Егер TARGET атрибуты жазылмай қалса, онда first.html файлы алғашқы сілтеме жазылған
кадрға шығады. Сол себепті TARGET атрибуты HREF ат-рибутында көрсетілген файлды
белгілі бір кадрға орналастыру үшін керек. Осы бір кадрда орналас-қан файлды екінші бір
кадр арқылы басқарып ауыс-тыру тәсілі сайттардың бірінен біріне көшу ісін жү-зеге асыра
алады. Төменгі кестеде TARGET атрибу-тының фреймдер жұмысын басқаратын кейбір тұ-
рақты мәндері көрсетілген. Олар төменгі сызықша-дан басталады, сондықтан басқа
сөздермен шатас-тыра алмаймыз.
_self_Көрсетілген_файлды_сілтеме_жасалған_фреймге_жүктейді__parent'>_blank
Көрсетілген файлды ат қойылмаған
жаңа терезеге жүктейді
_self
Көрсетілген файлды сілтеме жасалған
фреймге жүктейді
_parent
Көрсетілген файлды фреймдерді
ашатын түпкі кадрға жүктейді; егер
ондай кадр анықталмаған болса, онда
оның әсері алдыңғы
_self
қызметімен бірдей болады
_top
Көрсетілген файлды кадрлар құрылымы
біріктірілген толық терезеге жүктейді
Әрбір кадрге ат берілуі тиіс, әйтпесе оған сілтеме жасауға болмайды. Сондықтан ішкі
мазмұны өзгертілетін етіп жоспарланған кадрлардың барлығына нақты ат қойылуы тиіс.
Кадрлар аттары әріптен немесе цифрдан басталуы керек, өйткені жоғарыдағы кестеде
көрсетілген мағынасы алдын ала берілген кадр аттары төменгі сызықшадан басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |