2 Дәріс. Тұлғаның мотивациялық сферасы Жоспар: Мотивация туралы түсінік Мотивация теориясы


А.Маслоу бойынша психологиядағы гуманистік теориядағы қажеттіліктер иерархиясы



бет4/5
Дата22.09.2023
өлшемі38,93 Kb.
#109827
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 Дәріс. Тұлғаның мотивациялық сферасы Жоспар Мотивация туралы -emirsaba.org

2.3. А.Маслоу бойынша психологиядағы гуманистік теориядағы қажеттіліктер иерархиясы
Жеке тұлғаны зерттеудің тағы бір бағыты – өркендеу теориясы деп аталады. Бұл теорияны гуманистік психология өкілдері А.Маслоу, К.Роджерс және К.Голдштейн ұсынды. Өркендеу теориясы адамның жетілуге талпынуын, өз мүмкіндігін жүзеге асырылуын белгіледі.
А.Маслоудың мотивацияның тұлғалық теориясы негізінде өз – өзін актуализациялау концепциясы жасалған.Ол осы уақытқа дейін адамның психикасының дамуын зерттеуге жануарларға тәжірибе жасау арқылы қол жеткізуге толықтай қарсы шықты.
Маслоу концепциясы бойынша, әрбір адамда өмірге келген сәттен бастап, белгілі бір қажеттіліктер жүйесі бірге дамып отырады. Олар өзара иерархиялық деңгейлерге бөлініп орналасқан. Қажеттіліктердің деңгейі неғұрлым төмендеген сайын оның адам өмір сүруі үшін маңызы күрделілініп, адам жүріс – тұрысының қозғаушы күші ретіндегі маңызы артады. Осы төменгі деңгейдегі қажеттіліктер өтелген кезде ғана одан жоғары орналасқан қажеттіліктері бой көрсете бастайды.
Психологиядағы гуманистік теориядағы қажеттіліктер иерархиясы жайлы Маслоу адам әрекеттерінің 5 негізгі мотивтер тобын көрсетеді:


  1. Физиологиялық қажеттілік өмір сүру үшін керек. Бұған тамақ, су, баспана, демалу және жыныстық қатынас қажеттіліктер жатады.


  2. Қауіпсіздік, қорғану, және болашаққа сенімділік қажеттіліктеріне қоршаған орта тарапынан болатын физикалық және психологиялық қауіп қатерден қорғану қажеттілігі, болашақта физиологиялық қажеттіліктің қанағаттандырылуы мүмкін.


  3. Әлеуметтік қажеттілік– бұл бір нәрсеге немесе біреулерге қатыстылық сезімі, өзіңді біреулерден құрметтеу сезімі, әлеуметтік қарым-қатынас, құштарлық және сүйемелдеушілік сезімі.


  4. Құрметтеу қажеттілігінеөзін-өзі құрметтеу, жеке басының жетістіктері, біліктілігі, басқа біреулердің оны құрметтеуі, мақұлдауы жатады.


  5. Өзін-өзі көрсету қажеттілігі – өзінің потенциалды мүмкіндігін жеке ьасының өсіп жетілуін жүзеге асыру қажеттілігі.

Бұл теория бойынша ең маңыздысы – өз – өзін актуализациялауға деген қажеттілік. Қажеттіліктердің иерархиялық жүйесі бастапқы мотивацияның өзін – өзі актуализациялауды жүзеге асыруға бағытталған. Өзін – өзі актуализациялау арқылы адамның даралылығының қалыптасуы үшін бастапқы мотивациялық негіз ретінде анықталады. Сонымен бірге, адамда белгілі бір жеке адамдық қасиеттердің жиынтығын дамытуға мүмкіндік беретін мотивацияның ереше типі қалыптасады. Жүріс – тұрыс қажеттіліктер мен қабілеттерге тәуелді және ішкі, сыртқы мотивтер арқылы анықталады. Маслоу эксперименталды теориясын дамытуға белгілі шығармашылық табыстарымен ерекшеленетін тұлғалардың биографиясын оқып, үйреніп, оларға «самоактуализаторлар» деген атау берді. Оларға Спиноза, Линкольн, Эйнштейн, Рузвельт студенттерін бақылап, арасына «өзін-өзі актуалдандыратындарды » жіктеді [5, б. 56-58].


Маслоу мотивтерді қажеттілік және бой түрткілері деп бөледі. Екілері иерархияда жоғарғы жағдайларды негізгі айырмашылық қажеттілік мотивтері мотивациясының төмендеуіне әкеледі, ал бой мотивтері қанағаттануы мотивацияның жоғарылауына әкеледі.
А.Маслоу көзқарасы «қажеттілік иерархиясы» әдістемесі деп аталады. Ол қажеттіліктің қатаң иерархиялық құрылымды орналастыруға болады деп есептеді.
А.Маслоу пирамидасының жалпы құрылымына сыншылар тарапынан түрлі пікірлер айтылады. Оның теориясында қате жақтары болуы, ұсыныстарының бәрі бірдей жүзеге аса бермеуі мүмкін, алайда көптеген ой-пікірлердің айрықша маңызы бар екендігі сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет