. Химиялық өнеркəсіптің шикізаты əртүрлі белгілері бойынша жіктеледі:шығу тегіне байланысты – минералдық, өсімдік, жануартекті; қоры бойынша – сарқылатын (кендер, минералдар, жанғыш пайдалы қазбалар) жəне сарқылмайтын (су, ауа, өсімдік жəне жануартекті); химиялық құрамы бойынша – бейорганикалық (кендер, минералдар) жəне органикалық (мұнай, көмір, табиғи газ); агрегаттық күйі бойынша – қатты, (кендер, минералдар, көмір, сланецтер, торф) сұйық (су, тұздықтар, мұнай) жəне газ тəрізді (ауа, табиғи газ). Сондайақ шикізатты біріншілік (минералдық, өсімдік жəне жануартекті, жанғыш пайдалы қазбалар, су, ауа) жəне екіншілік (өнеркəсіптік жəне 76 тұтынылатын қалдықтар), табиғи жəне жасанды (кокс, химиялық талшық, синтетикалық каучук, синтетикалық бояулар, шайырлар жəне т.б.) деп бөледі.
Бастапқы шикізат ретінде тау жыныстары мен минералдар жиі қолданылады. Олардың құрамында таза күйінде алуға және қолдануға болатын металдар, сондай-ақ қоспалар бар. Өндірісте барлық қоспаларды қолдануға болмайды, олардың кейбіреулері бос жыныс деп аталады.
Химия саласындағы өндіріс үшін негізгі шикізат мұнай және табиғи газ болып табылады. Бұл өткен ғасырдың басынан бері белсенді қолданылып келе жатқан ең тиімді шикізат.
Дәл осы мұнай және табиғи газ негізінде синтетикалық каучук, пластмассалар, жасанды тері мен талшықтар, минералды тыңайтқыштар, жоғары спирттер мен жуғыш заттар өндірісі өсуде. Метан мөлшері жоғары табиғи газ химия өнеркәсібі шикізатының негізгі түрі болып табылады.
Химиялық-технологиялық үдерістерде қолданылатын шикізат: –соңғы өнімге өңдеу сатыларының санын азайту;
–шикізатты химиялық өзгеріске дайындауға жəне үдерісті жүзеге асыруға энергетикалық, материалдық шығындарды аз жұмсау;
–бастапқы энергияның максималды шығынсыз жұмсалуы;
–əрекеттесуші заттардың агрегаттық күйінің өзгеруіне төмен температура, қысым жəне аз энергия жұмсау;
–реакциялық қоспада мақсатты өнімнің концентрациясын арттыру сияқты талаптарды қанағаттандыру керек.