2. ДӘріс тезистері


Тұнба-қаныққан ерітінді жүйелеріндегі тепе-теңдік. Ерігіштік және ерігіштік көбейтіндісі



бет18/31
Дата22.04.2022
өлшемі277,63 Kb.
#31934
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Тұнба-қаныққан ерітінді жүйелеріндегі тепе-теңдік. Ерігіштік және ерігіштік көбейтіндісі.

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1. Тұнба-қаныққан ерітінді (гетерогендік жүйедегі) жүйелеріндегі тепе-теңдік.

2. Ерігіштік және ерігіштік көбейтіндісі.

3. Химиялық талдауға тұндыру әдісін қолдану.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Гетерогенді және гомогенді жүйе. (Иондық жүйедегі гетерогенді тепе-теңдік). Ерігіштік және ерігіштік көбейтіндісі. Тұнбалардың түзілуі және еруі. Тұнбаның ерігіштігіне түрлі факторлардың әсері. а) ерітіндінің иондық күші;ә) біртекті иондардың әсері;б) ортаның рН-ның әсері;в) комплекстүзгіш реагенттердің әсері. Тұнбаның түзілу және еру шарттары.



Беттік шекарасы жоқ біртекті жүйелер гомогенді жүйелерге жатса (тұздардың, қышқылджар мен негіздердің судағы ерітінділері), гетерогенді жүйелер бірнеше фазадан тұрады. Фазалар арасында жүретін процестер (тұндыру, еріту, айдау, экстракция) аналитикалық химияда кеңінен қолданылады. Қатты заттардың судағы ерігіштігі әртүрлі (ерігіштік кестесінде беріледі). Суда нашар ериді дейтін электролиттің өзі де аз да болса полюсті су молекуласы әсерінен иондарға ыдырайды. Соның нәтижесінде суда нашар еритін зат пен ерітіндідегі иондар арасында тепе-теңдік орнайды, (фазалар арасында жүретін процестер әрекеттесуші массалар заңына бағынады, себебі белгілі бір уақытта фазалар арасында тепе-теңдік орнайды).

олай болса, оның тепе-теңдік константасы:



(8.10)



(8.11)

Осы Ks константасы тұнбаның ерігіштік көбейтіндісі (ЕК) деп аталады.



Концентрациялық ЕК қаныққан ерітіндідегі нашар еритін электролит (тұнба) иондарының концентрацияларының көбейтіндісіне тең, ол берілген температурада тұрақты шама, мәндері анықтамалық кестелерде беріледі.

Егер концентрациялар орнына иондар активтіліктері алынса, мұндай ЕК термодинамикалық ЕК деп аталады, ол иондық күшке тәуелді.



K0s = аАm• аВn

Иондық күш тұрақты болса, қарапайым есептеулер үшін термодинамикалық ЕК орнына концентрациялық ЕК қолдануға болады.


Тұнба түзілуі үшін ЕК ережесі орындалуы керек: ерітіндіде иондар концентрацияларының көбейтіндісі ЕК шамасына жетсе немесе артса, тұнба түзіледі:

[Me][An] > EK- тұнба түзіледі.

а) ИК > ЕК, ΔG > 0 – ерітінді аса қанық болғаны, ерітіндіде тепе-теңдік орнамас бұрын тұнба түзіледі;

ә) ИК < ЕК, ΔG < 0 – ерітінді қанықпаған, мұндай жағдайда тұнба түзілмейді, керісінше тұнба ериді;

б) ИК = ЕК, ΔG = 0 – ерітінді қанық, жүйеде динамикалық тепе-теңдік орнаған. Егер иондардың концентрациясы өзгеретін болса, тепе-теңдік екі жақтың біріне ығысады.

Зная ПК и сравнив его с ПР, можно установить, растворится или выпадет осадок при данной температуре:

Тұнба ерігіштігі деп қаныққан ерітіндідегі сол заттың жалпы (молярлы) концентрациясын атайды, ол S ( L, Р) деп белгіленіп, моль/л бірлікпен өлшенеді. Ерігіштік пен ЕК өзара байланысты. Ерігіштік арқылы ЕК және керісінше ЕК арқылы ерігіштікті есептеуге болады:

Ерігіштік бірнеше факторларға тәуелді: температураға, иондық күшке, аттас ионның болуына, рН-қа, комплекс түзушінің болуына т.

Тұнба – ерітінді системасына басқа күшті электролиттерді құйғанда, осы системадағы аз еритін тұздардың ерігіштігінің артуын тұздық эффект дейді. Нашар еритін заттың ерітіндісіне, яғни тұнбасына осы затпен ұқсас ионы жоқ бөгде электролит ерітінділерін қосса тұнбаның ерігіштігі артады.

М: PbSO4-ң ерігіштігі нитраттар (KNO3, NaNO3) қатысында артады. AgCI-ң - Na2SO4, K2SO4 қатысында артады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет