2. ДӘріс тезистері ежелгі дәуір әдебиеті. Ежелгі дәуір әдебиетінің зерттелуі


Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет



бет4/11
Дата08.04.2023
өлшемі60,8 Kb.
#80691
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дәріс тезистері (6)

Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет

Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің тарихында қазақ даласының ежелгі мәдениеті мен әдебиетін қазіргі заман тұрғысынан межелеп қарау-ең басты мәселе. Сондықтан да біз қазақ әдебиетінің түп-төркіні, ежелгі дәуір ғылыми негізде танып білу үшін алдымен, халқымыздың бұрын-соңғы тарихын бүгінгі күн тұрғысынан тереңірек зерттей түсу қажет деп білеміз. Ал тарихты тәжірибені халықтың сан ғасырлар бойы сақтап келген асыл қазынасын, яғни әдеби мұраларды танып-білу қағамымыздың әр азаматының рухани жағынан кемелдене түсіп, еліміздің егемендігінің нығаюына ықпал етеді. Орта Азия мен Қазақстан территориясында бірте-бірте патриархалды-феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған осындай ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі Түрік қағандығы (552-745 ж.ж.) еді. Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашта Алтай мен Жетісудың бір бөлігін мекендеді. «Түрік» деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. «Түрік» этнонимі алғаш кезде белгілі бір адамның ата тегі шонжар топтан немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген. Кейінірек бұл сөздік семантикасы бірте-бірте ұлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші, яғни «патша» шыққан тайпаның символы болған. Бертін келе сол билік етуші тайпаға бағынышты болып қалған тайпаларды да көршілері түріктер деп атап кеткен.


Түрік қағандығының әлеуметтік, саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алып, үлкен рөл ойнағаны тарихтан жақсы мәлім. Түріктердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болды. Оның билік жүргізген кезінде көптеген көрші елдер түрік өкіметіне бағынды. Қағандықтың ордасы Орхон өзенінің (Монғолия) жоғары жағасында болды. Бумынның інісі Істемі қаған ҮІ ғасырдың орта кезінде Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетін күйрете жеңді. Түрік қағандығының территориясы бұрынғыдан да ұлғайып, әскери қуаты арта түсті.
Сақтар мен ғұндардан кейін тарих сахнасына шығып, бүкіл дүниені дүр сілкіндірген халық ежелгі түркілер болды. Олар батысында Византия елімен, оңтүстігінде Персиямен, тіпті Үндістанмен, ал шығысында Қытаймен шектесіп жататын орасан үлкен мемлекет құрды. Ұлы Түрік мемлекеті осылайша өмір сүрді. «Түрік мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі дәрежеде бет бұрыс кезең болды. Түркілердің қоғамдық өмірі мен әлеуметтік институттарының күрделі түрлері қайран қалдырды: ел, меншіктің сатылық жүйесі шендер иерархиясы, әскери тәртіп, елшілік дәстүр, сондай-ақ көрші отырған елдердің идеологиялық жүйелеріне қарсы қоятын, мұқият әзірленген дүниетанымның болғандығы таңқалдырады»,-деп жазады Л.Н.Гумилев (1,4-5). Рас, әрбір халықтың тарихы қадым замандардан басталады. Әйтсе де, әрбір халық өз тарихын белгілі бір датадан, белгілі бір оөиға болған кезден бастауды жөн көреді. Мәселен, римдіктер өз шежіресін Римнің негізі қаланған күннен бастайды. Арабтар болса Мұхаммед пайғамбардың Меккеден Мәдинаға көшкен жылынан бастап есептейді. Ал, француздар өз тарихын ұлы Карлдың империяны бөлген жылынан, яғни 843 жылдан бастайды. Ал, ежелгі түркілер үшін мұндай дата 545 жыл болды. Иә, дәл өздерінің тұңғыш мемлкетін құрды. Тек құдіретті күнге ғана, Көк аспанға ғана табынып, тағзым ететін Көк түріктер сол күннен бастап-ақ аспан түстес көк байрағын желбіретіп, алғаш рет өздерін ресми түрде әлемге танытты.
Ұлы түрік қағанатының шынайы шежіресі, таңғажайып тарихы бұдан он үш ғасыр бұрын қағазға емес, құлпытастарға қашап жазылған. Оны жазған Түрік қағанатының қабырғалы бектерінің бірі, өз дәуірінің кемеңгер ойшылы, шешендік сөздің жүйрігі, ұлы ақын Йоллығ тегін еді. Бүкіл түркі елін егемендік пен азаттыққа, ерлік пен бірлікке үндейтін бұл дастандардың әрбір әрпі мәңгі өшпестей етіліп, үлкен-үлкен құлпытастарға қашалып жазылған. Демек, бұл дастандар бұдан он үш ғасыр бұрын Түрік мемлекетінде болған сан қилы оқиғаларды бүгінгі күнге ешбір өзгеріссіз жеткізіп отыр.
Дәл осы арада біз кейбір елдерде әр тайпаның тұсында қайта-қайта қағазға көшіріліп, бертін келе «саясатнамаға» айналып кеткен «шежіре», яғни «жылнама» дастандар да бар екенін ескерте кеткеніміз жөн.
Ұлы Түрік қағанатын ешбір жау әскер күшімен жеңе алмағаны тарихта жақсы жазылған. Алайда, жұдырықтай жұмылып отырған түрік елінің ішіне жау жағы ғасырлар бойы іріткі салып келді. Мұны істеген табғаш (Қытай) елі еді. Ақыры, Ұлы Түрік қағанаты екіге бөлініп, бірі-Шығыс түрік қағанаты, ал екіншісі Батыс түрік қағанаты деп аталып кетті.
Жетісу өңіріндегі, Шу бойындағы Едідің төменгі, Ертіс, Есіл өзендерінің жоғарғы сағасындағы өзара жауласып, әбден титықтаған түрік рулары Батыс қағанатының құрамына енеді. Батыс қағанатының құрамына енген жаулардың ішіндегі ең бастылары дулу (дулаттар) одағы мен Шу, Талас, Ыстықкөл маңындағы нумебилер (үйсіндер) еді. Дулаттар мен нумебилердің әрқайсысы дербес бес рудан тұрса керек. Батыс қағанатын кейде «он ру» немесе «он оқ» халқы деп атайтыны да сондықтан.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет