№2 Дәріс. Тақырып. Әйел жыныс ағзаларының анатомиясы мен физиологиясы. Әйел жамбасы. Нәресте басы-босану обьектісі. Әйелдің жыныс мүшелері 2-ге бөлінеді:
I. Сыртқы жыныс мүшелері: қасаға, үлкен және кіші жыныс ернеулері (labia pudenda majora, minorа), шүрті (clitor) , қынап сағасы (vestibulum vaginae), аралық (perineum). II. Ішкі жыныс мүшелері: қынап (vagina), жатыр(uterus), жатыр мойны(cervix uteri), жатыр түтіктері(tubae uterinae), аналық без(ovarium). Қасаға-тері асты май қабатына бай, шат сүйегінің қосылған жерінен жоғары орналасқан. Қасағаның жоғары шекарасы болып, көлденең тері қатпары қасаға үстіндегі қатпар оң және сол жағынан шат қатпарлары орналасқан. Қасаға арт жағынан үлкен жыныс ернеулерімен қосылады. Қасаға түкпен қапталған. Әйелдерде түктің өсу шекарасы көлденең сызыққа дейін.
Кіші жыныс еріндері-үлкен жыныс ернеулерінің астында орналасқан. Түсі шырышты қабыққа ұқсаған жұқа қатпардан тұрады. Кіші жыныс ернеулері үлкен жыныс ернеулерін ашқанда ғана көрінеді. Егер биік болса үлкен жыныс ернеулерден шығып тұрады. Кіші жыныс ернеулері қан тамырлармен және жүйке тамырларына өте бай. Сондықтан оларды жыныстық сезім мүшесі деп санайды.
Үлкен жыныс еріндері-май ұлпасына бай, жұп орналасқан тері қатпарларынан тұрады. Ернеулер жыныстық саңылауды қоршап тұрады. Алдынан улкен жыныс ернеулері қасаға терісіне өтеді. Артқа қарай тарыла бастайды. Төменгі келіп ортаңғы сызықпен қосылып артқы спайкыны құрайды. Үлкен жыныс ернеулерінің сыртқы шеті түкпен қапталған. Ал ішкі шеті қызғылт түсті ылғалданып шырышты қабатқа ұқсайды. Үлкен жыныс ернеулерде кіреберістің үлкен бездері орналасқан және олар сұйықтық бөліп тұрады. Сұйықтық ақшыл түсті, сілтілі реакциялы, өзіне тән иісі бар жыныстық қозу кезінде бөлінеді.Бартолин безінен бөлініп сұйықтық қынап безін ылғалдап және аталық жыныс клеткаларының қозғалмауын тездетеді.
Шошақай (клитор)-кішірек конус тәрізді томпақ. Басы, денесі және екі аяқшасы бар. Осы 2 аяқшасы арқылы шат сүйегіне бекиді.Шүрті жүйке талшықтарына өте бай. Олардың тітіркенуінен жыныстық қозу пайда болады және жыныстық қозу кезінде үлкейіп қатаяды.