Реферат тақырыбы: Тексерген: Маштанова Н. К. Орындаған: Қонарова Ж. 23. 21 Фарм тобы Ақтау 2022ж Жоспар



бет1/8
Дата09.12.2022
өлшемі355,55 Kb.
#56113
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8

ТОО «Мейірбике колледжі»

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:

Тексерген: Маштанова Н.К.
Орындаған: Қонарова Ж. 23.21 Фарм тобы


Ақтау 2022ж

Жоспар:

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
III.Қортынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

І. Жағар майлар технологиясында негіздердің маңызы мен мәні әртүрлі және алуан. Негіздер жағар майларға қажетті салмақ, дәрілік заттардың сәйкес концентрациясын, қажетті консистенциясын, тұрақтылықты қамтамасыз етеді, сонымен қатар негіздер дәрілік заттардың резорбциясының деңгейі мен жылдамдығын басқарады, яғни фармакодинамикада маңызды роль атқаратын жағар майлардың активті құрамды бөлігі.


Негіздерге қойылатын талаптар: жұмсақ консистенциялық, қолданылатын мақсатына сәйкестігі, физикалық және химиялық тұрақтылығы, биологиялық қауіпсіздігі, нейтральды реакциялы болуы, микроорганизмдерге тұрақтылығы, жағылған жерден оңай кетуі.
Көптеген авторлар негіздердің бірнеше жіктелуін ұсынған: 1975 жылы І ММИ дәріханалық дәрілер технологиясы кафедрасының доценті В.М. Грецкий заттардың сумен әрекеттесуі бойынша жіктелуін ұсынды. Осыған орай негіздердің жіктелуі: гидрофобты және гидрофильді болып екіге бөлінеді.
Ең қолайлысы - жағар майларды алудың технологиялық принципі бойынша жіктелуі: гидрофобты (липофильді); гидрофильді; гидрофобты - гидрофилді (дифильді).

II.
Құрамы жасанды түрде құралған липофильді және гидрофильді қасиеттерге ие композициялар. Бұл негіздерге суда және майда еритін заттарды, дәрілік заттардың сулы ерітінділерін енгізуге болады.

Ең қолайлысы - жағар майларды алудың технологиялық принципі бойынша жіктелуі: гидрофобты (липофильді); гидрофильді; гидрофобты - гидрофилді (дифильді). Гидрофобты негіздер. Бұл топқа гидрофобтық қасиеті айқын байқалатын, яғни майлармен, көмірсутектермен араласатын немесе оларда еритін, сумен нашар немесе тіпті араласпайтын негіздер: майлар және олардың туындылары; балауыздар; көмірсутекті негіздері; силиконды негіздер жатады. Гидрофильді негіздер тобына жоғарғы молекулалы көмірсулар және ақуыздар сілітпелері, синтетикалық ЖМҚ, бейорганикалық заттар, фитостеринді негіздер кіреді. Липофильді-гидрофильді негіздер көмірсутектермен салыстырғанда жағар майдағы дәрілік заттардың жоғары резорбциясын қамтамасыз етеді.


Липофильді-гидрофильді негіздер адсорбциялық және эмульсиялық болып бөлінеді. Бұл екі топтың негізгі міндетті компоненті - эмульгатор БАЗ кіреді Адсорбциялық жағар май негізінің құрамына көбінесе вазелин, вазелин майы, церезин және т.б. көмірсутектердің эмульгатормен қоспасы кіреді.

Адсорбциялық негіздің құрамына кіретін БАЗ жағар майдың терапевтік белсенділігін жоғарлатады. Адсорбциялық негіздер эмульсиялық жағар майды және судың қатысында гидролизге ұшырайтын дәрілік заттардан жағар май дайындау үшін қолданылады.


Климаттық жағдайлары ір түрлі өлкелерде, консистенциясы алуан негіз алу мақсатында церезин және вазелин майының концентрациясы өзгеруі мүмкін.

ІІІ.
Сонымен қортындылай келе күнделікті өмірде адамзат пайдаланатын жақпа майлы дәрілік заттардың құрамымен таныс болдық. Оның ішінде майлардың активті құрамы бөлігіндегі негіздердің жіктелуі: гидрофобты және гидрофильді болып екіге бөлінетімен таныстық. Ең қолайлысы - жағар майларды алудың технологиялық принципі бойынша жіктелуі: гидрофобты (липофильді); гидрофильді; гидрофобты - гидрофилді (дифильді)болып жіктелетініне көз жеткіздік.



Пайдаланылған әдебиеттер

Сағындықова Б.А., Анарбаева Р. М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы: оқулық. Шымкент, 2008.-


https://kzref.org/download/otstik-azastan-memlekettik-farmacevtika-akademiyasi-deriler-te-v2.doc

Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. – Шымкент.– 2002


ТОО «Мейірбике колледжі»



РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Ұнтақтар

Тексерген: Маштанова.Н
Орындаған: Қалдыбаева Д. 23.21 Фарм тобы

Ақтау 2022ж



Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
III.Қортынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

І.Кіріспе
Ұнтақтар – iшке және сыртқа қолданылатын, бiр немесе бiрнеше майдаланған заттардан тұратын және сусымалды қасиетi бар қатты дәрiлiк түр.
Ұнтақтар официнальды дәрiлiк түр. CCPO Мемлекеттiк Фармакопеяның Х1 басылымына жалпы мақала енгiзiлген (2 том, 150 бет).
Дисперсиологиялық жiктелу бойынша ұнтақтар дисперстiк ортасы болмайтын, әртүрлi көлемдегi және формадағы майда дисперстi бөлшектерден тұратын еркiн дисперстiк жүйе. Дәрiханалардың қазiргi таңдағы рецептурасында ұнтақтар орта есеппен жалпы экстемпоральды рецептураның 20-23% құрайды.
ІІ. Ұнтақтар қолдану тәсiлi, құрамы, мөлшерленуi (дозалануы) бойынша жiктеледi: қолдану тәсiлi бойынша: ішке қолдануға арналған ұнтақтар, сыртқа қолдануға арналған ұнтақтар; құрамы бойынша:қарапайым (жәй) ұнтақтар, күрделi ұнтақтар; мөлшерленуi (дозалануы) бойынша: дозаларға бөлiнген ұнтақтар, дозаларға бөлiнбеген (мөлшерленбеген) ұнтақтар;
Артықшылығы: доазалау дәлдігі, фармокологиялық белсендлігі жоғары, ұнтақ түрінде құрамы және табиғаты әртүрлі препараттарды ондағы аз мөлшерде қою, сұйық және тұтқыр заттарды босатуға болады, дайындалуы оңай, сақтау мерзімі ұзақ, тасымалдауға ыңғайлы.Ал кемшіліктері: құрамына көп сұйық енгізуге болмайды, иісті,бояғыш заттарды қолдану ыңғайсыз, кристалдық суын оңай жоғалтады.
Ұнтақтардың рецепте жазылу тәсілдері. Дозаланбаған ұнтақтар бiр тәсiлмен жазылады. Рецепте босатуға арналған дәрiлiк заттардың салмақтық мөлшерi көрсетiледi. Дозаланған ұнтақтар рецептте екi тәсiлмен жазылады:
а) Бөлiнген тәсiл. Рецептте әр дәрiлiк заттың ұнтақтың 1 дозасына есептелген мөлшерi жазылады, осындай дозадан дайындалатын ұнтақ саны көрсетiледi,
б) Бөлiнетiн тәсiл. Рецептте дәрiлiк заттың барлық ұнтақ санына керектi мөлшерi жазылады және қанша дозаға бөлу саны көрсетiледi:
Ұнтақтар технологиясының сатылары. Ұнтақтар дайындау технологиясы келесi сатылардан тұрады: ұнтақтау; елеу; араластыру; дозалау (мөлшерлеу); орамдау және безендiру; сапасын бағалау.

Ұнтақтардың жеке технологиясы. Қарапайым ұнтақтардың технологиясы. Қарапайым ұнтақтарды дайындау технологиясы келесi сатылардан тұрады: ұнтақтау; дозалау; орамдау, безендiру. Қарапайым ұнтақтар технологиясында араластыру сатысы болмайды.
Күрделi ұнтақтардың технологиясы. Күрделi ұнтақтың құрамына заттар қоспа ретiнде және әртүрлi мөлшерде енуi мүмкiн, олар негiзiнен iшуге қолдануға белгiленедi. Жазылған заттардың физикалық қасиеттерiнiң ерекшелiктерi және олардың әртүрлi қиыстырылуы күрделi ұнтақтарды әртүрлi тәсiлдермен дайындауды қажет етедi.
Әр уақытта күрделi ұнтақтардың технологиясының жалпы ережелерiн сақтау қажет:

  • рецепте берiлген дәрiлiк заттардың сыйымдылықтарын тексеру;

  • улы және күштi әсер ететiн заттардың дозасын тексеру;

  • күрделi ұнтақтардың жалпы мөлшерiн есептеу, бақылау паспортын жазу;

  • жеке ингредиенттердiң келiге салу кезектестiгiн анықтау;

  • күрделi ұнтақтардың майдалануының және араласуының белгiленген оптималды уақытын сақтау;

  • дайын ұнтақтардың майдалану дәрежесiн және араласу бiртектiлiгiн тексеру;

  • дайын ұнтақтарды дозалау;

  • ұнтақтарды орамдау және безендiру ережесiн сақтау.

Ұнтақтардың сапасын бағалау.
Ұнтақтардың сапасын бағалау технологиялық процестiң әртүрлi кезеңдерiнде жүргiзiледi:
- алдынғы кезеңде (сыйымдылығын, өлшемiн және т.б. тексеру);
- дайындау сатыларында (бiркелкiлiгiн, сусымалдығын, түсiнiң және иiсiнiң
ингредиенттерге сәйкестiгiн тексеру);
- дайын препараттың (органолептикалық бағалау, бөлшектiң өлшемiн
анықтау, салмағынан ауытқуын және т.б. анықтау);
- босатар кезде бағалау (орамдалуының, безендiрiлуiнiң сәйкестiгiн), қатысты
құжаттардың: жазбаша бақылау паспортының, рецепт көшiрмесiнiң және
т.б. дұрыс жазылуын тексеру.
Қорытынды
Сонымен ұнтақтар деп отырғанымыз қатты дәрілік заттардың түрі. Оның ішке және сыртқа қолданылатын, бiр немесе бiрнеше майдаланған заттардан тұратын және сусымалды қасиетi бар.
Олар қолдану тәсiлi, құрамы, мөлшерленуi (дозалануы) бойынша жiктеледi; қолдану тәсiлi бойынша: ішке қолдануға арналған ұнтақтар, сыртқа қолдануға арналған ұнтақтар; құрамы бойынша:қарапайым (жәй) ұнтақтар, күрделi ұнтақтар; мөлшерленуi (дозалануы) бойынша: дозаларға бөлiнген ұнтақтар, дозаларға бөлiнбеген (мөлшерленбеген) ұнтақтар болып бөлінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Сағындықова Б.А., Анарбаева Р. М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы: оқулық. Шымкент, 2008
Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. – Шымкент.– 2002
https://kzref.org/download/otstik-azastan-memlekettik-farmacevtika-akademiyasi-deriler-te-v2.doc

ТОО «Мейірбике колледжі»


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Сұйық дәрілік түрлердің жалпы сипаттамасы, жіктелуі

Тексерген: Маштанова.Н
Орындаған: Оразбаева Д. 23.21 Фарм тобы


Ақтау 2022ж.

Жоспар:

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
III.Қортынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

І.
Сұйық дәрiлiк түрлер – дәрiлiк зат сұйық дисперстiк ортада ерiген жүйе. Дисперсологиялық жiктелуi бойынша сұйық дәрiлiк түрлер еркiн дисперстiк жүйеге жатады. Бұл түрде дәрілік зат барлық 3 агрегаттық: қатты, сұйық және газ тәрізді түрде болады.


Сұйық дәрілік түрлер дәріхананың жалпы экстемпоральді рецептурасының шамамен 50% құрайды.
Ерiтiндiлердi сұйық дәрiлiк түр ретiнде белгiлеген кезде, рецепттердi әртүрлi тәсiлмен құрастырады:
пайыз түрiнде;
еритiн зат пен ерiткiштi бөлек көрсету арқылы;
ерiтiндi көлемiн қажеттi көлемге дейiн жеткiзу арқылы;
зат мөлшерiнiң ерiткiш мөлшерiне қатынасы арқылы.

ІІ.
Сұйық дәрілік түрлердің артықшылықтары:


ағзаға тез сіңірілетін болғандықтан, олар терапевтік әсерді тез көрсетеді;
кейбір препараттарды, мысалы бромидтерді тек сұйық дәрілік түр ретінде босату керек, себебі, бромидтер ұнтақ түрінде асқазанның шырышты қабатында жоғары контцентрация түзіп, тітіркендіргіш әсер көрсетеді;
қолдануы қарапайым және қолайлы;
ащы дәмді дәрілік заттардың дәмін жасыруға болады;
технологиясы қиын емес.
Ал кемшіліктері:
олардың сыртқы орта факторларының (ауадағы бос оттегінің, жарықтың, температура өзгеруінің) әсерінен тұрақтылығы төмен;
олар микроорганизмдердің өсуіне және көбеюіне қолайлы орта, сондықтан сақтау мерзімі қысқа;
тасымалдауға ықшамды емес;
дозалануы дәл емес.
Сұйық дәрiлiк түрлердiң келесi белгiлерi бойынша бiрнеше топқа жiктеледі:
қолдану тәсiлi бойынша;
дисперстi фазаның ұнтақталу дәрежесi және оның дисперстiк ортамен байланысы бойынша;
ерiткiштiң құрамы мен табиғаты бойынша.
Сұйық дәрiлiк түрлердiң қолдану тәсілі бойынша жіктелуі:
Ішке қолданатын дәрілер. Оған микстуралар мен тамшылар жатады;
Сыртқа қолданатын дәрілер;
Шаншуға (инъекцияға) арналған дәрілер

ІІІ.
Сонымен қортындылай келе, Сұйық дәрiлiк түрлер – дәрiлiк зат сұйық дисперстiк ортада ерiген жүйе. Дисперсологиялық жiктелуi бойынша сұйық дәрiлiк түрлер еркiн дисперстiк жүйеге жатады.


Сұйық дәрiлiк түрлердiң келесi белгiлерi бойынша бiрнеше топқа жiктеледі:
қолдану тәсiлi бойынша;
дисперстi фазаның ұнтақталу дәрежесi және оның дисперстiк ортамен байланысы бойынша;
ерiткiштiң құрамы мен табиғаты бойынша.

Сұйық дәрiлiк түрлердiң қолдану тәсілі бойынша жіктелуі:

Ішке қолданатын дәрілер. Оған микстуралар мен тамшылар жатады;
Сыртқа қолданатын дәрілер;
Шаншуға (инъекцияға) арналған дәрілер болып бөлінеді.

ТОО «Мейірбике колледжі»


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Сулы ерітінділер (нағыз ерітінділер)

Тексерген: Маштанова.Н
Орындаған: Оразбаева Д. 23.21 Фарм тобы


Ақтау 2022ж.

Жоспар:

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
III.Қортынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

І.
Ерітінділер – инъекцияға ішуге, сыртқа қолдануға арналған, бір немесе бірнеше дәрілік заттарды еріту арқылы алынған сұйық дәрілік түр.
Ерітінділер құрамына және қолдану тәсіліне қарай әр түрлі болады. Нағыз ерітінділер бөлшектерінің диаметрі 1нм-ден төмен ,еріген заттары молекулаға немесе ионға дейін ыдыраған сұйық дисперсті жүйе.
Нағыз ерітінділер бір фазалы, гомогенді жүйе болып келеді. Олар мөлдір, ультрафильтрден еркін өтетін және біртектілігін ұзақ уақыт аралығында сақтайтын сұйықтықтар.

ІІ.
Сулы ерітінділер – салмақ көлемдік тәсілмен дайындалады, яғни дәрілік заттардың жазылған мөлшері салмақ бойынша еріткіш-тазартылған су.


Сулы ерітінділердің технологиясы келесі сатылардан тұрады:
-жұмыс орнын және көмекші материалдарды дайындау
-дәрілік заттарды еріту
-сүзу немесе фильтрлеу
-орамдау және босатуға безендіру
-дайын өнімнің сапасын бағалау
Жұмыс орнын және көмекші материалдарды дайындау
Өлшегіш құралдар, дәрілік заттар, ерітуге арналған ыдыстар, босатуға арналған құты, араластыру үшін қолданылатын таяқша, воронка фильтр қағазы, тығындауыш құрал, негізгі және ескерту этикеткалары жұмыстың алдында дайындалады.
Еріту ерітінді дайындаудың негізгі сатысы.Ерітілетін заттардың және еріткіштің қасиеттерін білу,бұл сатыны тез жүргізуге мүмкіндік береді.Барлық заттардың физика-химиялық қасиеттерінің ішінде ең маңыздысы-олардың судағы немесе басқа ерігіштегі еру қабілеті.Ол заттардың ерігіштігімен сипатталады.Ерігіштік берілген жағдайда қаныққан ерітіндінің концентрациясымен анықталады.
Дәрілік заттарды еріту
Қыздыру, ерітетін затты алдын ала ұнтақтау және араластыру қолданылады. Қыздырған кезде кристаллдық тордың беріктігі төмендейді, диффузия жылдамдығы артады, еріткіштердің тұтқырлығы төмендейді. Кейбір жағдайларда температураның жоғарылауы жағымсыз әсер көрсетеді: ұшқыш заттар (ментол, камфора және т.б.) жоғалуы мүмкін.
Ерітіндіні дайындап болған соң,міндетті түрде көзге көрінетін бөлшектерден фильтрлеу немесе сүзу арқылы тазартады.Фильтрлеу үшін фильтр қағазы,асбест,шыны фильтр,ал сүзу үшін бос борпылдақ(мақта,дәке,мата)материалдар қолданылады
Сүзу немесе фильтрлеу
Сұйық фазаны көзге көрінетін барлық бөлшектерден тазарту.Фильтрлеу жылдамдығы процесс жүрген кездегі қысымға,фильтрлеуші материалдардың саңылауының өлшемдеріне,сұйықтықтың тұтқырлығына және басқа факторларға байланысты.
Фильтрлеу
-фильтр материалдары белгілі мөлшерде берік болуы керек;
-жоғары өткізгіштік,бөлшектерді ұстап қалу әсерлігін қамтамасыз ететін құрылысы болу керек;
-ерітіндіге талшықтар мен бөлшектерді бөліп шығармауы қажет;
-дәрілік заттармен әрекеттеспеуі керек;
-термиялық стерилизацияға төзімді болуы қажет;
-қысымға,кернеуге төзімді болу қажет.
ІІІ.
Сонымен ерітінділер – инъекцияға ішуге, сыртқа қолдануға арналған, бір немесе бірнеше дәрілік заттарды еріту арқылы алынған сұйық дәрілік түр екенін білдік.
Ерітінділер құрамына және қолдану тәсіліне қарай әр түрлі болады. Нағыз ерітінділер бөлшектерінің диаметрі 1нм-ден төмен ,еріген заттары молекулаға немесе ионға дейін ыдыраған сұйық дисперсті жүйе.
Нағыз ерітінділер бір фазалы, гомогенді жүйе болып келеді. Олар мөлдір, ультрафильтрден еркін өтетін және біртектілігін ұзақ уақыт аралығында сақтайтын сұйықтықтар болып табылады.

ТОО «Мейірбике колледжі»


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Бейсу ерітінділері

Тексерген: Маштанова.Н
Орындаған: Сариева Г. 23.21 Фарм тобы


Ақтау 2022ж.

Жоспар:

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
III.Қортынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

І. Бейсу ерiтiндiлер – дәрілік заттар бейсу еріткіштерде ерітіледі.


Бейсу ерiтiндiлер сыртқа қолдануға арналған дәрiлiк түрлерге жатады: кiлегей қабаттарға жағуға, терi қабатын сүртуге, жууға, шаюға, ингаляция жасауға арналған ерiтiндiлер, құлаққа, мұрынға арналған тамшылар.
Бейсу ерiтiндiлердiң технологиясында қолданылатын ерiткiштердi олардың физико-химиялық қасиеттерiне байланысты ұшқыш және ұшқыш емес бейсу ерiткiштер деп бөледi. Ұшқыш ерiткiштерге этанол, эфир, хлороформ жатады. Дәрiхана iс-тәжiрибесiнде кеңiнен этанол қолданылады.
Ұшқыш емес ерiткiш ретiнде глицерин, өсiмдiк майлары, вазелин майы, соңғы жылдары - димексид, полиэтиленоксид-400 (ПЭО-400), силикондар қолданылады. Бейсу ерiтiндiлерiнiң технологиясы:
Бейсу ерiтiндiлерiнiң технологиясы: ерiту, фильтрлеу, орамдау, безендiру сатыларынан тұрады. Әр сатының, ерiткiштердiң физико-химиялық қасиеттерiне байланысты өзiндiк ерекшелiктерi болады.

ІІ.
Ұшқыш ерiткiште ерiтiндiлердi дайындау кезiнде ерiткiштiң көп мөлшерi булану есебiнен және ерiтiндiнiң концентрациясы ұлғаюына байланысты жоғалуы мүмкiн, сондықтан қыздыру, сүзу немесе фильтрлеу операциялары орындалмайды. Дәрiлiк заттардың этанолдағы ерiтiндiлерiн дайындау ССРО МФ және сұйық дәрiлiк түрлердi салмақ-көлемдiк әдiспен дайындау (ҚР ДСМ 15.12.05 ж. № 142 бұйрығының 21 тармағы, ҚР ДСМ 18.04.2000 ж. № 224 бұйрығы) нұсқауымен реттеледi. Технологиясының ерекшелiктерi: ерiтiндiнi тiкелей босататын құтыға дайындайды; құты құрғақ болуы керек, себебi су спирттi сұйылтып, басқа ерiткiшпен араласпайтын дәрiлiк заттардың ерiткiштiк қасиетiн төмендетедi;


Ұшпайтын бейсу ерiткiштерде ерiтiндiлердi дайындау.
Дәрiханада қолданылатын ұшқыш емес ерiткiштердiң (глицерин, сұйық парафин, өсiмдiк майлар) тұтқырлығы едәуiр жоғары, сондықтан диффузия баяу жүредi. Еру процессiн жылдамдату үшiн еритiн заттардың қасиеттерiн ескерiп, қыздырады. Ерiтiндiлердi қажет болған жағдайда дәке арқылы сүзедi. Бұл ерiтiндiлердiң этанол ерiтiндiлерiнен ерекшелiгi – салмақ бойынша дайындалады. Ерiтiндiлердiң салмағы дәрiлiк зат пен ерiткiш салмағының қосындысымен анықталады.
Бейсу ерiтiндiлерiнiң сапасын және технологиясын жетiлдiру:

  • дәрiлiк заттардың көбiн жақсы ерiтетiн, ерiткiштер талаптарына сай болатын, ерiткiштер қатарын кеңейту;

  • дәрiханалық iс-тәжiрибеде талаптарға сай емес ерiткiштер орнына ПЭО-400 және силиконды сұйықтықтарды енгiзу;

  • сақталуын және қолдану ыңғайлылығын қамтамасыз ететiн орамдауыш материалдарды жетiлдiру;

  • дәрiхана iшiлiк дайындамалардың ассортиментiн кеңейту, осыған байланысты дәрiхана жұмысында кiшi механизациялық құралдарды кеңiнен қолдану.

ІІІ.
Демек, бейсу ерiтiндiлер – дәрілік заттар бейсу еріткіштерде ерітіледі.


Олар сыртқа қолдануға арналған дәрiлiк түрлерге жатады: кiлегей қабаттарға жағуға, терi қабатын сүртуге, жууға, шаюға, ингаляция жасауға арналған ерiтiндiлер, құлаққа, мұрынға арналған тамшылар.
Технологиясының ерекшелiктерi: ерiтiндiнi тiкелей босататын құтыға дайындайды; құты құрғақ болуы керек, себебi су спирттi сұйылтып, басқа ерiткiшпен араласпайтын дәрiлiк заттардың ерiткiштiк қасиетiн төмендетедi;

ТОО «Мейірбике колледжі»


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Жоғары молекулалық қосылыстардың ерітінділері

Тексерген: Маштанова.Н
Орындаған: Сариева Г. 23.21 Фарм тобы


Жоспар:

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
III.Қортынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

І. Жоғары молекулалық қосылыстар (ЖМҚ) - бұл молекулалық салмағы бiрнеше мыңнан миллионға дейiн және одан да жоғары болатын заттар. Қазiргi кезде медицинада және фармацияда 3000 астам жоғары молекулалы қосылыстар қолданылады.


Бұл ерітінділер де нағыз ерітінділер секілді молекулалы-дисперсті, бір фазалы гомогенді жүйелер болып табылады. Бірақ бұл ерітінділердің коллоидті ерітінділерге ұқсас қасиеттері бар. Мысалы, ЖМҚ ерітінділері диализге бейім емес, коллоиді ерітінділер секілді диффузия жылдамдығы төмен болып келеді.

ІІ. Жоғары молекулалық қосылыстардың жiктелуi: алыну әдiсiне байланысты (табиғи жоғары молекулалық қосылыстар, синтетикалық және жартылай синтетикалық жоғары молекулалық қосылыстар); жоғары молекулалық қосылыстар қолданылуы бойынша (дәрiлiк заттар; көмекшi заттар (негiздер немесе жағар майлар мен суппозиторийлер үшiн негiз компонентi, эмульгаторлар, тұрақтандырғыштар, консерванттар, орамдаушы және тығындаушы материалдар және т.б.); ісiну қабiлетi бойынша (шексiз iсiнетiн; шектi iсiнетiн); жоғары молекулалық қосылыстарды молекула түрiне қарай екi топқа бөледi (сфералық (ақ уыздар) және тiзбектi (крахмал, целлюлоза туындылары) құрылысты).


Жоғары молекулалық қосылыстардың еруi алдын-ала жүретiн iсiну процессiмен сипатталады. Iсiну – төмен молекула ерiткiштi сiңiру арқылы, жоғары молекулалы заттың көлемiнiң ұлғаюымен өздiгiнен жүретiн процесс.
Ісiну процессiн екi сатыда өтетiн процесс ретiнде қарастыруға болады:
бірінші саты - сольватация-гидратация (жылу бөле) жүредi;
екінші саты - iсiну (сұйықтық жылу бөлiнусiз жұтылады).
Ерiткiш диффузиялы түрде молекула жiптерiнiң арасына енедi. Бұл сатыда ерiткiштiң көп мөлшерi жұтылып, iсiнген ЖМҚ көлемi 10-15 есеге бiрден ұлғаяды. Бiрақ iсiну процессi әрқашан толық ерумен бiтпейдi, iсiну шектi немесе шексiз болады.
Iсiну көлемiне әртүрлi факторлар әсер етедi. Жоғары молекулалық қосылыстардың ерiтiндiлерiнiң технологиясының сатылары:
Ерiту; Сүзу; Орамдау; Безендiру;
Шексiз iсiнетiн ЖМҚ ерiтiндiлерi: пепсин және фермент топтарының ерiтiндiлерi, шайыр, шырыш ерiтiндiлерi, экстракт ерiтiндiлерi (құрғақ, қою экстракттар).
Шектi iсiнетiн ЖМҚ ерiтiндiлерi. Шектi iсiнетiн ЖМҚ желатин, крахмал, метилцеллюлоза, карбоксиметилцеллюлоза (КМЦ), поливинилпирралидон (ПВП) және т.б. жатады.

ІІІ.
Сонымен Жоғары молекулалық қосылыстар (ЖМҚ) - бұл молекулалық салмағы бiрнеше мыңнан миллионға дейiн және одан да жоғары болатын заттар. Қазiргi кезде медицинада және фармацияда 3000 астам жоғары молекулалы қосылыстар қолданылады.


Бұл ерітінділер де нағыз ерітінділер секілді молекулалы-дисперсті, бір фазалы гомогенді жүйелер болып табылады. Бірақ бұл ерітінділердің коллоидті ерітінділерге ұқсас қасиеттері бар. Мысалы, ЖМҚ ерітінділері диализге бейім емес, коллоиді ерітінділер секілді диффузия жылдамдығы төмен болып келеді.
Жоғары молекулалық қосылыстардың еруi алдын-ала жүретiн iсiну процессiмен сипатталады. Iсiну – төмен молекула ерiткiштi сiңiру арқылы, жоғары молекулалы заттың көлемiнiң ұлғаюымен өздiгiнен жүретiн процесс.

ТОО «Мейірбике колледжі»


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Коллоидті ерітінділер

Тексерген: Маштанова.Н
Орындаған: Мекебаева О 23.21 Фарм тобы


Ақтау 2022ж.

Жоспар:

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
III.Қортынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

І. Коллоидты ерiтiндiлер - құрылымдық бiрлiгi мицелла деп аталатын молекулалар мен атомдар комплексi болып табылатын ультра- микрогетерогендi дәрiлiк түр. Коллоидты ерiтiндiлер дисперстiк фаза мен дисперстiк ортадан тұрады.


Коллоидты ерітінділердің кәдімгі ерітінділерден басты айырмашылығы, онда еріген зат бөлшектерінің ірі болып келуі дедік. Ерітілген зат бөлшектері коллоидты ерітінді құрамында мицелла түрінде ұшырасады.

ІІ. Дисперстiк фаза бөлшектерiнiң өлшемдерi 1 нм-ден 100 нм-ге дейiн (0,1 мкм - 0,001 мкм) болады. Коллоидты ерiтiндiлердiң ерекшелiктерi: агрегаттық және термодинамикалық тұрақсыз; коллоидты ерiтiндiлердiң керi қайту қасиетi жоқ; коллоидты ерiтiндiлердiң бөлшектерi кәдiмгi микроскопта емес, ультрамикроскопта байқалады. Көлденең бөлшектерi едәуiр үлкен болғандықтан, олар арқылы жарық өтпейдi. Осыған орай коллоидты ерiтiндiлер шашыраған жарықта лайлы болып көрiнедi; коллоидты ерiтiндiлердiң осмостық қысымы төмен; бөлшектерiнiң мөлшерiнiң үлкендiгiнен коллоидты ерiтiндiлер ЖМҚ ерiтiндiлерi сияқты әлсiз диффузияланады; коллоидты ерiтiндiлер - лабильдi, бұл олардың сезiмталдығының жоғары болуымен түсiндiрiледi; коллоидты ерiтiндiлердiң сақталу мерзiмi шектеулi.


Қорғалған коллоидты ерітінділер. Жеке технологиясы.
Фармацевттiк iс-тәжiрибеде қорғалған коллоидты ерiтiндiлер қолданылады. Қорғалған коллоидтар - гидрофильдi қасиетi бар ЖМҚ және гидрофобты коллоидты заттан тұратын жасанды препарат. Қорғалған коллоидтардың ерiгiштiгi ЖМҚ секiлдi шексiз. Медициналық iс-тәжiрибеде үш коллоидты препарат кеңiнен қолданылады - колларгол, протаргол (жасанды түрде алынған коллоидты заттар) және ихтиол (табиғи қорғалған коллоид). Протаргол - ақ уыздардың сiлтiлi гидролиз өнiмдерiмен - натрий альбуминаттарымен қорғалған күмiс тотығының коллоидты заты. Күмiс тотығы - 8%, қалған мөлшерi - ЖМҚ қорғанысы. Протаргол ерiтiндiсiн дайындаған кезде пептизация, яғни ерiту сатысы, колларголдағы iсiну сатысына қарағанда ұзақ жүреді. Келесi коллоидты қорғалған препарат - колларгол жасылдау немесе көкшiл-қара пластинкалар, металдық жылтыры бар, коллоидты ерiтiндi түзе суда еридi. Колларголда 70% күмiс тотығы және 30%-ға дейiн лизальбин және протальбин қышқылдарының натрий тұздары бар (ЖМҚ). Ихтиол - табиғи қорғалған коллоид - битуминозды сланецтардын құрғақ айдалған өнiмi. Ихтиол - қара, тұтқыр сұйықтық, сумен және глицеринмен жеңiл араласады.
Жартылай коллоидты ерітінділер.
Бұл жүйелерде заттар бiрден нағыз ерiген, сонымен бiрге коллоидты түрде болады. Жартылай коллоидтар ерiген кезде, бос және ассоциацияланған иондар түзетiн электролиттер. Оларға сабын, иiлiк заттар, бояғыштар жатады.
ІІІ. Сонымен, Коллоидты ерiтiндiлер - құрылымдық бiрлiгi мицелла деп аталатын молекулалар мен атомдар комплексi болып табылатын ультра- микрогетерогендi дәрiлiк түр. Коллоидты ерiтiндiлер дисперстiк фаза мен дисперстiк ортадан тұрады.
Фармацевттiк iс-тәжiрибеде қорғалған коллоидты ерiтiндiлер қолданылады. Қорғалған коллоидтар - гидрофильдi қасиетi бар ЖМҚ және гидрофобты коллоидты заттан тұратын жасанды препарат.
Жартылай коллоидтар ерiген кезде, бос және ассоциацияланған иондар түзетiн электролиттер. Оларға сабын, иiлiк заттар, бояғыштар жатады.

ТОО «Мейірбике колледжі»


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Суспензиялар

Тексерген: Маштанова.Н
Орындаған: Мекебаева О. 23.21 Фарм тобы


Ақтау 2022ж.

Жоспар:

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
III.Қортынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

І. Суспензия - сұйық дисперстiк ортада ерiмейтiн қатты дисперстiк фазадан тұратын iшуге, сыртқа, шаншуға қолданылатын микрогетерогендi сұйық дәрiлiк түр.


Артықшылықтары: суспензия түрiнде ерiткiштерде ерiмейтiн дәрiлiк заттарды босатуға болады, әсер ету эффективтiлiгi бойынша суспензиялар ерiтiндiлер мен майда ұнтақтар арасынан орын алады. Ұнтақтармен салыстырғанда суспензиялардағы бөлшектердiң жоғары дисперстiлiгiнен дәрiлiк заттар тез терапевтiк әсер көрсетедi. Суда ерiтiлген дәрiлiк заттардың сулы ерiтiндiлерi ағзадан тез шығарылады, ал суспензиялар ұзақ әсер етедi.
Кемшiлiктерi: технологиясы қиын, тұрақсыз, сақтау мерзiмi қысқа дәл дозаланбайды.
Сондықтан суспензия түрiнде улы және күштi әсер ететiн дәрiлiк заттарды босату мүмкiндiгi жоқ.
Құрамына және дайындау тәсiлiне байланысты суспензиялар: Iрi суспензиялар (бөлшектерiнiң өлшемдерi 1-100 мкм аралығында), майда суспензиялар (бөлшектерiнiң өлшемдерi 0,1-1 мкм аралығында) болып бөлiнедi.

ІІ. Суспензияларға қойылатын талаптар: бөлшектердiң өлшемдерi 50-100 мкм болуы, суспензиялар термодинамикалық тұрақты болуы керек, ол дәрiлiк заттың жеткiлiктi дәл дозалауын қамтамасыз етедi. Ресуспендирлену қасиетін - суспензияны қатты шайқау жолымен анықтайды. 24 сағат сақталған суспензияны 15-20 секунд шайқағаннан соң, ал 3 тәулiк сақталған суспензияны 40-60 секунд шайқағаннан соң бөлшектерi дисперстiк ортада бiртектi таралуы.


ҚР ДСМ 15.12.04 жылғы «Дәрiлiк құралдарды дайындау Ережелерi туралы» бұйрығының 1 бөлiмiнiң 8 тармағына сәйкес суспензиялар дисперстiк фазаның концентрациясы 3% төмен және дисперстiк ортаның табиғатына (сулы, спирттi-сулы) байланыссыз салмақ-көлемдiк әдiспен дайындалады. Дисперстiк фазаның концентрациясы 3% және одан жоғары болса, суспензиялар салмақтық әдiспен дайындалады.
Суспензияларды түссiз құтыда босатады. Ескерту «Қолданар алдында шайқа» этикеткасымен безендiредi.
Суспензияның қасиеттері: суспензиялардың осмостық қысымы жоқ; бөлшектер мөлшерiнiң үлкендiгiнен жартылай өткiзгiш мембранадан диффузия құбылысы жүрмейдi; сондықтан сүзу немесе фильтрлеу процессi жүргiзiлмейдi; кинетикалық тұрақсыз, суспензияларға седиментация құбылысы тән, ауырлық күшi әсерiнен бөлшектер тұнбаға түседi, егер бөлшектер бiр-бiрiне жабыспай еркiн тұнса, суспензияны агрегаттық тұрақты деп атайды, ал егер бөлшектер молекулалық iлiнiсу күшi әсерiнен жабысып үлпектер түзiп тұнса, суспензияны агрегаттық тұрақсыз деп атайды.
Суспензия технологиясында қолданылатын дәрiлiк заттар гидрофобты және гидрофильдi болып бөлiнедi. Гидрофильдi-iсiнбейтiн заттарға: висмуттың негiзгi нитраты, ақ балшық, тальк, мырыш тотығы, магний тотығы, крахмал, кальций карбонаты, кальций глицерофосфаты жатады. Бұл заттар суда ерiмейдi, бiрақ сумен жеңiл шыланады. Сондықтан осы препараттармен суспензия дайындау кезiнде тұрақтандырғыштар қолданылмайды. Гидрофобты заттар - бетi сумен қиын шыланатын заттар. Олар: гидрофобты қасиеттерi айқын байқалатын және айқын байқалмайтын болып екi топқа бөлiнедi.
Суспензиялардың сапасын бағалау басқа сұйық дәрiлiк түрлер секiлдi, сыртқы түрi мен органолептiк қасиеттерi, дұрыс орамдалуы және безендiрiлуi бойынша жүргiзiледi. Сонымен қатар суспензияларға тән ерекше қасиеттерiн талдайды: бiркелкiлiгiн және ресуспендирлiгiн. Жалпы мөлшерiндегi ауытқулар қатты фазаның мөлшерiне байланысты анықталады. Суспензиялардың теориялық негiздерi - суспензиялық линименттер, жағар майлар, суппозиторийлер технологиясында қолданылады. Мұндай жағдайда Дерягин ережесiн қолданады. Ал лайлау әдiсi қолданылмайды. Себебi қолданылатын негiз тұтқыр немесе тығыз зат, олар суспензия тұрақтылығын қамтамасыз етедi.

ІІІ. Сонымен, Суспензия - сұйық дисперстiк ортада ерiмейтiн қатты дисперстiк фазадан тұратын iшуге, сыртқа, шаншуға қолданылатын микрогетерогендi сұйық дәрiлiк түр екенін білдік.


Суспензияның қасиеттері: суспензиялардың осмостық қысымы жоқ; бөлшектер мөлшерiнiң үлкендiгiнен жартылай өткiзгiш мембранадан диффузия құбылысы жүрмейдi; сондықтан сүзу немесе фильтрлеу процессi жүргiзiлмейдi; кинетикалық тұрақсыз, суспензияларға седиментация құбылысы тән, ауырлық күшi әсерiнен бөлшектер тұнбаға түседi, егер бөлшектер бiр-бiрiне жабыспай еркiн тұнса, суспензияны агрегаттық тұрақты деп атайды, ал егер бөлшектер молекулалық iлiнiсу күшi әсерiнен жабысып үлпектер түзiп тұнса, суспензияны агрегаттық тұрақсыз деп атайды.
Суспензиялардың сапасын бағалау басқа сұйық дәрiлiк түрлер секiлдi, сыртқы түрi мен органолептiк қасиеттерi, дұрыс орамдалуы және безендiрiлуi бойынша жүргiзiледi.

ТОО «Мейірбике колледжі»


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Эмульсиялар

Тексерген: Маштанова.Н
Орындаған: Қонарова Ж. 23.21 Фарм тобы


Ақтау 2022ж.

Жоспар:

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
III.Қортынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

І. Iшуге арналған эмульсиялар - Emulsa ad usum internum. Дисперстiк фазасы және дисперстiк ортасы бiр бiрiнде ерiмейтiн немесе аз еритiн сұйықтықтардан тұратын микрогетерогендi жүйенi эмульсия деп атайды. ССРО МФ ХI басылымында эмульсияларға келесi анықтама берiледi: Эмульсиялар - бiр бiрiнде ерiмейтiн майда дисперстi жүйеден тұратын iшуге, сырт тәнге және парентералды қолдануға арналған сыртқы түрi бойынша бiртектi дәрiлiк түр. Дисперстiк фазаны түзетiн сұйықтықтың табиғаты бойынша эмульсияларды екi типке бөлуге болады: 1-типті судағы май (М/С), 2-типті майдағы су (С/М). Дайындау әдiсiне және бастапқы шикiзаттарға байланысты эмульсиялар екi түрге бөлiнедi: дәннен жасалынған эмульсиялар; майдан жасалынған эмульсиялар.


ІІ. Эмульгаторларға қойылатын талаптар: дифильдiк, беттiк тартылысты төмендету қабiлетi, дәрiлiк заттармен әрекеттеспеуi қажет, фармакологиялық индифференттi болуы керек. Эмульгаторлар және олардың жiктелуi. Барлық эмульгаторлар құрылысы және қасиеттерi бойынша ионогендi және ионогендi емес болып бөлiнедi. Ионогендi эмульгаторларға жататын анионактивтi және катионактивтi БАЗ-дар, линименттер және жағар майлар технологиясында қолданылады. Дәрiханада эмульсиялар дайындау үшiн шайырлар, пектиндi және шырышты заттар кеңiнен қолданылады. Шайырлар - фаза-аралық шекарада шайырлардан түзiлген адсорбциялық пленкалар жоғары серпiндiлiгiмен және берiктiгiмен сипатталынады. Аравиялық шайыр, гуммиарабик (Gummi arabicum) - импорттық өнiм, африкалық акациядан алынады. Жақсы сорттары сарғыштау, жартылай мөлдiр бөлшектер. Тұрақтандыру үшін 10 бөлiк майға 5 бөлiк шайыр алынады. Өрiк шайыры (Gummi armeniaca) - өрiк ағашы бұтақтарының дiңгектерiнен кесiлген және жарылған жерiнен алынады. Көп мөлшерде Орта Азияда әзiрлейдi. 10 бөлiк майға 5 бөлiк шайыр алынады. Қасиетi бойынша гуммиарабиктi толық алмастырады. Амфотерлi эмульгаторлар. Желатоза - Gelatosae. Желатиннiң судағы жартылай гидролизiнiң өнiмi (1:2). 10,0 г майға 5,0 г желатоза алынады. Сонымен қатар казеин, натрий казеинаты, құрғақ сүт қолданылады. Жұмыртқаның сарысы. Құрамында эмульгирленген түрде болатын 29-36% майлары және липоидтары бар 17%-дық ақ уыздың ерiтiндiсi болып табылады. Бiр жұмыртқаның сарысымен 15-20 г майды эмульгирлеуге болады. Жұмыртқа сарысындағы эмульгирлеушi агент - фосфопротеид вителлин болып табылады. Ионогендi емес эмульгаторлар. Крахмал - Amylum. Дәрiханалық эмульсияларда крахмал шырышы түрiнде қолданылады (Mucilago Amyli). 10,0 г майды эмульгирлеу үшiн 5,0 г крахмал керек (10%-дық шырыш дайындалады).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет