2 дәріс Жануарлар ауруларының оның ішінде жануарлар мен ададмдарға ортақ аурулардың алдын алу ережелері және жою шаралары



бет9/141
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133572
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   141
Байланысты:
лекция вет сан правила (ЕТ танбалау бар)

қойылатын талаптар
28. Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) ыза сулардың деңгейі жер бетінен кемінде 2 метр болатын құрғақ биік жер учаскесінде орналастырады.
Мал қорымына (биотермиялық шұңқырға) арналған санитариялық-қорғаныш аймағының өлшемі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) бекітілген "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) сәйкес айқындалады. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың аумағында орналасқан мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) қосалқы құрылысжайлардың құрамына кіреді.
Мал қорымының (биотермиялық шұңқырдың) аумағын кіру қақпасы бар биіктігі кемінде 2 метр болатын саңылаусыз дуалмен қоршайды. Дуалдың ішкі жағынан бүкіл периметрі бойынша тереңдігі 0,8-1,4 метр ор қазады және қазып алынған топырақтан ені кемінде 1,5 метр болатын жал жасайды.
Ордың үстінен көпір салады.
Су қорғау, орманды бақ және қорықтық аймақтарда мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) орналастырмайды.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2022 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

29. Мал қорымын (биотермиялық шұңқырды) салу кезінде 5-6 метр тереңдікте жерасты сулары шығатын (жер бедерін ескере отырып) жерлерден басқа учаскенің ортасынан ұзындығы мен ені 3 метр, тереңдігі 10 метр болатын шұңқыр қазады. Шұңқырдың қабырғасын су өтпейтін материалмен қалайды да, қорғаныш құрылғысымен жер беті деңгейінен 40 сантиметрден 1 метрге дейін жоғары шығарады. Шұңқырдың түбін реттеп, кем дегенде 20 сантиметр қалыңдықпен бетондайды. Шұңқырдың жабыны екі қабаттап жасалынады. Қабат арасына жылу өткізбейтін төсеніш салады. Жабынның дәл ортасынан өлшемі 100х100 сантиметр болатын тесік қалдырады, оның құлыпталатын тығыз жабылатын қақпағы болады. Шұңқырдан диаметрі 25 сантиметр және биіктігі 3 метр болатын сорғыш мұржа шығарылады. Шұңқырдың үстіне биіктігі 2,5 метр, ұзындығы 6 метр, ені 3 метр болатын қалқа тұрғызады. Қасынан жануарлардың өлекселерін союға, дезинфекциялаушы құралдарды, арнайы киімдерді және құрал-саймандарды сақтауға арналған үй-жайды жалғастыра салады.


Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

30. Мал қорымын (биотермиялық шұңқырды) биологиялық қалдықты тасталғаннан кейін екі жыл өткен кейін қайта қолдануға жол беріледі және әрбір 0,25 метрден шұңқырдың барлық тереңдігінен алынған сібір жарасы қоздырғышының шырышталған материалдағы сынамасын шығарғанда.


Мал қорымын (биотермиялық шұңқырды) тазалағаннан кейін қабырғасымен түбінің бүтіндігін тексереді, қажет болған жағдайда жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
30-1. Сібір жарасынан өлген жануарлардың өлекселері көмілген мал қорымдарына адамдар мен жануарлар кіре алмайтындай етіп бүкіл периметрі бойынша биіктігі кем дегенде 1,5 метр болатын қоршаумен (металл немесе бетон) қоршайды, "Сібір жарасы" деген жазуы бар тақтайшалармен (аурудың пайда болған күні) белгіленеді.
Сібір жарасынан өлген жануарлардың өлекселері, сондай-ақ жануарлардан алынған шикізат пен өнім арнайы қондырғыларда өртеледі. Күл қалдығы Беккари шұңқырына салынады.
Сібір жарасынан өлген жануардың лажсыз сойылған, өлексесі жарып ашылған жерді мұқият өртейді, содан кейін 20%-дық хлоры бар әк ертіндісін құяды, топырақты 25 сантиметр тереңдікте қазып, кемінде 25% белсенді хлордан тұратын құрғақ хлоры бар әкті топырақтың үш бөлігіне бір бөлік есебінде араластырады. Топырақты әкпен араластырғаннан кейін сумен ылғалдандырады.
Сібір жарасынан өлген жануарлардың өлекселері көмілген орындарды ветеринариялық-санитариялық карточка, кадастрлық мағлұматтар, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар бойынша, жергілікті жердегі комиссиялық іздестіруі бойынша анықтау мүмкін болмаған кезде, сібір жарасынан өлген жануарлар өлекселері көмілген орындар айқындалмаған деп саналады (бағдар жоқ, бірақ жануарлардың өлгендігі жөнінде мәліметтер кадастрда көрсетілсе, сібір жарасы бойынша стационариялық-саламатсыз пунктте эпизоотиялық ошақтың бар екендігі, бірақ сібір жарасынан өлген жануарлардың өлекселері көмілген орынның анықталмағандығы жөнінде акті жасалынады). Объектілердің аумақтары Санитариялық қағидаларға сәйкес санитариялық-қорғаныш аймағындағы елді мекендерден алыстатылады.
Ескерту. 11-параграф 30-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2022 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

12-параграф. Ішкі сауда объектілеріне қойылатын талаптар


31. Ішкі сауда объектілерінде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау талаптарын сақтау мәніне мiндеттi түрде жүргізіледі.
32. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер жатады.
33. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:
1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ветеринариялық ілеспе құжаттарға сәйкестiгiн тексеруді;
2) жануарды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты ветеринариялық қарап тексеруді;
3) жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауын тексеруді;
4) жануардың және адамның денсаулығына аса қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алып қоюды және жоюды;
5) ветеринария саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтiн, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеудi ұйымдастыруды қамтиды.
34. Ішкі сауда объектілерінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн айқындауды ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары жүзеге асырады.
35. Жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты ветеринариялық-санитариялық сараптама өткізбей сатуға жол берілмейді.
36. Ішкі сауда объектілерінің әкімшіліктері Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды және ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыру үшін мемлекеттік ветеринарлық-санитариялық инспекторларға, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарттық негізде ветеринариялық нормативтерге сәйкес келетін қызметтік үй-жайлар береді.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

13-параграф. Процессингтік орталыққа қойылатын талаптар


37. Процессинг орталығына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 7-1/179 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10749 болып тіркелген) бекітілген Процессинг орталығының жұмыс істеу қағидаларында белгіленеді.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Аурулардың профилактикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі


Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
38. Ветеринариялық iс-шаралар:
1) жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларының пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын ұстаудың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақта өткiзiлетiн iс-шаралар;
2) шектеу iс-шараларын немесе карантиндi қоса алғанда, жануарлардың аса қауiптi және энзоотиялық ауруларын жою және олардың таралуының алдын алу мақсатында бақылау аймағын, буферлік аймақты қоса алғанда, эпизоотия ошағында және қолайсыз пунктте өткiзiлетiн iс-шаралар болып бөлiнедi.
39. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы мен жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9639 болып тіркелген) бекітілген Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Жоспарлау қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-параграф. Қолайлы пунктте жүргізілетін ветеринариялық




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет