Иық өрімінің қысқа тармақтарын атаңыз және жүйкелендіретін аймақтарын жазыңыз



бет1/4
Дата27.09.2023
өлшемі37,81 Kb.
#110668
  1   2   3   4
Байланысты:
3 Деңгей анатомия сессия


3 Деңгей
3.1.1. Иық өрімінің қысқа тармақтарын атаңыз және жүйкелендіретін аймақтарын жазыңыз.

Иық өрімінің бұғанаүсті бөлігінің нервтері. Жауырынның дорсалды нерві (n.dorsalis scapulae) (C5) жауырынның медиалды жиегін бойлап, төмен артқа бағытталады; жауырынды көтеретін және ромбтәрізді бұлшықеттерді нервтендіреді. Ұзын кеуде нерві (n.thoracicus longus) (C-5C7) алдыңғы тісті бұлшықеттің сыртқы бетімен жүре отырып, аталған бұлшықетті нервтендіреді. Жауырынасты нерві (n.suprascapularis) (C5-C7) аттас артериямен және венамен бірге дорсалды бағытталып, incisura scapulae арқылы өтіп, қылқанүсті және қылқанасты бұлшықеттерін нервтендіреді. Бұғанаасты нерві (n.subclavius) (C5) аттас бұлшықетке барады. Жауырынасты нерві (n.subscapularis) (C5-C7) бірнеше тармақ түрінде дорсалды бағытталып, аттас және үлкен дөңгелек бұлшықетті нервтендіреді.


Қыска нервтер: - жауырыннын арткы нерві, п. dorsalis scapulae;
- кеуделік ұзын нерв, п. thoracicus longus;
- бұғанаасты нерві, п. subclavius;
- кеуделік алдыңғы нервтер, nn. thoracici anteriores;
- жауырынүсті нерв, п. suprascapularis;

3.1.2.Жүректің клапандық аппараттарының құрылысын жазыңыз.


Жүректе екі қақпақша (клапан) бар: атривентрикулярлы және айшық. Атривентрикулярлы клапандар жүрекшелер мен сәйкес қарыншалар аралығында орналасады. Жартылай айшық клапандар аортаны сол жақ қарыншадан, ал өкпе өзегін (ствол) оң қарыншадан бөліп тұрады.


Трикуспидальді қақпаша (үш жармалы қақпақша) – оң жүрекше мен оң қарыншаның ортасында орналасқан қақпаша, үш жарты ай тәрізді біріктірілген тінді пластиналар, оң қарыншаның систоласы кезінде қанның оң жүрекшеге қанның қайта құйылуын болдырмайды.Үшжармалы қақпақ 3 үшбүрыш пішіндес жармалардан, cuspides: қалқалық жарма, cuspis septalis, артқы жарма, cuspis posterior,алдыңғы жармадан, cuspis anterior, түрады. Барлық үш жарма оздерінің бос жиектерімен оң қарынша қуысына енеді.
Үшжарманың ішінде бірүлкен-қалқалық жарма, cuspis septalis, қарыншалардың қалқасына жақын орналасып, оң жүрекшеқарынша тесігінің медиалды болігіне бекиді. Артқы жарма, cuspis posterior, көлемі жагынан кіші, тесікгің артқы сыртқы шетіне бекиді. Алдыңгы жарма, cuspis anterior, барлык үш жарманың ең кішісі, аталган тесіктің алдыңгы шетіне бекіп, артериялық конус жагына қараган. Кейде қалқалық жарма мен арткы жарма арасында қосымша тісше орналасуы мүмкін.
Митральді клапан – сол жүрекше мен оң қарыншаның екі жармалы қақпашасы. Екі жарты ай тәрізді біріктірілген пластиналар, сол қарыншаның систоласы кезінде қанның сол жүрекшеге қайта құйылуын болдырмайды.Сол жүрекше-қарынша тесік айналымына сол жүрекше-қарынша (митралді) какпагы, valva atrioventricularis sinistra (у. mitralis) бекиді, оның жармаларының бос жиектері қарынша қуысына енеді. Олар үшжармалы кақпақ сияқты, эндокардтың дупликатурасымен түзіледі. Бүл қақпақ сол қарынша жиырылған кезде, қанды өз қуысына кері бағытта сол жүрекшеге өткізбейді.Қақпақтың алдыңғы, cuspis anterior жэне арткы жармаларын, cuspis posterior, ажыратады, олардың аралығында екі кішкене тісшелер орналасуы мүмкін.
Аорталы қақпаша - сол қарынша мен аортаның шекарасында орналасады, аортадан қанның сол қарыншаға қайта құйылуын болдырмайды.
Өкпе өзегінің қақпашасы өкпе артериясының оң жақ қарыншадан шығатын жерінде орналасқан. Қанның бір бағытта қан құйылуын қамтамасыз ететін үш жармасы болады.

3.1.3. Нейронның құрылысы мен жіктелуін жазыңыз .




Нерв жүйесі барлық ағзалар мен тіндерге таралып организмнің барлық бөліктерін байланыстырып тұрады. Нерв жүйесінің анатомиялық құрылымдық-қызметтік бірлігі нейрон (нерв жасушасы,нейроцит) деп аталады. Нейронның денесі және өсінділері болады.Өсінділерінің дендрит және аксон деп аталатын екі түрі болады. Дендриттер нервтік импульсті тек нейроннің денесіне қарай өткізсе, ал аксон импульсті нейронның денесінен тек ары қарай (басқа нейронға немесе ағзаға) өткізеді. Нервтік импульс бір нейроннан екінші нейронға – нейронаралық синапс арқылы беріледі. Қызметіне байланысты нейрондардың: сезімтал, аралық (ендірме) және қозғалтқыш деп үш түрі ажыратылады. 1.Сезімтал (афференттік, рецепторлық) нейрон. Бұл нейрондардың ерекшеліктері – олардың денелері орталық нерв жүйесінен тыс орналасқан және дендриттері аксонына қарағанда ұзын болады. Сезімтал нейрондардың өсінділері әдетте дендрит және аксон деп аталмайды, дендриті – шеткі өсіндісі, аксоны – орталық өсіндісі деп аталады. Сезімтал нейронның шеткі өсіндісі рецептордан басталып, орталық өсіндісі жұлында немесе мида аяқталады. Рецепторлар сыртқы немесе ішкі ортада әсер ететін тітіркендіргіштерді ( ақпаратты ) нервтік импульске айналдырады. Орналасқан жеріне байланысты рецепторлардың үш түрін ажыратады. 1.Экстероцепторлар сыртқы орта тітіркендіргіштерін қабылдайды. Олар теріде және ауыз, мұрын қуыстарының шырышты қабықтарында, сезім ағзаларында орналасып - жанасу, температуралық және ауырсыну сезімдерін қабылдайды. 2.Интероцепторлар ішкі ағзаларда орналасқан. Олар ішкі ортаның химиялық және механикалық әсерлерін қабылдайды. 3.Проприоцепторлар тірек-қимыл мүшелерінде (бұлшықеттерде, сіңірлерде, шандырларда, байламдарда сүйекқапта және буын қапшықтарында) орналасқан. 2. Аралық (ендірме, ассоциативтік) нейрон нервтік импульсті сезімтал нейроннан қозғалтқыш нейронға жеткізеді. 3. Қозғалтқыш (эфферентті, эффекторлы) нейрон. Бұл нейронның аксондары нерв- тердің құрамында ағзаларға барады. Нерв жүйесінің қызметі рефлекстер арқылы іске асады. Рефлекс - организмнің сыртқы және ішкі ақпараттарға (тітіркендіргіштерге) жауабы. Рефлекстер шартсыз және шартты болып екіге бөлінеді. Туа біткен, тұқым қуалаушы рефлекстер шартсыз рефлекстер деп аталады. Олар жұлын және ми сабауы арқылы іске асады ( төменгі нервтік қызмет). Жеке өмір сүру барысында организмнің қоршаған ортамен уақытша байланыстар түріндегі арақатынасы шартты рефлекстер арқылы іске асады. Шартты рефлекстер, жоғары нервтік қызметті қамтамасыз ететін үлкен ми қыртысының қатынасуымен жүреді. Бұл рефлекстер арқылы организм өте күрделі қызметтер атқарады. Рефлекс өтетін жол рефлекстік доға деп аталады. Рефлекстік доғаның құрамына сезімтал, аралық және қозғалтқыш нейрондар енеді. Рефлекстік доға қарапайым және күрделі деп екіге бөлінеді. Қарапайым рефлекстік доғалар арқылы шартсыз, күрделі рефлекстік доғалар арқылы шартты рефлекстер іске асады. Әдетте, қарапайым рефлекстік доға үш нейроннан тұрады. Жұлын арқылы өтетін қарапайым рефлекстік доғаның бірінші жалғануниполярлы сезімтал нейрондары жұлын түйінінде орналасқан.Олардың рецепторлардан (терідегі, бұлшықеттердегі және т.б.) басталатын шеткі өсінділері жұлын нервтерінің құрамында өтеді. Рецепторлар арқылы қабылданатын импульс шеткі өсінді арқылы жүріп, нейронның денесінде өтеді де, оның орталық өсіндісі арқылы жұлынның артқы мүйізінде орналасқан екінші, аралық нейронға беріледі. Нервтік импульс аралық нейроннан алдыңғы мүйізде 253 орналасқан, үшінші қозғалтқыш нейронға келеді. Қозғалтқыш нейронның аксоны көлденең жолақты бұлшықетте аяқталады. Аз жағдайда кездесетін ең қарапайым рефлекстік доға тек екі - сезімтал және қозғалтқыщ нейрондардан тұрады (тізе рефлексі). Күрделі рефлекстік доға, ми мен жұлынның өткізгіш жолдарын өткен кезде қарастырылады. Нерв жүйесі топографиясына байланысты орталық және шеткі нерв жүйесі болып екіге бөлінеді. Орталық нерв жүйесіне (ОНЖ) ми және жұлын жатады. Шеткі нерв жүйесін (ШНЖ) 31 жұлын нервтері мен 12 жұп бассүйек нервтері құрайды. Қызметіне байланысты нерв жүйесі шартты түрде сомалық (анималдық) және автономдық (вегетативтік) болып екіге бөлінеді. Сомалық нерв жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді. Ол теріні, көлденең жолақты бұлшықеттерді және сезім ағзаларын нервтендіреді, яғни, қызметі біздің еркімізге (санамызға) бағынатын ағзаларды нервтендіреді. Сонымен сомалық нерв жүйесі қоршаған ортадан ақпаратты қабылдап, оған организмнің жауабын қамтамасыз етеді. Автономдық ( вегетативтік) нерв жүйесі ішкі ағзаларды, тамырларды, жүректі, бездерді, құрамында бірыңғай (тегіс) салалы бұлшықеттер бар ағзаларды, яғни, қызметі біздің еркімізге бағынбайтын ағзаларды нервтендіреді. Сондықтан да автономдық нерв жүйесі деп аталып кеткен. Бірақ бұл жүйенің дербестілігі толық емес, ол ми қыртысының сұр затына белгілі бір дәрежеде бағынады: адам ұялғанда қызарып кетеді, қорыққанда – бозарады, қатты қобалжығанда жүрек соғысы жиілейді (тахинардия) т.с.с. Автономдық нерв жүйесі организмді тұтас бір жүйеге біріктіріп, ішкі ағзалардың қызметін реттеп, үйлестіріп отырады. Ішкі ағзаларға әсеріне байланысты ол парасимпатикалық және симпатикалық бөліктерге бөлінеді.

3.1.5.Иық өрімінің түзілуін жазыңыз


Иық өрімі (plexus brachialis) төрт төменгі мойын нервінің алдыңғы тармақтары мен бірінші кеуде нервінің алдыңғы тармағынан түзіледі. Нерв талшықтары бір-бірімен қиылысып сатыаралық кеңістікте орналасатын үш сабау (жоғарғы, ортаңғы, төменгі) түзеді. Бұл сабаулар қайтадан нерв тармақтарымен алмасып, үш үлкен буда түзеді: латералды, медиалды және артқы (fascicule lateralis, medialis et posterior). Олар бұғанаасты артериясымен және венасымен бірге қолтық шұңқырына ауысады. Иық өрімінің негізгі екі түрі болады: магистралды – негізгі нерв сабауларының арасында нервтік байланыстар аз болады (жиі гиперстениктерде кездеседі), шашыраңқы – негізгі нерв сабаулары көптеген ыдыраулармен сипатталады (астениктерде жиі кездеседі). Балаларда иық өрімі салыстырмалы үлкен алаңды алып жатады, ал оның негізгі сабаулары иіліп орналасады. Тамыр-нерв шоғырының қолтық шұңқырындағы проекциясын анықтауда бұғананың ортасын sulcus bicipitalis medialis-тің басталатын жерімен қосатын сызықты қолданады. Мұнда беткейірек - қолтық венасы, одан терең - қолтық артериясы, оданда терең - кәрі жілік нерві орналасады. Артериядан ішке қарай шынтақ нерві, ал сыртқа – ортаңғы нерв орналасады. Иық өрімінен шығатын нервтерді бұғанаүсті және бұғанаасты нервтері деп бөледі

3.1.6. Мишықтың құрылысы мен қызметі.

Мишық, cerebellum, бассүйектің артқы шұңқырында үлкен мидың шүйделік үлесінің астында, сопақша ми мен көпірдің үстінде орналасады. Ол тек сүтқоректілерде жақсы дамыған оң және сол мишық сыңарлары, hemispherii cerebelli, мен олардың арасында орналасқан, мишықтың ескі құрылымына жататын құртшасынан, vermis, тұрады. Мишықтың бетінде оны жұқа, доғатәрізді иілген жапырақшаларға, folia cerebelli, бөлетін көптеген саңылаулар, fissurae cerebelli, өтеді. Олардың ішіндегі терең орналасқан саңылаулар мишықтың құртшасын – 8, сыңарларын – 5 үлесшеге, lobuli, бөледі. Олардың ең үлкені горизонталды саңылау, fissurа horizontalis, мишық экваторы бойынша өтіп, мишықты – жоғарғы, facies cerebelli superior, және төменгі беттерге, facies cerebelli inferior, бөледі. Мишықтың төменгі бетінде орналасқан, екі сыңардың арасындағы ұңғыл – алқапша, vallecula cerebelli, деп аталады. Мишықтың филогенездік дамуы бойынша үш: 1) көне бөлігі, paleocerebellum, (жырым және түйінше); 2) ескі бөлігі, archicerebellum (құртша) және жаңа бөлігі, neeocerebellum (мишық сыңарлары) ажыратылады. Мишық сыңарларының төменгі бетінде, ортаңғы аяқшаның артында, кішкене құрылым – жырым, flocculus, орналасқан. Ол құртшаның құрамындағы түйіншемен, nodulus, байланыста болады. Мишық ақ және сұр заттан тұрады. Ақ зат – милық зат, corpus medularе, мишықтың тереңінде орналасып, ақ жолақ түрінде әр жапырақшаға кіреді. Сұр зат мишық қыртысын, cortex cerebelli, және ақ зат тереңінде орналасқан, мишық ядроларын түзеді. Мишық сыңарында – тісті ядро, nucl.dentatus, құртшада – тығынтәрізді ядро, nucl.emboliformis, шартәрізді ядро, nucl.globosus, және шатыр ядросы, nucl.fastigii, орналасады. Мишық орталық нерв жүйесінің көрші орналасқан бөліктерімен үш жұп аяқша арқылы байланысады. Мишықтың төменгі аяқшалары, pedunculi cerebellarеs inferiores, мишықты сопақша мимен байланыстырады. Олардың құрамында жұлын-мишықтық артқы жол, олива-мишықтық жол, кіреберіс-мишықтық және т.б. жолдар өтеді. Мишықтың жоғарғы аяқшалары, pedunculi cerebellares superiores, мишықты ортаңғы мимен байланыстырады. Олардың құрамында жұлын-мишықтық алдыңғы; мишық-таламустық және мишық-қызыл ядролық жолдардың талшықтары өтеді. Мишықтың ортаңғы аяқшалары, pedunculi cerebellares medii, – арқылы көпір ядросынан мишық қыртысына баратын көптеген талшықтар өтеді. Бұл талшықтар үлкен ми жамылғысы қыртысының мишықпен байланысының екінші бөлігі болып табылады (сүтқоректілер эволюциясында мишық сыңарының үдемелі дамуы үлкен ми қыртысының және көпірдің алдыңғы бөлігінің дамуымен үйлесімді жүреді). Мишықтың жұлын және мимен нервтік байланыстары, дененің қозғалысы кезіндегі бұлшықеттердің үйлесімді қызметін, яғни дененің тепе – теңдігін қамтамасыз етеді. Мишықтың бұл қызметі жоғары омыртқалылардың эволюциялық дамуы барысындағы қимыл түрлерінің жетілуінде шешуші роль атқарды. Сонымен қатар, мишықта вегетативтік нерв жүйесінің орталықтары орналасады.


3.2.1. Кезбе нерві (Х жұп) ядросы, тармақтары жайында жазыңыз.

Кезбе нерв, n.vagus, бассүйек нервтерінің Х- жұп нерві, талшықтарының құрамы бойынша аралас. Ол сезімтал, қозғалтқыш және парасимпатикалық талшықтардан тұрады. Оның сезімтал талшықтары, жоғарғы және төменгі сезімтал түйіндерде, ganglion inferius et superius, орналасқан псевдоуниполярлы жасушалардың шеткі өсінділері болса, ал осы жасушалардың орталық өсінділері сансыз көп түбіршіктердің құрамында сопақша миға кіріп, VІІ, ІХ және Х – жұп бассүйек нервтерінің жалпы жеке жол ядросында, nucl.solitarius, бітеді. Қозғалтқыш талшықтары, ІХ, Х-жұп нервтеріне жалпы, қос ядроның, nucl.ambiguus, жасушалырының аксондарынан түзілген. Парасимпатикалық преганглионарлық талшықтар дорсальді (артқы) ядродан, nucl.dorsalis n.vagi, басталады. Бұл талшықтар сезімтал және қозғалтқыштарға қарағанда басымдау болғандықтан кезбе нервтің негізгі бөлігін құрайды. Кезбе нерв 5-6 түбіршікпен сопақша мидің артқы латеральді жүлгесі арқылы шығады. Түбіршіктер бір-бірімен қосылып, мойындырық тесігі маңында біртұтас сабау түзіп, осы тесік арқылы бассүйек қуысын тастап кетеді. Мойындырық тесігінде жоғарғы түйін, ganglion superius, ал тесік астында төменгі түйін, ganglion inferius, (сезімтал), орналасқан. Мойындырық тесігінен шыққан соң кезбе нерв әуелі ішкі мойындырық венамен ішкі ұйқы артериясының артында, кейін олардың арасында орналасады. Мойын аймағында тамырлы-нервтік буда құрамында ішкі мойындырық вена және жалпы ұйқы артериясымен бірге кеуденің жоғарғы тесігі, aperture thoracis superior, арқылы оң кезбе нерв оң бұғана асты артериясымен, ал сол кезбе нерв қолқа доғасымен қиылысып кеуде қуысына кіреді. Кеуде куысында кезбе нервтің екеуіде (оң және сол) өкпе түбірлерінің артында орналасады, әрі қарай өңешпен қатар жүріп оң кезбе нерв тармақтары өңештің артқы қабырғасында, артқы өрім түзесе, сол кезбе нерв тармақтары өңештің алдыңғы қабырғасында алдыңғы өрім түзеді. Алдыңғы және артқы өрімдер өңештің ортаңғы бөлігінде бір-бірімен қосылып біртұтас өңеш өрімен құрайды. Соңғы өрімнен алдыңғы және артқы сабаулар шығып өңешпен бірге іш қуысына өтеді, сонда шеткі тармақтарға бөлінеді. Нервтің топографиялық ерекшеліктеріне байланысты 4 бөлігін ажыратады: бас, мойындық, кеуделік, іштік.


Кезбе нервтің бас бөлігі сопақша миден жоғарғы түйінге дейін созылады. Осы бөліктен екі тармақ шығады: 1) Менингиальді тармақ, ramus meningeus, сезімтал, жоғарғы түйіннің бүйірінен шығады, бассүйектің алдыңғы шұңқырындағы мидің қатты қабығын нервтендіреді; 2) Құлақтық тармақ, ramus auricularis, сезімтал, кезбе нервтен жоғарғы түйіннің астынан басталады, тілжұтқыншақ нервтен дәнекер тармақ қабылдайды. Емізікті өзекше арқылы дабыл қуысына өтеді, ал онан дабыл-емізік саңылауы арқылы шығады. Құлақ қалқанының және сыртқы есту өтісінің артқы қабырғасының терісін нервтендіреді.
Кезбе нервтің мойындық бөлігінің тармақтары: 1) Жұтқыншақтық тармақтар, rami pharyngei, аралас, құрамы сезімтал, қозғалтқыш, парасимпатикалық преганглионарлық талшықтардан тұрады. Тіл-жұтқыншақ нервтің жұтқыншақтық тармақтарымен симпатикалық қөмей-жұтқыншақтық тармақтар бірігіп жұтқыншақ өрімін (plexus pharyngeus) түзеді. Осы өрімнің қозғалтқыш тармақтары жұтқыншақтың қысқыштарын (констриктор) және таңдайдың таңдай пердесін керетін бұлшықетінен, m.tensor veli palatini, басқасын нервтендіреді, бұл бұлшықетті төменгі жақсүйек нервінің (V – жұптың тармағы) қозғалтқыш тармағы нервтендіреді; 2) Жоғарғы көмей нерві, n.laryngeus, аралас, кезбе нервтен төменгі түйінінің тұсынан шығады, төмен түсіп тіласты сүйегінің деңгейінде сыртқы (қозғалтқыш) және ішкі (сезімтал) тармақтарға бөлінеді. Сыртқы тармақ көмейдің жүзік-қалқанша бұлшықетін нервтендіреді. Ішкі тармақ қалқанша-тіласты жарғағын тесіп өтіп көмейдің дауыс саңылауынан жоғарғы бөлігінің шырышты қабығын, тіл түбірінің және көмей қақпашығының шырышты қабығын нервтендіреді. 3) Жүректің мойындық жоғарғы тармақтары, rami cardiacі cervicales superiores, саны 3-7- ге дейін, сезімтал және парасимпатикалық преганглионарлық талшықтардан тұрады. Олар жүректің мойындық симпатикалық тармақтарымен қосылып жалпы ұйқы артериясының бойымен жүрекке бет алып жүрек өрімін түзуге қатысады. Кезбе нервтің кеуделік бөлігі өзі өтетін артқы көкірекаралықтың ұзындығына сәйкес келеді.
Кеуделік бөліктің тармақтары: Қайырылма көмей нерві,n.laryngeus reccurens, талшықтарының құрамы бойынша аралас (қозғалтқыш, сезімтал және парасимпатикалық), оң және сол қайырылма.

3.2.5.Ортаңғы ми: құрылысы және қызметі жайында жазыңыз .





Ортаңғы мидың, mesencephalon, құрамына ортаңғы мидың төбесі, tectum mesencephali, мен ми аяқшалары, pedunculi cerebri, кіреді. Олардың арасында ортаңғы мидың қуысы – суқұбыр, aqueductus mesencephali (cerebri), орналасады. Ортаңғы мидың төбесінде, tectum mesencephali, төрт төбешік: екі жоғарғы төбешіктер, colliculi superiores, және екі төменгі төбешіктер, colliculi inferiores, орналасады. Төбешіктер қиылысатын көлденең және бойлық жүлгелермен бөлінген, соңғысы төменгі жағынан жоғарғы ми желкенінің жүгеншесіне, frenulum veli medullaris superioris, ауысады. Жүгеншенің бүйір жақтарынан оң және сол шығыршық нервтерінің, n.trochlearis, түбіршіктері шығады. Әр төбешіктен латералды және жоғары бағытта олардың саптары деп аталатын анатомиялық құрылым шығады. Жоғарғы төбешіктің 272 сабы, brachium colliculi superioris, таламус жастығының астымен өтіп, аралық мидың латералды иінді денесімен, ал төменгі төбешіктің сабы, brachium colliculi inferioris, медиалды иінді денесімен байланысады. Ортаңғы мидың төбешіктерін сыртынан жабатын мидың ақ затының жұқа табақшасының астында орналасқан сұр зат - жоғарғы төбешіктің сұр қабаты, stratum griseum colliculi superioris, және төменгі төбешік ядросы, nucleus colliculi inferioris, деп аталады. Төбешіктердің сұр затының физиологиялық маңызы әртүрлі: жоғарғы төбешіктердің сұр қабаты көрудің қыртысастылық, ал төменгі төбешіктердің ядросы естудің қыртысастылық орталықтарының бірі болып табылады. Бұдан басқа, төбешіктер жұлынмен екі жақты байланысады, төмендеген талшықтары төбе – жұлындық жол, trz.tectospinalis, суқұбырының астында қарама – қарсы жаққа өтіп, ортаңғы мидың дорсалды қиылысын (Мейнерт қиылысын) түзеді («Орталық нерв жүйесінің өткізгіш жолдарын» қараңыз). Ми аяқшалары, pedunculi cerebri, екі жуан, бойлық жолақтанған, буылтық түрінде көпірден (80° шамасындағы бұрышпен) шығып, аралық ми затына енеді. Әр аяқшаның медиалды жиегінің астынан көзқозғалтқыш нервтері, n.oculomotorius, шығады. Екі аяқшаның ортасында аяқшааралық шұңқыр, fossa interpeduncularis, орналасады. Бұл шұңқырда көптеген ұсақ тамырлар өтетін артқы тесіктелген зат, substantia perforata posterior, жатады. Ортаңғы мидың көлденең кесіндісінде оның үш бөлігі көрінеді. Суқұбырдың үстінде - ортаңғы мидың төбесі, tectum mesencephali, суқұбыры мен қара зат арасында - ортаңғы мидың жамылғысы, tegmentum mesencephali, қара заттың астында – ми аяқшасының негізі ,basis pedunculi cerebri, орналасады. Қара зат алдыңғы мидың ядроларымен, үлкен ми қыртысымен байланысады және тепе – теңдік сақтау қызметіне де қатысы бар. Ми аяқшасының негізінде, basis pedunculi cerebri, құрамына негізінен пирамидалық жолдар кіретін төмендеген өткізгіш жолдар өтеді. Үшінші ми көпіршігі қуысының қалдығы болып табылатын ортаңғы мидың суқұбыры, aqueductus mesencephali, диаметрі 0,3-0,5 мм болатын, эпендимамен қапталған саңылау тәрізді түтік, ол жоғарғы жағында мидың үшінші қарыншасымен, ал төменгі жағында төртінші қарынша қуысымен байланысады. 273 Суқұбырының айналасында орналасатын орталық сұр зат, substantia grisea centralis, төртінші қарынша эпендимасының астына жұқа сұр қабат түрінде жалғасып, төмен қарай жұлынның орталық сұр затына ауысады. Орталық сұр заттың алдында, ортаңғы мидың жоғарғы төбешіктерінің деңгейінен бастап жұлынның жоғарғы алтыншы сегментіне дейінгі аралықта медиалды бойлық буда, fasciculus longitudinalis medialis, өтеді. Бұл буда арқылы көзқозғалтқыш, шығыршық, әкететін, кіреберістік және қосымша нервтер ядролары мен жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан қозғалтқыш ядролардың байланыстары жүзеге асады. Осы байланыстары арқылы медиалды бойлық буда көз алмасы мен бастың үйлесімді қимылын қамтамасыз етеді және дененің тепе – теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Медиалды бойлық буданың қасында, ми сабауы мен жұлынның вегетативтік ядроларының жұмысын үйлестіретін дорсалды (артқы) бойлық буда, fasciculus longitudinalis dorsalis, өтеді. Ортаңғы ми жамылғысының орталығында қызыл ядро, nucl.ruber, орналасады. Ол ортаңғы мидан аралық мидың артқы бөлігіне дейін өтеді. Қызыл ядро экстрапирамидалық жолдардың маңызды үйлестіруші, әрі реттеуші орталығы болып табылады, ол бұлшықеттердің санаға бағынбайтын жиырылу реттілігін (автоматты қозғалыстарды) және бұлшықеттердің тонусын қамтамасыз етеді . Одан төмендеген қызыл ядро-жұлын жолы, tr. rubrospinalis, басталады. Ол қарама – қарсы жаққа өтіп, жамылғының вентралды қиылысын (Форел қиылысын) түзеді. Бұдан басқа, қызыл ядро мишықпен, үлкен ми қыртысымен, қыртысасты ядроларымен, көзқозғалтқыш нервінің қозғалтқыш және қосымша ядроларымен, шығыршық нервінің қозғалтқыш ядросымен екі жақты байланыста болады. Ортаңғы мидың орталық сұр затында, суқұбырдың астында III және IV жұп бассүйек нервтерінің ядролары орналасқан. Жоғарғы төбешіктер деңгейінде III жұп, көзқозғалтқыш нервтің, n.oculomotorius, екі жұп ядросы: қозғалтқыш ядросыnucleus nervi oculomotorii, және парасимпатикалық ядросы – көзқозғалтқыш нервтің қосымша ядросы, nucleus oculomotorius accessorius, (Якубович ядросы) орналасады. Қозғалтқыш ядродан шығатын нервтер көз алмасының көлденең жолақты бұлшықеттерін (қызметі санаға бағынатын), ал, парасимпатикалық ядродан шығатын нервтер көз алмасының бірыңғай салалы бұлшықеттері (қызметі санаға бағынбайтын) – қарашықты тарылтатын және кірпіктік бұлшықеттерді нервтендіреді. Төменгі төбешіктердің деңгейінде IV жұп, шығыршық нервтің, n. trochlearis, жұп қозғалтқыш ядросы, nucleus nervi trochlearis, жатады. Бұл нерв бассүйек нервтерінің ішіндегі мидың негізінен емес, дорсалды бөлігінен – төменгі төбешіктердің артқы жағынан – шығатын жалғыз нерв. Сонымен қатар, бұл аймақта үшкіл нервтің ортаңғы милық жолының ядросы және торлы құрылым орналасады. Ортаңғы ми жамылғысында, қызыл ядроның латералды жағында жоғарылаған өткізгіш жолдар (медиалды ілмек – есту сезімі, жұлындық ілмек – ауырсыну және температура сезімі және т.б.) өтеді. Сонымен, ортаңғы мидың жамылғысында негізінен жоғарылаған (афферентті) өткізгіш жолдар, ми аяқшасының негізінде тек төмендеген (эфферентті) өткізгіш жолдар өтеді. Көру мен естудің қыртысастылық орталықтары орналасқан және мидың басқа бөліктерімен көптеген нервтік байланыстары бар ортаңғы ми организмде күрделі рефлекстік қызметтерді (көздің, бастың, тұлғаның жарықтық және дыбыстық тітіркендіргіштерге жауабы, бұлшықеттердің жиырылу ретін үйлестіру және т.б.) атқарады

3.2.8.Әкеткіш (УІ) жүйкесінің түзілуі мен ядролары жайында жазыңыз

Әкететін нерв, п. abducens (VI жүп), қимыл нерв: әкететін нервтің ядросы, nucleus п. abducentis, копірдің дорсалді болігінде орналасады. Ядро ромбтэрізді шүңқыр жағынан eminentia medialis-тщ артқы бөлімдері - соііісиlus facialis яймағында, бет нерв ядросынан дорсалді, кішкене ішке проекцияланады. Әкететін нерв ядросын түзетін нерв жасушаларынан тармақталатын талшыктар алға бағытталып, көпір калыңдығына кіреді жэне ми негізіне көшр мен пирамиданын арасындағы жүлгеден шығады. Әкететін нерв алға бағьпталып, мидың қатты кабыгын тесіп отіп, a.carotis internaның латералді перифериясында орналасып, үңгірлі қойнауға кіреді. Нерв койнаудан шығып, козүяның жоғарғы саңылауы аркылы көзүяға кіреді, anulus tendineus-ті тесіп, көзкимыл нервтің астында жатады жэне m.rectus oculi lateralisке барып оны нервтендіреді.

3.3.1.Көру жүйесінің түзілуі мен жолдарын жазыңыз
Көру нерві, п. opticus (II жүп), арнайы сезімтал нерв. Көру нервтің талшыктары коздін торлы қабығындағы ганглионарлык жасушалардан басталып, тамырлы жэне ак кабаттарына өтіп, кору нервтің, п. opticus, көзішкі бөлігін кұрайды. Кору нерві көзұясының майлы дене, corpus adiposum orbitale, калыңдығы аркылы өтіп, жалпы сіңірлі сакина ішімен көру өзегіне (екінші бөлігіне) бағытталады, көзұясынан бассүйек куысына (үшінші бөлігі) барады. Кору нервтің талшыктары сынатәрізді сүйектің sulcus chiasmatis аймағында жартылай киылысып, chiasma орticum, s. chiasma nervorum opticorum түзеді. Кору нерв талшықтарының латералді бөлігі ары карай оз жағымен бағытталады. Кору нерв талшықтарының медиалді бөлігі карама-карсы жакка өтіп, кору нервтің осы жактағы латералді бөлігімен косылып, көру жолын, tractus opticus, түзеді. Сонымен, оң кору жолында екі торлы қабыктың он жартысы, ал солда - сол жартысы талшыктары бар. Әрбір кору жолы ми аяқшаларын латералді жағынан орап өтіп, корудін кыртысасты орталығында: латералді иінді денеде, corpus geniculatum laterale, коз төмпесі жастығында, pulvinar thalami, ортаңғы мидың жоғарғы төмпешіктері ядросында, nuclei colliculi superioris tecti mesencephali, аяқталады. Corpus geniculatum laterale жэне pulvinar thalami жасушаларынан таралған талшыктар ішкі капсуланың арткы аякшасы аркылы ми сыңарларына бағытталып, кору тарамдарын, radiatio optica, күрайды жэне шүйде үлесінің медиалді бетіндегі кыртыста, sulcus calcarinus аймағында аякталады. Ортаңғы мидың жоғарғы төмпешігінен шығатын талшыктар ми аякшасы жамылғысындағы көзкимыл нервтің парасимпатикалық ядросына барады.

3.3.7.Мидың үшінші қарыншасының құрылысы мен қызметі


Үшінші қарынша, ventriculus tertius, эпендимамен қапталған жіңішке ортаңғы саңылау. Үшінші қарынша артынан ортаңғы мидың суқұбырымен, ал алдынан жұп қарыншааралық тесіктер арқылы оң және сол бүйір қарыншалармен байланысады. Үшінші қарыншаның алты қабырғасын ажыратады. Бүйір қабырғалары таламустардың медиалды беттерімен және меншікті гипоталамуспен түзілген. Оларды бір-бірінен таламусастылық жүлге, sulcus hypothalamiscus, бөліп тұрады. Меншікті гипоталамусқа ортаңғы мидың жамылғысы жалғасады. Алдыңғы қабырғасы шекаралық табақша, алдыңғы дәнекер және күмбез бағаналарынан түзілген. Күмбез бағанасы мен таламустың алдыңғы төмпешігінің арасында қарыншааралық тесік (Монрой тесігі), foramen interventriculare, орналасады. Бұл тесік арқылы III қарынша бүйір қарыншаларымен байланысады. Артқы қабырғасы тарылған, жүген дәнекерінен, артқы дәнекерден, оның астындағы ортаңғы мидың суқұбырынан түзіледі. Жоғарыда аталғандай, жүген дәнекері мен артқы (эпиталамустық) дәнекердің аралығында, эпифизге енетін кішкене томпақтық ұңғыл, recessus pinealis, жатады. Үшінші қарыншаның түбін chiasma opticum, tuber cinereum мен infundibulum, corpora mamillaria, substantia perforata posterior, жартылай pedunculi cerebri түзеді. Үшінші қарыншаның түбінде екі ұңғыл: көру қиылысы мен шекаралық табақшаның аралығында – көру ұңғылы, recessus opticus, және құйғышта – құйғыш ұңғылы, recessus infundibuli, Жоғарғы қабырғасы үшінші қарыншаның тамырлы негізімен, tela choroidea ventriculi tertii, түзілген. Тамырлық негіздің құрамына мидың көлденең саңылауы арқылы сүйелді дене мен күмбездің астынан енетін, мидың жұмсақ қабығы және оның астында орналасқан эпителийлік табақша кіреді. Олардың ішінде тамырлы өрім, plexus choroideus ventriculi tertiі, жатады.
3.3.2.Қолқаның құрсақтық бөлігінің висцералды тармақтарын жұп тармағын атаңыз, қанмен қамтамассыз ету аймақтарын түсіндіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет