Жасанды талшық табиғи жоғары молекулалық заттардан дайындалған химиялық талшық



Дата11.11.2022
өлшемі342,12 Kb.
#49481
Байланысты:
03.10 тоқу


Матаны тоқыма фабрикаларда иірілген жіптен жасайды. Иірілген жіпті жасау үшін шикізаты талшық болып табылады. Матаның сипаты және сапасы оны жасайтын талшыққа, яғни, шығатын шикізатына байланысты болады.
Тоқыма талшықтары деп тоқыма бұйымдарын жасау үшін жарамды кіші көлдеңен өлшемдерімен және белгілі бір ұзындығымен иілмелі мықты заттарын атайды.
Тоқыма талшықтарын екі класқа бөледі: табиғи және химиялық. Шығу тегіне қарай талшы шығаратын заттың табиғи талшығы үш кіші класқа бөлінеді: өсімдік, жануар және минералды, ал, химиялық талшықтар екі класқа бөлінеді: жасанды және синтетикалық.
Жасанды талшық — табиғи жоғары молекулалық заттардан дайындалған химиялық талшық.
Синтетикалық талшық — синтетикалық жоғары молекулалық заттардан дайындалған химиялық талшық.
Матаны дайындау технологиясы – иіретін фабрикаларға талшықтардың түсуінен дайын болған өнімді қаптауға дейін үш негізгі кезеңдерге бөлуге болады: иіру, тоқу және әрлеу.
Тоқу –матаны дайындау технологиясында бөлек қысқа талшықтардан құрылған ұзын жіпті (иірілген жіп)алу барысы.Ол иірілген жіп істеу машиналарында іске асырылады және бірнеше операцияларынан құралады.
Тоқыма фабрикаларына түскен бумалап нығыздалған талшықтар біріншіден қапсытылған және қалшылдау машиналарында қапсытуға және қалшылдау үшін тартылады. Дәл осында оларды арам қоспалардан тазалайды. Қапсытылған машинадан талшықтар кенеп түрінде шығады, ол бумаға бүктеледі.
Келесі операция – тырнау. Кенеп жіңішке металл инелермен қапталған екі беттер арасынан өткізеді. Тырналға кенеп лентаға айналады.
Ленталы машиналарда лентаны түзейді, ал, тегіс және айналатын машиналарда оны кішкене бұрайды- тегістік пайда болады.Иірілген жіптерге арналған машиналарда тегістікті түпкілікті тартады және бұрайды.Алынған иірілген жіпті собық және бобина түрінде бүктейді.
Иірілген жіпке арналған машиналарды жіп иірушілер қызмет етеді.Ол иіру- тоқу өндірісінің жетекші кәсіптердің бірі. Жіп иіруші орташа алғанда 1000-нан 1400- ге дейін ұршық тартады. Ол тегістіктің және иірілген жіптің жыраларын жояды, жиылысқан тегістіктен катушкалар мен ұршықтарды айырбастайды, сонымен қатар, құрал- жабдықты күту бойынша жұмыстарды атқарады. Ол иірілген жіпке және тегістікке қойылатын талаптарды, олардың қаситтерін иірілген жіптің жыралардың пайда болу себептерін және оларды алдын- алу мен жою жолдарын білуі тиіс.
Мата тоқитын фабрикаларында иірілген жіптен тігін жіптерін, тоқыма бұйымдарын, маталар және тоқыма емес материалдарын дайындайды.
Иірілген жіптен жасалған матаны дайындау технологиясы тоқымашылық деп аталады.
Тоқыма станоктарын тоқымашылар қызмет етеді. Тоқымашы 2-8 механикалық және 48-56 автоматты станоктарын қызмет етеді. Механикалық станоктарында ол келесі негізгі операцияларды өткізеді: бос ілмекті шпульдерді толыққа айырбастайды, негіздің жіптердің жыраларын жояды, шпульдерді айырбастау автоматты түрде орындалады.Тоқымашы ұсынылған матаға , оның кемшіліктерін, оның пайда болу себептерін, алдын алу шараларын және жою жолдарын білуі тиіс.
Оқушылар негізгі операцияларды қарастыра отырып,жібек матаны алу сызбасын құрастырулары керек.
Матаны алу технологиясы жіптерді өрімдеу арқылы жүзеге асырылады: үлестік (жіптердің негіздері) және көлдеңен (ілмек жіптері). Жіптердің негіздері және ілмектің қасиеттері , сонымен қатар, оларды өрімдеудің тәсілдері әр түрлі.
Үлестік жіп (негізі) матаға көлдеңен келеді. Ол мықты, жіңішке және тегіс. Тартқан кезде ұзындығына әсер етпейді.
Көлдеңен жіп (ілмектердің) жуан, қысқа және үлпілдек болып келеді. Тарқан кезде ұзындығы да тартылады.
Мата еніне қарай шетінде жіптерді тығыз өрімдеу жолымен жиек пайда болады, ол матаны себілуінен қорғайды.
Жиектен жиекке қарай ара қашықтықты матаның ені деп атайды.
Челноктың ілмелі жіптің бір – бірімен үлестік жіптердің қиылысу жүйелігінен болашақ матаның қасиетіне байланысты болады.
Матадағы жіптерді өрімдеудің түрлері:
— жай: басты – ең бойлы, саржты, сәтенді, атласты; ұсақ өрнекті– рогожка, репс, күшейтілген саржа, диагоналды, әлдетілген;
құрмалас;қос, түкті, ілмекті, ажурды, пикейлі;
— ірі өрнекті: жаккардты.
Өрімнің раппорты – өрім қайталанылатын жері.
1.Полотнолы өрімдеу –ілмек жібі жіп негізінің үстінен немесе астынан өтуін атайды.
2.Саржты өрімдеу –жіп негізі екі жіптің астынан өтіп, келесі қатарда бір жіпке жылжылатын өрімді атайды.Сыртқы жағында сол жақтан оң жаққа немесе керісінше оң жақтан сол жаққа жоғарыдан төменге қарай диагоналды жолдарды құрайды. Саржты өрімдеу жақсы ерекшелігі – «кесуші». Матаның жоғарғы бетінде рельефті диагоналдар пайда болады. 3.Атласты өрімдеу –жіп негіздері бірнеше ілмек жіптерінен өтеді. Маталар жоғарғы беттерінде ұзындатылған асырулардан құралған – сондықтан сыртқы жағы тегіс және жылтыр, ал ішкі жағы күңгірт. Негіздерден көп мөлшердегі жіптерден және раппорттағы ілмектен ерекшелінеді. Атласты өрімдеу кезінде жіп негіздері ілмек негіздердің бірнеші жіптері арқылы өтеді.
4.Сәтенді өрімдеу –ілмек жібі бірнеше жіп негіздері астынан өтеді.Ондай өрімдер матаға тегістікті береді.









Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет