Сабақтың тақырыбы: Функция және функцияның графигі Сынып: 7 Сабаққа қатысқандар саны



бет1/3
Дата28.11.2023
өлшемі140,5 Kb.
#130459
түріСабақ
  1   2   3

Күні: 10.11

М. Мамыраев атындағы МИ

Мұғалімі: Капарова А. А.

Сабақтың тақырыбы:

Функция және функцияның графигі



Сынып:7

Сабаққа қатысқандар саны:

Сынып:7

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.4.1.1функция және функцияның графигі ұғымдарын меңгеру;
7.4.1.2функцияның берілу тәсілдерін білу;
7.4.1.3функцияның анықталу облысы мен мәндер жиынын табу;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:
Функционалдылық тәуелділік ұғымын қалыптастырып, функцияның жазылуын, оқылуын білу. Функцияның анықталу аймағын, мәндерінің аймағын таба білу дағдысын қалыптастыру




Оқушылардың басым бөлігі:
Функцияның формуламен берілуін пайдаланып, жаттығуларды орындай біледі.




Кейбір оқушылар:
функцияларының графиктерін салуға және графиктері бойынша х-тің мәндеріне сәйкес келетін у-тің мәндерін табуға үйрету. Осы функциялардың қасиеттерін талдау.

Сабақтың тақырыбы:

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылар- мен амандасу, түгендеу.
2.Ынтымақ-тастық атмосферасын қалыптастыру

1.Мұғалім оқушыларды түгендейді.


2.Амандасадыжәне тілектерін білдіреді.

1.Оқушылар мұғалім- мен амандасады.
2. Сабаққа дайындалады.


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Оқушылардың белсенділігі үшін «Жарайсың!», «Керемет!» деген сақтау сөздерімен бағалайды.


Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.







(Ұ) «Кім шапшаң» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын жылдам қояды. Кейін тексеріп, ұжымдық талқылау жасайды. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. 1-2 слайд
Функция немен беріледі?
2. Тәуелсіз айнымалы не деп аталады?
3. Тәуелсіз айнымалының қабылдайтын мәндерінің жиыны функцияның қандай аймағы деп аталады?
4. Координаталық жазықтықтағы әр түрлі екі шаманың арасындағы тәуелділіктің сызықпен кескінделуі?
5. «Функция» терминін математикаға тұңғыш енгізген неміс физик - математигі?
6. Квадраттық барлық қабырғаларының қосындысы?
7. Аргументке тәуелді айнымалы не деп аталады?...
Мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.



1. Графикалық диктантқа шапшаң жауап береді.
2. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, қатемен жұмыс жасап, ұжымдық талқылау жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет