№2 дәріс
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: мазмұны, рөлі мен функциялары
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз не?
2. Адамгершілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылымындағы орны
қандай?
3. Сыбайлас жемқорлық мінез-құлық үлгісінің мазмұны.
4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» және «сыбайлас жемқорлыққа
қарсы мәдениет» ұғымдары
5. «Сыбайлас жемқорлық сана» және «сыбайлас жемқорлық мәдениет»
ұғымдарының теориялық мазмұны олардың күнделікті қолданылуына
сәйкес келе ме?
6. Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары.
7. Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің жағдайын
талдаңыз
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феномені болып табылады. Сондықтан бұл параграфта сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феноменін қарастырамыз. Қоғамдық сананың әртүрлі нысандары бар, олардың көмегімен
адамдар оларды қоршаған табиғатты, қоғам мен өздерін сезінеді.
Моральдық (адамгершілік) саяси, құқықтық, эстетикалық, діни сана
болып бөлінеді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» ұғымы қоғамдық сананыңбарлық нысандарын қамтиды. Бұл интегративті ұғым, себебі ол өзіне әртүрлі ғылым саласынан ақпаратты сіңіреді, әртүрлі оқу пәндерінде зерделенеді және ол туралы білімді тұжырымдауда зерттелетін құбылысты түсінудің жаңа деңгейіне шығады.
Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қоғамдық сананыңөзге де нысандарымен тікелей өзара байланыста болады және қоғамдық санаға тән барлық қасиеттер және сипаттамаларды меңгереді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – бұл адамдардың сыбайлас жемқорлыққа әлеуметтік зұлымдық ретіндегі қатынасын білдіретін ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы.
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында мүдделер қақтығысы «жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды
адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда осы аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін» деп айқындалады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың ерекшелігі оның барлық көрінісінде мүдделер қақтығысына жағымсыз, төзбеушілік қатынастың призмасы арқылы өмірлік болмысты көрсетеді, содан кейін жаңғыртады. Ол жалпыға міндетті мінез-құлық нормаларын белгілеуді талап етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықтың шегін көрсетіп береді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қамтамасыз ету үшін моральдық-адамгершілік, идеологиялық, құқықтық шараларды талап етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы санаға нысандандыру, белгілілік пен кесімділік тән. Сондай-ақ моральдық
және құқықтық міндеттерді орындауға қатаң бақылау талабы тән.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың рөлі оның танымдық, реттеуші, бағалаушылық, болжамдық функцияларында көрінеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың танымдық функциясы (гносеологиялық) әлеуметтік зұлымдық ретінде сыбайлас жемқорлық туралы білімді жинақтау және оның негізінде адами өзара қарым-қатынастар әлемін одан әрі пайымдау мүмкіндігінен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |