Дәрістің қысқаша мазмұны Жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасуы. Антифеодалдық революция. ХҮІІ ғасырдағы ғылыми революция және әлемнің механикалық бейнесінің қалыптасуы: Галилей және Ньютон.
Жаңа заман философиясында ғылымның беделі тез көтерілді, ғылым практиканың қажетті құралына айналды. Ғылымды ең жоғары құндылық деп санау, Жаңа заман философиясының ең басты ерекшілігі. ХVI-ХVП ғасыр философиясында шындыққа механикалық тұрғыдан қарау үстем болды. Ол бірінші кезекте механиканың Жаңа замандағы табиғаттанудың алдығы саласына айналуынан шықты.
Жаңа ғылым материалдық өндірістің тәжірибесіне сүйенді: И.Ньютон механиканың негізгі заңдарын ашты, Кеплер планеталардың қозғалу заңдарын ұсынды, Р.Бойль механиканы химияға қолданды, Т.Торичелли сынап барометрін, ауа сорғышын ойлап тапты, Гилберт магниттың қасиетін зерттеді және т.б.
Өнеркәсіпті және барлық материалдық өндірісті дамыту үшін сауда мен теңізде жузудің қажетін орындау үшін механика, астрономия, физика, анатомия және басқа табиғаттану ғылымдарының білімдерін жинау дамыту керек болды.
Философия мен ғылымды ортағасыр схоластикасында жоқ бағытпен дамытуға кіріскен алғашқы белгілі философ Френсис Бэкон (1561-1626). Ол философияның негізгі мақсаты объективтік шындықты танудың жаңа әдісін жасау деп санады. Новый Органон еңбегінде жаңа әдіс ретінде ол индуктивтік әдісті ұсынады, себебі ол тәжрибе мен эксперименттің негізі саналады. Логикалық қатынаста бұл біздің ойымыздың жеке фактілерді білуден заттардың бүкіл класс туралы білімге жету.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Жаңа заман философиясына тән ерекшелік:
A) Антропоцентризм;
B) Наукоцентризм ;
С) Космоцентризм;
D) Теоцентризм;
E) Гуманизм
2. Эмпиризмнің негізгі қағидасы:
A) Адамның барлық білімі тәжірибеге негізделеді;
B) Ғылымда басты рөлді тәжірибе, эксперимент атқарады ;
С) Таным Құдай ашылу арқылы ғана мүмкін болады;
D) Дүниені принципті түрде танып-білуге болмайды;
E) Дүниені танып-білу екіталай, күдік туғызады.
3. Ойлаудың индуктивтік тәсілінің негізін салушы:
A) Ф.Бэкон;
B) Р.Декарт;
С) Джон Локк;
D) Б.Спиноза;
E) Т.Гоббс.
4. «Білім - күш» деген афоризмнің авторы:
A) Ф.Бэкон;
B) Т.Гоббс;
С) Р.Декарт;
D) Дж.Беркли;
E) Д.Юм.
5. Р.Декарт ойлаудың қай методына сүйенген:
A) Дедуктивтік метод;
B) Схоластикалық ;
С) Индуктивтік метод;
D) Аксиоматикалық;
E) Софистикалық.