2. ДӘріс тезистері



бет43/51
Дата30.11.2022
өлшемі127,29 Kb.
#53850
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51
Байланысты:
Дәріс тезистері

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Орыс философиясының кемелденіп, қалыптасқан уақыты XIX ғ соңы мен XX ғ басында болды. Осы кезеңде Ресейде терең мазмұнды өте бай философия қалыптасты. Философиялық әдебиетте бұл философияның негізгі екі бағыты аталады: славянофил және батысшылдар (марксизм) бағыты.
Славянофил бағыты өкілдерінің көзқарасының негізі - православие. И.В. Киреевский, К. Аксаков, В.С. Соловьев, сияқты ойшылдар дін арқылы өмірді өзгертуге болады деп түсінді. Діни өзгеріс қоғамның өмірін өзгертуге қабілетті деп сенді.
Батысшылдық бағытының негізгі өкілдері - В.И. Ленин, Л.Д. Троцкий, Н. Бухарин, А.В. Луначарский болды. Бұл философияның ерекшілігі - оның идеясы жұмысшы табының идеологиясына айналды. Аталған бағыт ақырында жеңіске жетіп, Кеңес заманында қоғамның идеологиялық құралы қызметін атқарды.
Осы кезеңдегі орыс ойының көрнекті өкілі - Л.Н. Толстой ( 1823-1910).
Өзінің шығармаларында ол адамның руханилығы мен адамгершілігі Мәселелерін талдады және бұл мәселені экзистенциалдық мәселе - адам өмірінің мәні контекстінде қарастырды. Бұл мәселелер оның «Испаведь» (тәубе) шығармасында жан-жақты талқыланады. Л. Толстой өзін мазалаған мәселелерге жауап іздеу үшін философияға оралып отырады. Ол адам өмірінің мәнін руханилықпен тығыз байланыстырады.
Орыс халқының көрнекті философтарының бірі - В.С. Соловьев (1853-1900) еді. Ол өзінің шығармаларында бүкіл адамзат тағдыры туралы толғанады. Оның философиясынан болашаққа деген алаңдаушылық, күйзеліс, толғаныс сезіліп тұрады. В. Соловьев моралдық жан-жақты жетілгендіктің үлгісі - Құдай немесе адамгершілік дегеніміз Құдай деп түсінеді. Оның «жалпыбірлік» идеясының негізі - дүниежүзілік шіркеу көмегімен Құдайы адам дәрежесіне жету. Ол үшін маңызды нәрсе - жеке адам, адамзат тағдырымен қатар Ресей мемлекетінің тағдыры болды.
Орыс философиясының келесі көрнекті өкілі - Н.А. Бердяев болды. Ол адамды екі дүниенің тұрғыны ретінде қарастырады: 1) адам табиғаттан жоғары; 2) адам табиғаттың туындысы және табиғатта өмір сүреді, олай болса, ол табиғатқа тәуелді, бірақ адам табиғатқа жаңа сипат беріге қабілетті. Бердяевтің пікішінше Құдай - адам шығармашылығына дем беруші. Ал шығармашылық - адамның жер бетіндегі мақсаты. Құдайдың ісін жер бетінде адам жалғастыру қажет. Сондықтан Құдай адамға шығармашылық қабілет берген. Бірақ шығамалық сәтсіздіктің болуы мүмкін, оны Бердяев эсхатологизм деп атайды, бірақ бұл уақытша құбылыс, себебі Құдай шығармашылықты құтқарады.
Орыс ойшылдардың пайымдауынша, адам өз өмірін моралдық тәртіп арқылы реттеп отыруы қажет. Оның 3 құрамдас бөлігі бар: 1) өзіңнің моралдық жетілмегеңіңді сезіне білу; 2) моралдық жетілгендіктің объективті өмір сүруі; 3) адамның осы жетілгендікке жетуге тырысуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет