2. ДӘріс тезистері ежелгі дәуір әдебиеті. Ежелгі дәуір әдебиетінің зерттелуі



бет1/11
Дата08.04.2023
өлшемі60,8 Kb.
#80691
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дәріс тезистері (6)


2. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ



  1. Ежелгі дәуір әдебиеті. Ежелгі дәуір әдебиетінің зерттелуі

Әдебиет тарихы-әдебиеттану ғылымының құрамдас негізгі бір бөлімі. Қазақ елінің қазіргі тарихы түркі тектес халықтардың қоғамдық, әлеуметтік және рухани өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен қадым замандардан бері өзара тығыз байланысты. Ежелгі түркі тілді әдебиет-бертін келе қазақ халқының этникалық құрамына енген тайпалардың көне дәуірдегі әдебиеті, олардың ежелгі түркі ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнері. Түркі тілді халықтарға ортақ әдебиеттің көп ғасырлық тарихи негізінен үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші, ҮІ-ІҮ ғасырлардағы көне түркі әдебиетінің ескерткіштері («Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» жырлары, «қорқыт ата кітабы», «Оғызнаме») әдеби мұралады. Екінші, Х-ХІІ ғасырлардағы әдебиет (Махмуд Қашғари «Диуани лұғат ат-түрік», Жүсіп Баласағұн «Құтадғу біліг», Ахмед Иүгінеки «Хибатулхақайық», Ахмет Яссауи «Диуани хикмат», Сүлеймен Бақырғани «Бақырғани кітабы»). Үшінші, ХІІІ-ХҮ ғ.ғ., яғни Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет (Рабғузи «Рабғузи қиссалары», «Кодекс куманикус», «Хорезми «Мұхаббат-наме», Құтб «Хұсрау-Шырын», Сайф Сараи «Гулистан бит-турки», Дүрбек «Жамиғ-ат тауарих», Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди», Бабыр «Бабыр-наме»). Орта Азия мен Қазақстан территориясында бірте-бірте патриархилды-феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп, пайда болған ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі Түркі Қағандығы (552-745 жылдар) еді. Бұл Қағандыққа енген тайпалар алғашта Алтай мен Жетісудың бір бөлігін мекендеген. «Түрік» деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. «Түрік» этнонимі алғаш кезде белгілі бір адамның ата тегі шонжар топтан немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген. Кейінірек бұл сөздік семантикасы бірте-бірте ұлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші, яғни «патша» шыққан тайпаның символы болған. Бертін келе сол билік етуші тайпаға бағынышты болып қалған тайпаларды да көршілері түріктер деп атап кеткен. Түріктердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болды. Оның билік жүргізген кезінде көптеген көрші елдер түрік өкіметіне бағынды.


Түрік қағандығы бір-бірімен жауласқан екі қағандыққа бөлініп кетті.

  1. шығыс түрік қағандығы (Орталық Азия)

  2. батыс түрік қағандығы (Орта Азия, Жетісу, Шығыс Түркістан)

Түркі тектес халықтардың ежелгі мәдени, әдеби және тілдік мұраларын ұзақ жылдар бойы сарыла зерттеген Е.Э.Бертельс, А.Н.Самойлович, С.Е.Малов, и.В.Стеблева, Ә.Н.Нәжіп сияқты есімдері мәшһүр совет ғалымдары қазіргі түркі тілдес халықтардың ру-ұлыстық дәуірде бәріне ортақ жазу-сызуы, әліппесі, мәдениеті, тілі, әдебиеті болған деп санайды. Көне ескерткіштерді жасауға кейін аталмыш халықтарды құраған негізгі рулардың бірі аз, бірі көп мөлшерде қатысуы мүмкін. Ежелгі қазақ әдебиетінің тарихын дұрыс жүйелеу үшін ең алдымен мынадай екі жәйтті мықтап ескеру шарт. Біріншіден, азамат қоғамының жалпы даму заңдылықтарын, соның ішінде қазақ халқының қалыптасып, тарихи кезеңдеріне ықпал еткен әлеуметтік-экономикалық және саяси-қоғамдық факторларды жете білу керек. Екіншіден, көркем әдебиеттің қоғамдық-эстетикалыө мәні мен қызметінің өсу, жетіле түсу сатыларын, сан қилы әдебие ағымдардың пайда болу жолдарын, әдеби жанрлар мен әдеби тәсілдердің даму кезеңдерін, т.б.танып білу қажет.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет