2 емтихан билеті



бет1/2
Дата11.03.2023
өлшемі20,43 Kb.
#73417
  1   2
Байланысты:
2 емтихан билеті


2 емтихан билеті



1.

Психологиядағы ерік туралы түсінік
Адамның қиындықтарды жеңуді талап ететін мақсатты әрекеттер мен қылықтарды жүзеге асыру қабілетінен көрінетін сананың реттегіштік жағы – ерік болып табылады. Ерік адам психикасының оқшауланған қасиеті емес. Сондықтан ол психиканың басқа жақтарымен және ең алдымен таныммен байланысты қарастырылады. Еріктің мазмұны ойлау, қиялдау үстінде пайдаланатын елестер мен ұғымдар. Мінез-құлықтың еріктік реттелуі - мақсатқа жету немесе белсенділіктен бас тарту үшін ақыл-ой және дене күшін саналы түрде бағыттау. Адамның іс-әрекет қылығын реттестіре алу қабілетінің негізінде жүйке жүйсенің өзара ықпалды қозу мен тежелу байланыстары жатыр. Осы принциптерге сай ерік саналы өзіндік басқарумен бірге белсенділік арттыру, немесе ынталанлыру және реттеу қызметтерін де атқарады. Еріксіз әрекеттердің физиологиялық негізі болып табылатын шартсыз байланыстар тізбегі - инстинкт әрекеті ырықсыз орындалады. Психологияның табиғи - ғылыми негіздерін қалаған И.М. Сеченев пен И.П. Павловтың ілімі ерікті әрекеттердің негізі мұндағы материалдық процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары, шартты рефлекстер деп түсіндірген. Павлов ерікті әрекеттердің механизмін жоғары жүйке қызметінің барлық заңдарына бағынатын, шартты ассоциациялық деп анықтаған. Материалистік тұрғыдан алып қарасақ, адамның ерік бостандығы себепті байланыстылыққа, детермннизм принципке бағынатын бостандық. Қиыншылықтарды жеңіп шығуы да - ерік бостандығының бір көрінісі.
Еріктік амал кезеңдері мен ерік сапаларын қалыптастыру. Ерікті әрекеттермен амалдар мәнісі мен құрылымы жағынан өте күрделі процесс. Немесе ерікті амал - бұл мазмұны тұрғысынан өте курделі психологиялық әрекет. Бұл әрекет бірнеше кезеңдерден не сатылардан тұрады. Ерік қимылы адамның даму процесінде біртіндеп жетіліп, қалыптасатын күрделі процесс Адамның еркі алдын ала қойылған мақсатқа сай орындалатын әрекетқылықтардан көрініп отырады. Бірақ жүру, көбейту кестесі келеміндегі ауызша есеп, жақын, туыс адамдармен сөйлесу тағы сол сияқтылар ерікті қажет ететін әрекеттерге жатпайды. Бұл әрекеттер мақсатты, бірақ олардағы ерікті талап ететін сәттер елеусіз. Еріктік әрекеттер мақсаттың және сол сияқты, оларды орындау барысында кездесетін кедергілердің, қиындықтардың болуымен, оларды орылдау кезінде бастан кешетін толғаныстардың болуымен сипатталады.






2.

Темперамент пен мінездің айырмашылығы мен ұқсастығына талдама жасаңыз
Көп жағдайда мінез бен темперамент салыстырылып түсіндіріледі, кейде бірінің орнына бірі қолданылады. Ал іс жүзінде олай болмауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет