2. ДӘріс тезистері



бет2/31
Дата11.01.2023
өлшемі0,63 Mb.
#60993
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Дәрістер BBST

Мазмұндық тұрғыдан «ақпарат» - ол біреу немесе бір нәрсе жайлы мәлімет.
Формальді тұрғыдан алып қарасақ – белгілер мен сигналдардың жиынтығы деп қарастыруға болады.
Философиялық тұрғыдан, ақпарат – біздің санамызбен қабылданатын, ақиқат өмірдің белгілі бір объектілері, үрдістері мен құбылыстарының қасиеттері мен қатынастарының бейнелері.
Есептеу техникасы тұрғысынан, ақпарат ұғымы оның жадында сақталатын, қажеттігіне байланысты өңделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер.
«Ақпарат» ұғымы «дерек», «хабарлама», «мәлімет» және «білім» терминдерімен тығыз байланыста. Енді осыларды қарастырайық.
Дерек (данные) – қашықтықтан сақтауға, өңдеуге және таратуға болатын формальді факті немесе идея.
Дерек нысанды, жағдайды, сипаттауда қолданылатын сан, символ немесе әріптер сияқты, сонымен қатар оларды талдауда, талқылауда немесе сәйкес шешім шығаруда анықталады.
Ақпаратты берудің басқа түрі хабарлама болып табылады.
Хабарлама – бұл мәтін, цифрлық деректер, сурет, дыбыс, кесте және т.б.
Мәлімет – «хабарлама» ұғымының синонимі. Мәлімет, хабарлама және дерек әсіресе есептеу техникасында электрондық деректер түрінде қолданылғандықтан, оларды ақпараттың компоненті деп есептеуге болады.
Ақпараттың маңызды құраушыларының бірі – білім болып табылады.
Білім – бұл
а) адамның қоршаған ортаны қабылдауы мен тәжірибесін бейнелейтін ақпараттың түрі;
б) нақты қойылған мәселені шешуде қолдану мақсатында анықталған ақпаратты түсіну;
в) адамның жадысында сақталатын және олардың сеніміне әсер ететін фактілер мен ережелер.
Білім – адамның өзіне қажетті деректі алу қабілеті, оларды ойланып (түсініп) және ақпаратқа түрлендіруі.
Ақпарат әр уақытта білімге айналмайды. Ол динамикалық болуы мүмкін, себебі бір ғана мәлімет әртүрлі ақпарат беруі мүмкін.
Қандай да бір мәлімет ала отырып, адам оны меңгереді (сіңіреді) (қабылдайды және түсінеді), сосын оларды жаңа ақпаратқа (өзі үшін) айналдырады (ақпараттық-когинивтік үдеріс). Осылайша білімді жаңартады, жаңа өзіндік және қоғамдық білім алады.
Ақпарат оның пайда болу көзі, тұтынушы, тарату ортасы және оны жеткізу құралдарымен сипатталады.
Пайда болу көзі (источник) – бұл жанды заттар, кез келген тасымалдаушыдағы құжаттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет