2-ДӘріс. ТҰЛҒаның мотивациялық сферасы сәлеметсіздер ме, құрметті оқырмандар! Біздің дәрістің тақырыбы


Вербалды емес коммуникация түрлері, қыскаша сипаттама береміз



бет26/44
Дата04.11.2023
өлшемі0,61 Mb.
#121836
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44
Байланысты:
Дәрістер м одуль

Вербалды емес коммуникация түрлері, қыскаша сипаттама береміз.
1.Кинесика – экспрессивті-мәнерлі қимылдар (дене калпы, кейпі (поза);
2.Мимика, ым-шаралар, адамның жүрісі, олардың физиологиялық және әлеуметтік мәдени шығу тегі жатады;
3.Такесика: тактилді қимылдар (кол беру, арқадан қағу, иықтан қағу, денемен жанасу). Осы денемен жанасу бірнеше формада өтеді: байланыс (контакт) орнатушы, реттеуші, экспрессивті, ритуалды;
4.Экстра-паралингвистикалық вербалды емес комуникация: паралингвистикалыққа жататындар: тілдің, мінез-құлықтың тілдік емес элементтері (дауыстың қаттылығы, тембрі, темпі, кідірістер (пауза, мұнда міндетті түрде эмоция катысады, ашулану, ызғарлану), артикуляцияның анықтығы, дауыс жылдамдығы, жөтелу);
5.Экстралингвистикалық: тілдік емес коммуникация (күлкі, кідірістер, күрсіну, жылау, жөтеле бастау);
6.Проксемика: кеңістіктегі қимылдар (бағдарлану, арақашықтық);
7. Окулистика (окулесика): көз қимылдарын пайдалану, көзбен контакт, көз адамның эмоция мен сезімдерін жаксы береді, сондықтанда адамның мінез-құлқын зейінді бақылап отыру аса қажет, коммуникацияда сізге көптеген ақпараттарды осы вербалды емес коммуникация сигналдары бере алады;
8. Хронемика: вербалды емес коммуникацияда уақытты пайдалану, олар монохронды және полихронды деп бөлінеді, әртүрлі мәдениетте әртүрлі қабылданады;
9.Сенсорика: сезімдік қабылдауға негізделген вербалды емес коммуникация, мысалы түстермен үндесу әр мәдениетте әртүрлі;
10. Коммуникацияда адамның киім кию үлгісі мен сыртқы түрі (шаш қою үлгісі, әшекейлері, косметика) де маңызды рөл атқарады.
Коммункациядағы барьерлер:
1.Логикалық барьер – адамдардың ойлауларында келіспеушіліктер болғанда туындайды. Серіктестер түсіну немесе түсінбеу деңгейінде қарым-қатынасқа түседі.
2.Стилистік барьер – берілген ақпарат сол ақпараттың мазмұнына сәйкес келмеуі, хабарлама дұрыс ұйымдастырылмайды.
3.Семантикалық (мағыналық) барьер – лингвистикалық сөздіктің ақпараттың мағынасына сәйкес келмеуі, әртүрлі мәдениет өкілдері бір-бірін түсіне алмағанда туындайды.
4.Фонетикалық барьер – сөйлеушіінң сөзіндегі кедергілер: дикция, интонация, логикалық екпін жасаулар. Анық және нақты сөйлеп үйрену керек.
ІІ. Коммуникацияның модельдерін қарастыру барысында келесі маңызды жағдайды ескеру керек: коммуникацияға қатысушылар, берілетін хабарлама және оны беру, кері байланыс, медиум және каналдар, орта, шулар (физиологиялық, физикалық, когнитвиті, психоэмоционалды).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет