);
4) үй қояндары мен сазқұндыздың ұшаларына екі таңба – жауырын тұсы мен санының сыртқы жағына бiр-бiрден;
5) iшкi сауда объектiлерiнде құстың ұшаларына мойынға немесе санының сыртқы жағына (жабайы құстардың еттерi де осылай таңбаланады) бiр таңба;
6) ет өңдейтiн кәсiпорындарда, құс комбинаттарында, құс фабрикаларында сирақтың сыртқы жағына: балапанның, тауықтың, үйректiң, мысыр тауығының ұшаларында – бiр аяғына; үйректiң, қаздың, күрке тауықтың – екi аяғына электр таңбасы қойылады;
7) өнеркәсіптік қайта өңдеуге жататын құстардың ұшасына арқа тұсына "п" деген электр таңба қойылады.
1410. Ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткен жылқының, түйенің, бұғының, аюдың, есектің, қашырдың, шошқаның етін ветеринариялық таңбамен таңбалайды және жанынан ет және ет өнімдерінің түрін көрсететін қосымша мөртабан қойылады.
1411. Жануарлардан алынған шикі майға таңба қойылмайды, бірақ ветеринариялық таңба қойылған заттаңба жапсырылады.
1412. Залалсыздандырғаннан (зарарсыздандырғаннан) кейін ғана шығарылуға жататын ет және олардан алынатын қосымша өнiмдерге және өңдеуге жіберілетін шұжыққа және басқа да өнiмдерге тек залалсыздандыру (зарарсыздандыру) әдiсiн немесе диагнозын білдіретін ветеринариялық мөртабан қойылуы тиіс, сопақша таңба қойылмайды.
1413. Залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға) жататын құстардың ұшалары салынған ыдысқа етті және ет өнiмдерiн ветеринариялық-санитариялық сараптау қағидаларына сәйкес залалсыздандыру тәсiлiн білдіретін: "Қайнатуға", "Консервiге" және тағы басқа әдiстерi көрсетiлген ветеринариялық мөртабан бедері бар заттаңбалар жапсырылады.
1414. Ветеринариялық-санитариялық сараптама қорытындысы бойынша тағамдық мақсатқа жарамсыз деп танылған құстар мен үй қояндарын қоса алғанда, жануарлардың барлық түрлерінің ұшаларына "Жоюға" деген жазуы бар ветеринариялық мөртаңбаның кемінде 3-4 бедері қойылады.
1415. Сақтау немесе тасымалдау шарттарының бұзылуы нәтижесінде өзінің ветеринариялық-санитариялық сипаттамаларын өзгерткен ет және ет өнімдері (қосымша өнімдер) қайтадан ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өтуi және сопақша нысандағы таңбалардың бедерлерін алдын ала жоя отырып, осы Қағидаларға сәйкес мөртаңбалар қойылып қайта таңбалануы тиіс.


Ветеринариялық
(ветеринариялық-санитариялық)
қағидаларға 1-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет